Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дискілі тырмалар

Сына мен топырақтың өзара әсері | Сынаның жұмыс қырына орнату бұрышының оның жұмысына әсері | Жазық бетті сынаның қисық бетке дамыту | СОҚАЛАР | Соқа корпусы | Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер | В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті |


Читайте также:
  1. Дискілік жұмыс органдарының негізгі геометриялық және орнатылу параметрлері
  2. Тісті тырмалар
  3. Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау

 

Дискілі тырмалар егістік, бақшалық және ауыр болып бөлінеді. Егістік тырмалар сүдігер өңдеуге, шымдалған қыртыстарды жыртқаннан соң қопсытуға, аңыздық-сыдыруға және аз шымдалған шабындықты тырмалауға пайдаланылады. Бақшалық тырмалар бау-бақшада қатар аралықтарды өңдеуге арналған. Өңдеу тереңдігі 10 см-ге дейін жетеді. Ауыр тырмалардың тың және тыңайтылған жерді жыртқандағы шымдалған қыртыстарды өңдеуге, батпақталған топырақты дискілеуге, жайылым мен шабындықтарды тырмалауға, тыңайтқыш пен өсімдік қалдықтарын сіңіруге пайдаланады. Өңдеу тереңдігі 20см дейін жетеді.

Жеңіл дискілік тырманың жұмыс органы – диаметрі 450 немесе 510мм (23б сурет) сфералық қайралған болат диск.

 

23 сурет - БДН-3 дискілік тырмасы.

 

Ауыр дискілік тырмада диаметрі 600мм ойық дискілер орнатылған (23и сурет), олар топыраққа жақсы тереңдейді және өсімдік қалдықтарын жақсы ұсатады.

Шаршы кіндікке орнатылған бірнеше дискілер 6 (23ә сурет) батарея құрайды. Кіндікте дискілер арасында керме шпулькалар қойылады. Кіндік күпшікке 11 орнатылғандықтан батарея қозғалыс кезінде айналады. Батареяларды рамаға екі қатар қозғалыс бағытынан бұрып орнатады. Алдыңғы батареялар топырақты айқарып, ал артқыларды қаусырып тастайды. Топырақты жақсы ұстау үшін артқы батареялардың дискілері алдыңғы батареялардың дискілерінен жылжытылған. Дискінің айналу жазықтығы мен құрал қозғалыс бағытының арасындағы бұрыш α шабуыл бұрышы деп аталады. Бұл бұрышты 00 –тан 210 –қа дейін өзгертуге болады. Құрғақ және қатты топырақты өңдегенде шабуыл бұрышын үлкейтеді, ал ылғалды және жеңіл топырақта кішірейтеді.

Тырма қозғалғанда дискілер топырақпен ілінісіп айналады. Дискінің кескіш жүзі топырақ жолағын кесіп, өзінің сфералық ішкі бетіне көшіреді. Сосын топырақ осы бетпен құлайды, ал диск көлденең жаққа ығысады. Топырақ дискі бойына көтеріліп құлау нәтижесінде ұсақталады, бөлшектері аударылады және араластырылады. Шабуыл бұрышы α үлкейген сайын дискілер топыраққа тереңдеу кіреді, оны ұсату жақсарады. Өңдеу тереңдігін шабуыл бұрышын және балласт массасын өзгерту арқылы реттейді.

Тісті тырмалармен салыстырғанда дискілік тырмаларға өсімдік қалдықтары тығылып қалмайды, ол жіңішке тамырларды кеседі, ал жуан тамырлар үстінен аударылып өтіп кетеді. Тасты топырақта жұмыс істеуге дискілер жарамсыз, жүздері сынып қалады. Аспалы БДН-3 дискілік тырмасы (23 сурет) дискілер саны өзгермелі төрт батареядан тұрады. Тырманың алым ені 3 немесе 2м. Бірінші жағдайда үш батареяға тоғыз дискі, ал артқы батареяға он диск орнатылады. Қосымша диск алдыңғы батареялардың ішкі дискілері өңделмеген топырақ жолағын қопсытады. Екінші жағдайда үш батареяға алты дискі, ал төртіншіге жеті диск қойылады.

