Читайте также:
|
|
Windows операциялық жүйесінің тұжырымдамасы. Windows-тің объектілі бағытталған платформасы. Файл, бума және жарлық – файлдық жүйелер объектісі. Қосымша және құжат – пайдаланушы деңгейіндегі объектілер. Пайдаланушы графиктік интерфейсі. Мәліметтер алмасуды ұйымдастыру. OLE объектілерін енгізу және байланыстыру технологиясы.
Windows-тың тарихы 1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1.0 шыққаннан басталады. Оның құрамында операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды. Сол кезде қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне қарағанда Windows-та графикалық интерфейс қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға емес, терезе деп аталатын экранның ішкі аймағына шығарылды. Сол кездегі 8086 процессоры бар компьютерлерде операциялық жүйе жөнді жұмыс жасаған жоқ.
Windows 95-тің жаңалығының бірі компьютердің қосымша құрылғыларының бір-бірімен конфликтісіз жұмыс жасауы үшін оларды автоматты түрде баптау мүмкіндігі пайда болды. Бұл технология Plug end Play деп аталды. Жүйенің тағы бір ерекшелігі Интернетпен ешқандай қосымша программаларсыз жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Windows 95 – тің интерфейсі Windows типті жүйлердің бәрінің негізі боды. 1996 жылы өзгертілген Windows NT 4.0 версиясы шықты. Мұның интерфейсі Windows 95 жүйесінің интерфейсіне ұқсас болды.
Windows дамуының келесі кезеңі Windows 2000 және Windows Me (Millennium Edition – редактор тысячелетия) шығуы болды. Windows 2000 жүйесі Windows NT жүйесінің негізінде жазылды.
Біртіндеп Windows жүйелерінің арасындағы айырмашылық жойылып, 2001 жылы Windows XP пайда болды. Ол Windows NT мен Windows 2000-ның қауіпсіздік жүйесі мен сенімділігін Windows Me-нің қолайлылығын біріктірді. Сондықтан да бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті, сонымен бірге ол үйренуге қарапайым болды, әрі жеке үйдегі қолданушыларға арналған көптеген құралдар пайда болды.
Windows объектілі-бағытталған платформасы
Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады. Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
• Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
• Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі.
• Хабар беру – әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
• Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;
• Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
• Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.
Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады. Онды жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер (немесе шартбелгілер) түрінде орналасқан
Негізгі басқару элементіне — м ә с е л е л е р т а қ т а с ы жатады. Мәселелер тақтасы үш қызмет атқарады, олар:
1) онда П у с к негізгі батырмасы орналасады, ол кез келген программаларды және құжаттарды жылдам іске қосуға, файлдарды іздеуге, анықтамаға қатынауға және т. б. мүмкіндіктерді береді;
2) кез келген программа, құжат, қаптама ашылғанда мәселелер тақтасында сәйкес батырма пайда болады. Қажетті батырмаға басу сәйкес объектіні активтендіреді, бірінен біріне жылдам көшуді жүзеге асырады;
3) сондай-ақ, мәселелер тақтасында әр түрлі индикаторларды (уақыт, тіл, дата, т. с. с.) бақылап отыруға болады.
Интерфейстің ең негізгі элементі – терезе. Терезе – белгілі бір объектіге (программа, құжат, қаптама) графикалық бөлінген экранның белгілі бір бөлігі. Терезелерді негізгі екі түрге жіктеуге болады:
1) ерікті терезелер;
2) бекітілген терезелер.
Ерікті терезелер – қолданбалар терезелері, олардың көпшілігі тағы да ішкі терезелерді (мысалы, құжаттар терезелерін) қамтуы мүмкін. Еркін терезелердің бірнеше көрсетім типтері болады:
- пиктограмма түрінде;
- қалыпты түрде (экранның белгілі бір бөлігін алады);
- толықэкранды түр (бүкіл экран бетін алады).
Бекітілген терезелер - өлшемдерін, кейде орнын да өзгертпейтін терезелер. Бекітілген терезелерге – диалог, хабарлама, қасиеттер беттері терезелері жатады.
Диалог терезелері – компьютердің пайдаланушымен әрекеттесуін жеңілдететін арнайы терезелер. Пайдаланушыға арналған ақпараттарды бейнелейді және одан жауап күтеді, ол үшін арнайы басқару элементтері қолданылады.
