Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тісті тырмалар

Технологиялық операциялар, процестер және жүйелер | Сына мен топырақтың өзара әсері | Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері | Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту | СОҚАЛАР | Соқа корпусы | Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер |


Читайте также:
  1. Дискілі тырмалар
  2. Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау

 

Бұл тырмалардың жұмыс органдары екі қырлы сына тәрізді тіс, алдыңғы қырмен топырақты жарып, ал көлденең қабырғаларымен топырақты ашып, жаныштап және олардың бөлшектерін араластырып, үлкен кесектерді уақтайды.

Бір тіске түсетін қысымға сәйкес тырмаларды ауыр, орташа және жеңіл деп бөледі. Ауыр тырмада бір тіске түсетін қысым 20...30 Н, орташада 10...20 Н, жеңілде 5...10 Н.

Тырмалар тістері конструкциясына қарай түзу (22 а,ә,б,в,г сурет), табан тәріздес және иілген S тәріздес болады. Тістерді кесіндісіне қарай шаршы а (22 сурет), дөңгелек ә, доғал б және тік бұрышты г, ғ кесінділі деп бөледі.

Тісті тырма тік бұрышты 2 және науа тәріздес 1 қалақшалардан, олардың қиылысында бекітілген тістерден 3 құралады (22 а сурет). Тістер рамада әрбіреуі өз қарығын жүргізетін болып орналасады. Қарықтың ара қашықтығын тырма түріне байланысты 22...49 см дейін өзгереді. Тырмаға өсімдік қалдықтары мен топырақ кесектері тұрып қалмауы үшін көрші тістер ара қашықтығы 15 см-ден кем болмауы керек.

Тырмаларды тракторға СГ-21, С-18 және басқа тіркемелер арқылы агрегаттайды. Ауыр БЗТС-1,0 тырмасы (22 а сурет) үлкен кесектерді ұсатуға және жайылым мен шабындықты жыртқандағы қыртыстарды қопсытуда қолданылады.

Орташа БЗСС-1,0 тырмасы аңыздық бетін қопсытып тегістеуге, арам шөптерді құртуға, кесектерді ұсатуға, тыңайтқыштарды сіңіруге, астық және техникалық дақылдар себілген егістікті тырмалауға арналған.

Жеңіл үш буынды тырмалар ЗБП-0,6 және ЗОР-0,7 егістікті тырмалауға, топырақ бетінің қабыршығын бұзуға, тұқым мен тыңайтқыштар сіңіруге және егістік бетін тегістеуге қолданылады.

Тор көзді БСО-4 тырмасы (22 ә сурет) топырақтың жоғарғы қабатын қопсытуға, арамшөптерді құртуға және картоп отырғызылған жалдарды тырмалауға арналған.

22 сурет – Тырмалар

Тырма секциясы рамаға 2 шынжырмен 13 бекітілген тордан 12 тұрады. Тордың буындары дөңгелек кесінділі болат шыбықтардан құралды. Болат шыбықтар ұшталған тіс болып аяқталады. Бұл тырманың жұмыс органдары тегіс емес топырақ бетіне жақсы икемделген.

Шлейф-тырма ШБ-2,5, (22 б сурет) көктемде ылғал жабуға және сүдігер жыртқанда жалдары тегістеуде пайдаланады. Вагаға 16 шынжырмен екі буын бекітілген. Әр буынға жал кесетін пышақ 17, топырақ қопсытатын тырнауыш 18 және топырақ бетін тегістеуге арналған шынжырмен 13 қосылған болат бұрыштамалардан құралған шлейфтен 14 тұрады. Өңдеу тереңдігін пышақтың көлбеулік бұрышын рычагпен 15 өзгерту арқылы реттейді.

Ротациялық кетпен күздік егістік топырақты көктемде қопсытуда және егу алдында топырақ өңдеуде қолданылады. Кетпеннің жұмыс органы иілген инелі дискілер (22 ә сурет). Бірнеше дискілер ортақ кіндікке орнатылып батарея құрайды. Дискілер топырақпен ілінісіп айналады да, 1 шаршы метр жерде 150 шаншу жасайды, сонда топырақ қабыршығы бұзылады. Егістікті өңдегенде мәдени өсімдіктерді аз зақымдау үшін дискілерді (диск К бағытында айналады). Топырақты үдемелі қопсыту және арамшөптерді жақсы құрту үшін дискілерді 1800 бұрып салады (диск М бағытында айналады). Балласт массасын өзгерту арқылы өңдеу тереңдігін 9см дейін өзгертеді.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 1089 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті| Дискілі тырмалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)