Кронштейндерді 8 брус 4 бойынша қозғап, оны мұрындықтармен 9 бекіту арқылы келесі шабуыл бұрыштарын қоюға болады, 120, 150, 180 және 210. Тырманы алым ені – 2м қамтамасыз ету үшін бүйірлік батареяларды көлденең брус бойынша қозғап жақындатады және оларға аз дискілі батареяларды тіркейді.

Өңдеу тереңдігін шабыл бұрышы мен массасын өзгерту арқылы реттейді.

 

24 сурет – Ауыр дискілі тырмалар

 

Тіркемелі БД-10 тырмасы төрт секциядан, жал кескіштен, өздігінен орнықталатын доңғалақтардан және гидрожүйеден тұрады. Секциялар рамаларының топсалы бекітуі олардың топырақ рельефіне икемделуіне қолайлы болады. Жұмыс органдарының секцияларының шабуыл бұрышын 120, 150, 180 және 210 қоюға болады. БД-10 тырмасы Т-150К және К-701 тракторларымен агрегатталады.

Ауыр БДТ-3 тіркемелі тырмасын тарту класы 3 тракторларымен сүйретеді. Рамаға 4 (24а сурет) кронштейн арқылы төрт батарея 11 бекітіледі. Батарея дөңгелек білікке кигізілген диаметрі 660мм ойық сфералық дискілерден құралады. Алдыңғы және артқы оң батареяларда жеті дискі, артқы сол батареяда сегіз диск орнатылған. Қосымша диск алдыңғы батареялардың арасында өңделмей қалған жерді сыдыруға арналған. Дискілер қалақшалы тазалағышпен 10 тазаланады.

Алдыңғы және артқы батареяларының дискілерінің өңдеу тереңдігінің біркелкілігін раманы тегістеу механизмі арқылы реттейді. Онымен қосылған рычаг 5 тіркеме құралының 1 реттеуіш винтімен 2 байланысқан, ал тартпа 6 иінді біліктің 8 жұдырықшасына 9 байланысады. Винтті 2 айналдырғанда, рычаг 5 тартпа 6 мен жұдырықша арқылы тіректі доңғалақты 3 иінді білікті айналдырады.

Тырманың алым ені 3м, өнімділігі 1,75 га/сағ, жұмыс жылдамдығы 8...10 км/сағ, өңдеу тереңдігі 20 см-ге дейін.

Ауыр БДТ-7 және БДТ-10 тырмалары шымдалған қыртысты, жүгері, күнбағыс және т.б. жуан сабақты дақылдар өсірілген танапты өңдеуге арналған, алым ені 7 және 10м. БДТ-10 тырмасы қатар инелі дискілерден тұратын құрылғымен жабдықталған. БДТ-7 және БДТ-10 тырмалары өзара топсалы қосылған жеке секциялардан тұрады. Орта секция екі доңғалаққа орнатылған. Секциялардың топсалы қосылуы танап рельефіне икемделуге қолайлы.

Танап бетін жақсы тегістеу керек болса, топсаны гидроцилиндрлер арқылы бекітіп тастайды. Тасымалдағанда көлденең өлшемін азайту үшін БДТ-7 тырмасының бүйірлік секцияларын гидроцилиндрмен көтереді, ал БДТ-10 тырмасында артына қайырып транспорттық жағдайда бекітеді.

Дискілердің шабыл бұрышы 9...240, өңдеу тереңдігі 20 см-ге дейін. Тырмаларды Т-150, Т-150к және К-701 тракторларымен агрегаттайды.

Бақшалық тырмаларға БДСТ-2,5, БДС-3,5 және БДН-1,3а жатады. Олардың егістік тырмалардан айырмашылығы аспа механизмінің конструкциясының ерекшеліктері.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 1361 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тісті тырмалар| Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)