Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сыдыра жыртҚыштар

Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту | СОҚАЛАР | Соқа корпусы | Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер | В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті | Тісті тырмалар | Дискілі тырмалар |


Сыдыра жырту деп топырақ бетін аз тереңдікке өңдеуді айтады. Оны топырақты қопсыту, өсімдік қалдықтары мен зиянкестердің және арамшөптердің тұқымдарын топыраққа сіңіру үшін жүргізіледі.

Сыдыра жыртуда дискілік және түрендік сыдыра жыртқыштар қолданылады. Дискілік сыдыра жыртқыштың жұмыс органы диаметрі 450мм сфералық дискілер, ал түрендікі – алым ені 25см қайырмалы корпус.

Дискілі сыдыра жыртқыштарының шабуыл бұрышы 30 -350 болады, сонда олар жер қыртысын жақсы кесіп қопсытады. Сыдыра жыртқыштардың жұмыс сапасына дискілердің қайралуы өте үлкен әсер етеді.

Дискілі сыдыра жыртқыштармен астық дақылдары өскен және тамырсабақты арамшөптер көп тараған танаптарды өңдейді. Жүгері және күнбағыс өсірілген және тамырөркенді арамшөптер көп жайылған танаптарды түренді сыдыра жыртқыштармен өңдейді.

Дискілі сыдыра жыртқышпен топырақты 4-10см тереңдікте, ал түрендімен 6-12см тереңдікте өңдейді. Өңдеу тереңдігінің ауытқуы +2см аспауы керек.

а-жалпы көрінісі,

ә - реттелетін төмендеткіш, б – батареялар көтеру механизмі.

27 сурет - Дикілі ЛДГ-5А сыдыра жыртқышы

 

Тіркемелі дискілі ЛДГ-5А сыдыра жыртқышы рамадан 6 (28 сурет), дискілік батареялары бекітілген брустардан 2 және оларды көтеру механизмінен тұрады. Секция рамкадан 12 және батареядан 13 құралады. Батарея 15 сыдыра жыртқыштың ортасына келетін танап жолағын өңдеу үшін солға қарай жылжытылған.

Брустар 2 рамаға тартқыштар 3,8 арқылы топсалы бекітіліп, екі өздігінен бағытталатын доңғалақтарға орнатылған. Тартқыштардың 3,8 ұзындығын өзгерту арқылы дискілердің шабуыл бұрышын 30...350 өзгертуге болады. ЛДГ-5А тырма орнына қолдағанда шабуыл бұрышын 15...250 дейін кішірейтіледі.

Батареялар рамкасын төмендеткіштер тесіктеріне алмастырып бекітуге болады. Егер рамканы сырғаның 19 төменгі тесігіне бекітсе, дискілер топыраққа тереңдейді. Төмендеткіштің болтын 18 бұрай отырып, рамканың құлақшасын көтеруге немесе түсіруге болады. Төмендеткішті батареяның барлық дискілерінің бір тереңдікке қоюға пайдаланады.

Сыдыра жыртқышты МТЗ-80 және Т-40 тракторларымен агрегаттайды. ЛДГ-10А, ЛДГ-15А және ЛДГ-20 дискілік сыдыра жыртқыштарының құрылысы ЛДГ-5А сыдыра жыртқышының құрылысына ұқсас.

Жоғарыда айтылған сыдыра жыртқыштар дискілерін көтеріп түсіру үшін секцияны гидравликалық көтеру механизмімен жабдықталған (27б сурет). Әрбір секция рамкамен 12 төмендеткіштің 11 сырғасына екі нүктеде топсалы бекітіліп және екі штанга 21 арқылы рычагтарға 22 асылады, ал рычагтар секцияның түтігіне 14 бекітілген.

Өңдеу тереңдігін гидроцилиндр штогының жүрісін және серіппелердің 25 қысылуын өзгерту арқылы реттейді. Сонымен қатар механикалық құрамы ауыр топырақта өңдеу тереңдігін дискілер шабуыл бұрышын өзгертумен және балласт қоюмен реттейді.

Жартылай аспалы түренді ППЛ-10-25 соқа – сыдыра жыртқыш тамыр сабақты және тамыр өркенді арамшөптер кең тараған танапты 12 см-ге дейін топырақты дән себер алдында және сүр жерді өңдеуге меншікті кедергісі 6 Н/ см2 топырақты 16-18см тереңдікте жыртуға арналған. Соқа – сыдыра жыртқышты тарту күші 3 класты тракторлармен сүйретеді.

Сыдыра жыртқыштың рамасы өзара топсалы бекітілген екі секциядан тұрады, алдыңғы 2 тіркеме құралымен 16 және артқы секция 5 (28 сурет). Рамада алым ені 25см жартылай винттік он корпус бекітілген. Алдыңғы секцияға екі жүріс доңғалақты 3 иінді кіндік 4 орнатылған. Жұмыс жағдайында оң жүріс доңғалақ өңделген танап бетінен жоғары, ал сол доңғалақ рама центріне тірек болады. Алдыңғы және артқы секциялар жұмыс барысында тірек доңғалақтарымен қозғалады.

1-корпус, 2 және 5 – рама секциялары, 3 және 17 доңғалақтар, 4-кіндік, 6 – штанга, 7 және 12 өңдеу тереңдігін реттеуіш, 8 –штурвал, 9 –жүктегіш, 10 – кронштейн, 11- тартқыш, 13 – рычаг, 14 – гидроцилиндр, 15-тізгін, 16 –тіркеме құрылғы.

28 сурет - Түренді соқа-сыдыра жыртқыш ППЛ-10-25.

 

Доңғалақтардың осылай орналасуы сыдыра жыртқыштың жер бедеріне жақсы икемделуіне, біркелкі өңдеу тереңдігін және тұрақты корпус алымын қамтамасыз етеді. Өңдеу тереңдігін 3 және 17 доңғалақтарды түсіріп-көтеру арқылы реттейді. Жүріс доңғалақтарының 3 жағдайын штурвалды 8 бұраумен өзгертеді.

Гидроцилиндр 14 корпусы бос жүріс тізгініне топсалы, ал штогы екіиінді рычагқа 13 бекітілген. Рычагтың төменгі иіні тартқыш 11 арқылы кронштейнге 10 қосылған, ал кронштейн кіндікке 4 орнатылған. Артқы секцияны көтеруге көтерілу механизмімен байланысқан штанга 6 арналған. Артқы секцияны бөліп алып, алдыңғыны жеке құрал ретінде пайдалануға болады.


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 1558 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау| Дискілік жұмыс органдарының негізгі геометриялық және орнатылу параметрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)