Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаппай өңдейтін культиваторлар

Соқа корпусы | Соқа корпусының жұмыс бөліктері | Соқалар конструкцияларына шолу | Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер | В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті | Тісті тырмалар | Дискілі тырмалар | Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау | СЫДЫРА ЖЫРТҚЫШТАР |


Читайте также:
  1. Отамалы культиваторлар

 

Культиваторлармен топырақты жаппай өңдеуді алдыңғы өңдеуге көлденең бағытта 9-12 км/сағ жылдамдықпен жүргізу керек.

Культиватордың жұмыс органдары – жебе тәрізді және қопсытқыш табандар. Әмбебап жебе тәрізді табанның найза тәрізді наральнигі (32 а сурет) қатты тірекке 2 бекітілген. Табан жүзі көлденең жазықтықпен 23...300 құрайды, ашылуы бұрышы 60...650, алым ені 270 және 330мм. Әмбебап табандар топырақты жақсы қопсытып, арамшөптерді толық кеседі. Оларды топырақты 12см тереңдікке дейін өңдеуде қолданылады.

Қашау тәрізді наральникті қопсытқыш табандарда (32 в,г,ғ және е сурет) ашылуы бұрышы 60...700 тең екі кескіш жүзі бар. Наральниктер серіппелі қатты тіректерге бекітілген. Екі ұшты наральниктерді бір ұш тозса, 1800 бұрып орнатады.

Серіппелі тіректерге орнатылған алым ені 20...50мм табандар топырақты 16см тереңдікке дейін өңдеуге, тамырөркенді арамшөптердің тамырын жұлуға және жоғары ылғалды топырақты культивациялауға қолданылады (32 в, г сурет).

Доға тәрізді орнатылған табандар тассыз топырақты жерлерді өңдеуде қолданылады (32 в сурет). Тасты топырақты S- тәрізді тіректе орнатылған табандармен өңдейді (32 г сурет).

КПС-4 культиваторы 12 км/сағ жылдамдықпен сүрлік жерді жаппай өңдеуде, топырақты тұқым себер алдында қопсытып, арамшөптерді кесіп және тырмалауда қолданылады. Алым ені 4м, өңдеу тереңдігі 5.... 12см.

 

а -әмбебап табан; ә -табанның тік жазықтықтағы жағдайының варианттары; б –және д – жұмыс органдарды орналастыру; в, г және ғ - қопсытқыш табандар; 3 - КПС–4-04 культиваторы; 1, 12 және 15– наральниктер; 2, 11 және 14 – тіректер; 3 – болттар; 4, 10 – ұстағыштар; 5 – штанга; 6 – серіппе; 7 – тиек; 8 – грядиль; 9 – табан; 13 – серіппелік; 16, 24 – серіппелі штанга; 17 – гидроцилиндр; 18 – тіркеме; 19 – сақина; 20 – тіреніш; 21 – тереңдік реттегіш; 22 – рама; 23 – бұрыштама; 25 – доңғалақ; 26 – жұмыс органы; 27 – төмендеткіш; 28 – құрылғы; 29 – серіппелі тырма.

 

32 сурет – КПС-4 культиваторы

 

Культиваторлардың негізгі жанастыру бірліктері (32 е сурет): дәнекерленген рама 22, тіркеме 18, жұмыс органдарының өңдеу тереңдігін реттейтін винттік механизмді 21 тірек доңғалақтар 25, табандар 26 бекітілген грядилдер 8, тырма 29 бекітетін аспа қондырғы 28 және гидроцилиндр 17. Культиватор әртүрлі модификацияда шығады: КПС-4 тіркемелі, КПС-4-02 аспалы әмбебап, жебе тәрізді табанды, КПС-4-01 тіркемелі және КПС-4-03 аспалы доға тіректе орнатылған қопсытқыш табанды, КПС-4-04 тіркемелі және КПС4-05 аспалы – тәрізді тірекке орнатылған қопсытқыш табанды.

Табан тіректері рамаға топсалы бекітілген грядильдерге орнатылған. Жебе тәрізді табандар екі қатарға шахмат тәртібімен орналыстырған (32 д сурет). Арамшөп аз тараған аңыздықты өңдегенде алдыңғы қатарға қысқа грядильдерге алым ені 270мм табандарды, ал артқы қатарға ұзын грядильдерге алым ені 330мм табандар орнату керек. Арамшөптердің тамырын толық кесу үшін табандардың кесу жүздері әр жағында алдыңғы табандарының жүзін 40....50мм жауып тұруы қажет. Арамшөп көп жайылған аңыздықты өңдеуде қысқа және ұзын грядильдерде алым ені 330мм табандарды орнатады.