Хабарлама терезелері – диалог терезелерінің арнайы түрі, жүйеге кірістіріліп орналасады және программалармен беріледі (ескерту, анықтамалық ақпарат берутерезелері, т. с. с.).
Қасиеттер беттері – бұл бірнеше қыстырмалы диалог терезелері, бір диалог терезесінде көптеген опцияларды беруге мүмкіндік туғызады. әрбір бетке өту сәйкес қыстырманы түрту арқылы жүзеге асырылады.
Диалог терезелерінде кездесетін негізгі стандартты басқару элементтері:
1) статикалық мәтін – пайдаланушымен өзгертілмейтін мәтін жолы;
2) редакциялау терезесі – мәтін енгізуге және редакциялауға мүмкіндік беретін өріс;
3) батырма – командаларды шақыру, орындау үшін қолданылатын элементтер;
4) таңдау батырмалары – топтарға біріктірілген элементтер, олардың тек қана біреуі таңдалуы мүмкін;
5) ауыстырып қосқыштар – қосылған /қосылмаған (опциялар жалаушалары) жағдайларында болуы мүмкін батырмалар. Олардың кез келген санын қосуға болады;
6) тізім терезесі – құрамындағы бір немесе бірнеше пунктерді тышқанмен таңдауға мүмкіндік беретін тізім.
7) аралас терезе – редакциялау терезесімен біріккен тізім. Тізім батырмасына түрту немесе редакциялау терезесінде теру арқылы қажетті параметр мәнін орнатуға мүмкіндік береді;
8) сызықтық реттегіш – диапазоннан мән орнатуға мүмкіндік береді;
9) инкрементті реттегіш – түрту арқылы өсу немесе кему бағытында диапазоннан мән орнатуға мүмкіндік береді;
10) сызықтық индикатор – экранда түстік жолақты толтыру арқылы орындалудағы үрдістің күйін бейнелейді.
Стандартты терезелердің негізгі элементтері. Мұндай негізгі элементтерге келесілер жатады:
- терезе тақырыбы;
- меню жолы;
- инструменттер (аспаптар) тақтасы;
- терезе шекарасы;
- шиырма сызғыштар;
- жұмыс аумағы;
- жүйелік меню батырмасы;
- басқару батырмалары (үлкейту, жималау, жабу);
- қалып-күй жолы.
Олардың атқаратын қызметтерімен танысуды тәжірибелік сабақтар құзырына қалдырамыз.
Интерфейстің келесі негізгі элементі – меню және меню жүйесі.
Меню – пайдаланушы таңдап алуға ұсынылатын және экран бетіне шығарылатын, осы сәтте орындала алатын іс — әрекеттер тізімі. Олар — команда атаулары, жауап нұсқалары, т. б. Windows меню жүйесін келесі меню түрлері құрайды:
- горизанталь меню (объектілер стандартты терезелерінің меню жолында орналасатын меню бөлімдерінің тізімінен тұрады);
- вертикаль (суырмалы) меню (белгілі бір қасиеттеріне байланысты топтастырылған іс-әрекеттер тізімі, меню пунктін таңдағанда шығады);
- контексті меню (белгіленген ағымдағы объектінің командалар жиынынан тұратын меню, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылады);
- жүйелік немесе терезелік меню (Windows жүйесінің стандартты терезелері арқылы орындалатын терезе көлемін өзгертіп, оны үлкейтіп-кішірейтетін негізгі іс — әрекеттердің тізімі, ол тақырып жолының сол жақ шетінде орналасады);
- Бас меню (Пуск батырмасында орналасқан, ол программалар мен файлдарды жылдам іске қосу, іздеу, анықтама алу, т.б. командалардан тұрады).
Windows қоршамында басқару. Басқаруды екі құрылғының көмегімен - манипулятор “тышқан” және пернетақта орындайды. Көптеген іс-әрекеттер, әсіресе маман емес пайдаланушылармен манипулятор “тышқан” арқылы орындалады. Тышқан арнайы төсем бетімен жылжығанда экран бетінде активті басқару элементі – тышқан нұсқағышы қозғалады.
Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:
• объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
• объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.
Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады. Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады. Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек. Файл аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін параметрлер:
• Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;
• Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;
• Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;
• Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;
• Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;
Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:
• Файлды ашу;
• Файлды сақтау;
• Файлды қиып...
Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады. Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
• Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
• Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі.
