Читайте также:
|
|
Тісті тырманың орнықты жұмыс істеуі тістің ұзындығына байланысты, тіс неғұрлым ұзын болса, тырманы өңдеу біркелкілігі төмендейді. Керісінше, тіс қысқа болса, рама жерге жақын орналасып, оған өсімдік қалдықтары тығылып қалады. Тәжірибе жолымен тістің ұзындығы келесі қатынаспен анықталады
(21)
мұнда а – тырмалау тереңдігі, мм.
Тістің үшкірлеу ұзындығы
(22)
Тісті тырма рамасына орналастырылуда келесі шарттарды ескеру қажет:
1. Әрбір тіс жеке қарықша жүргізуі қажет.
2. Қарықшалардың тырма алым ені бойнша өзара қашықтығы бірдей болуы керек.
3. Көрші қарықшалар жүргізетін тістер арақашықтығы оларға өсімдік қалдықтарының кептеліп қалмауын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Тырманың орнықты қозғалуы үшін тарту күшінің бағыты оның ауырлық орталығының ізімен өтіп түзумен 18-200 құруы қажет.
Бір секциясының алым ені В қатараралық ені S және бір секциядағы тістер санына n сәйкес анықталады:
(23)
Тырма ұзындығы немесе тістердің шеткі қатарларының ара қашықтығы:
(24)
мұндағы h – көлденеңдік қарықшалар ара қашықтығы;
h1=h +(100÷150), мм;
n – тістер саны.
Тістің деформациялау аймағы келесі формуладан анықталады:
(25 сурет)
(25)
мұнда - топырақтағы жанама көрнеулер бағытының арасындағы
бұрыш, = 40...500
25 сурет - Көлденең–тік жазықтығындағы топырақтың тіспен
деформациялау аймағы.
Өңделмеген жалдар биіктігі:
(26)
Тырманы тарту күші оның салмағына, тістер санына және топырақ кедергісіне тәуелді. Практикалық мақсатта тарту күшін келесі қатынастан анықтайды.
(27)
Мұнда k – бір тістің кедергісі, Н
Жеңіл тырмаларда k = (9,8÷14,7)Н, орташаларда k = (21,5÷24,5)Н, ал ауыр тырмаларда k = (39,2÷49,0)Н болады.
Жаңа тырмаларды жобалағанда оның салмағын келесі өрнектен табуға болады:
(28)
мұнда α – тарту күші бағыты мен көлденең жазықтық арасындағы бұрыш.
26 сурет – Тырмаға әсер ететін күштер.
26 суретте тырмаға әсер ететін күштер көрсетілген. Суреттен:
(29)
Егер l0=lT (мұнда lT тістің жұмыс ұзындығы) алсақ, онда қолданылып жүрген тырмалар үшін α =14÷17°.
Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 273 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дискілі тырмалар | | | СЫДЫРА ЖЫРТҚЫШТАР |