Қопсытқыш табандарды көлденең үш қатарға орналыстырады (32 д сурет). Қысқа грядильдерде бір, ал ұзын грядильдерге қосталған ұстағыш арқылы екі табан бекітіледі. Көрші қарықтар ара қашықтығы 167мм. Өңдеу тереңдігін реттегіштің 21 винтімен тірек доңгалағының рамаға орналасу жағдайын өзгерту арқылы қояды.

Жебе тәрізді табанның грядильге 8 (32 а сурет) болт пен ұстағыш 4 арқылы бекітеді. Болтты 3 бұрғанда тірек ұстағыш бойымен қозғалып, табанның көлденең жазықтыққа көлбеулігін өзгертеді. Жеңіл топырақты және таяз өңдеуде табанның кесу жүздері алаңның тегіс бетіне толық тиіп тұруы керек (32ә сурет). Ауыр топырақты және терең өңдеуде табан тұмсығы алға 2...30 еңкейіп орнатылуы қажет. Алға көп еңкейтілген табан (32 ә II сурет) алдына топырақ жинайды, ал шалқайтылған табан (32 д III сурет) топыраққа нашар тереңдейді.

Жұмыс органдарды орналастыру, оларды реттеу және берілген өңдеу тереңдігіне қою жұмыстарын тегіс алаңда өткізіледі. Культиваторларды жұмыс жағдайына келтіріп, оның доңғалақтарының астына қалыңдығы өңдеу тереңдігінен 2...4см-ден кем кесектер қояды (доңғалақтардың топыраққа ену тереңдігін ескерту). Реттегіштің винтін 21 (32 е сурет) бұрау арқылы табандар алаң бетіне тигенше раманы түсіреді. Сонда рама көлденең жағдайда, ал басқыш штангалардың 24 қалпақшалары бұрыштамаларға 23 тіреліп тұруы қажет.

 

а –КШУ -12; ә - КШП-8, 1,4 – гидроцилиндр; 2,18-тіректер; 3- тіркеме; 5,12,20-доңғалақтар; 6,19-өңдеу тереңдігін реттегіш; 7,17-рамалар; 8-әмбебап табан; 9 – табан; 10,15 – шеткі секциялар; 11,14-орта секциялар; 13-бас секция; 16-тегістегіш брус; 21 – серіппелі басқыш штанга; 22 – S тәрізді серіппелі тіс; 23 – шабықты каток.

 

33 сурет - Кең алымды секциялық культиваторлар

 

Егер қалпақшалар бұрыштамадан жоғары немесе табандар тірек бетке тимей тұрса, болттарды 3 босатып (32 а сурет) табан тірегін ұстағыш 4 бойымен жоғарғы немесе төмен қозғайды Арамшөбі көп және топырағы қатты жерлерді өңдеуде серіппенің 6 қысымын тіректің 7 орнын өзгерту арқылы реттейді. Барлық штангаларда серіппе қысымы біркелкі болуы керек, ал тракторлар доңғалағы ізімен жүретін табандар штангасында серіппе қысымен көбейтеді.

КШУ-6 және КШУ–12 культиваторларының атқаратын жұмысы КПС – 4 ұқсас.

КШУ-12 культиваторы бас 13 (33 а сурет), екі орта 11,14 және екі шеткі 10,5 секциялардан тұрады, олар бір-бірімен топсалы бекітіледі. Секциялар жұмыс жағдайында бір жазықтықта орналасады. Бас секция қосарланған доңғалақтарда 12, ал шеткілер бір доңғалақтарда 5 орналасқан. Алыс қашықтықта тасымалдандағанда орта және шеткі секциялар бас секциядан бұрылып тік жағдайда бекітіледі. Секцияларға алым ені 330мм әмбебап табандарды немесе серіппелі бекітілген қопсытқыш табандар, серіппелі тырма 9 немесе шыбықты каток орналыстырады. Барлық табандардың өңдеу тереңдігін реттегіштің 6 винтін бұрау арқылы, ал жеке табандарды тіректерін ұстағышта жылжытуымен реттейді. КШУ – 12 культиваторының алым ені – 12м, ал КШУ – 6 – 6м.

КШП – 8 және КПЗ-9,7 культиваторының топырақты тұқым себер алдында 6…12см тереңдікке дейін қопсытуға, топырақ бетін тегістеуге және пар өңдеуде қолданылады.

Бұл культиваторлар секциялы, жиналмалы, төрт қатарға орналастырылған S – тәрізді тірекке бекітілген қопсытқыш табандармен 22, тегістегіш бруспен 16, шыбықты катоктармен 23 немесе тісті тырмалармен 9 жабдықталған (33 ә сурет). Ылғалды және ауыр топырақта тісті тырмалар, ал жеңіл топырақта катоктар қолданылады. КШП-8 культиваторының алым ені – 8 м, ал КПЗ-9,7 – 9,7м.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 1163 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дискілік жұмыс органдарының негізгі геометриялық және орнатылу параметрлері| Отамалы культиваторлар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)