• Хабар беру – әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
• Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;
• Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
• Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.
Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:
• объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
• объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.
Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.
Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады. Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек. Файл аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін параметрлер:
• Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;
• Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;
• Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;
• Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;
• Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;
Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:
• Файлды ашу;
• Файлды сақтау;
• Файлды қиып алу;
• Файлды көшіру;
• Дискіден файлды өшіру;
• Файлдың атын өзгерту;
• Файл үшін жарлық құру;
Бума Windows-та құжаттарды сақтауға арналған кәдімгі бума ролін атқарады және құжаттарды сақтауды тәртіпке келтіреді. Бума – объектілерді сақтау қоймасы. Бумаға ат беріледі және ол файл аты сияқты ережелер бойынша жазылады. Бумалар мен файлдарға қолданған әрекеттердің тізбегін қолдануға болады: буманы құру, өшіру, атын өзгерту, көшіру, буманы басқа орынға жылжыту, буманы ашу және жабу.
Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын сілтеме. Жарлық арқылы құжаттар мен программаларды тез іске қосуға болады. Windows-те бумалардың бағынышты құрылымы иерархиялық құрылымды құрайды. Жоғары деңгейде Рабочий стол деп аталатын объект орналасады. Екінші деңгейде Рабочий стол-да орналасатын объектілер болады. Стандартты түрдегі мұндай объектілерге Мой компьютер, Мои документы, Корзина және т.б. бумалар жатады. Басқа объектілер иерархия бойынша осы бумалардың ішінде болады.
Белгіше (Icon) – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экрандағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әp белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгішелер кездеседі:
· қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;
· белгілі бір топтар белгішесі;
· функциялар белгішесі.
Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар және т.б.) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың (каталогтың) өзі орналастырылған болса, онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал, егер де сіз жұмыс столынан Shortcut белгішесін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.
Бума (folder) экранда каталогтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, программалық топ - жеке программаларға арналған, контейнер, т.с.с. Әрине, мұндай контейнерлер әр объект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалға, жою, көшіру және т.б.).
Windows-те қолданбалы программалар қосымша деп аталады, мысалы: Paint графикалық редакторы, Проводник программасы, дискілермен жұмыс жасау үшін қажетті жұмыс программалары, антивирустік программалар және т.б. қосымшалар болып саналады.
Қосымшалар бір немесе бірнеше файлдардан тұрады және өзіне тән аты бар бумаларда сақталады. Мысалы, ойын-қосымшасы бір файлда, Word текстік процессор қосымшасы өзара байланысқан файлдар кешенінен тұрады. Бұл файлдар арасында жүктеу файлы деп аталатын басты файл болу керек.
Қосымшалар ішінде құрылған объектілер: мәтіндер, кестелер, суреттер, дыбыстар және т.б. болуы мүмкін. Windows ортасында мұндай объектілер құжаттар деп аталады.
Интерфейс – құрылғылар, программалар және адам арасындағы байланысты ұйымдастыратын жабдықтар мен ережелер тізбегі. Дербес компьютер мен қолданушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын интерфейс қолданушы интерфейсі деп аталады.
Графикалық қолданушы интерфейсі – адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін қолданылатын графикалық жабдықтар. Графикалық қолданушы интерфейсінің мысалы бұл Windows интерфейсі.
Қолданушының графикалық интерфейсінің негізі – бұл ұйымдастырылған және жақсы ойлап табылған терезелер жүйесі. Терезе – экранда монитордың шектелген төртбұрышты көлемі, онда қосымша (қосымша терезесі), құжат (құжат терезесі), мәлімет (мәлімет терезесі) бейнеленеді. Сол сияқты жүйе параметрлерін көрсету үшін жұмыс жасайтын сұхбат терезелері болады.
Екінші графикалық объектіге тышқан көрсеткіші жатады. Экранның көлеміне байланысты тышқан көрсеткішінің түрі өзгеріп отырады: меню көлемінде бір түр, текстті енгізу көлемінде екінші бір түр, суреттер көлемінде үшінші бір түр және т.б. Ол, сонымен қатар, жүйе тәртібін көрсетеді: бос емес немесе бос.
Өзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipboard) ретінде пайдаланылады. Буфер (дәнекер жад) әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін, бір-біріне ауысытырп отыру үшін пайдаланылады. Алмастырылатын мәліметтер ретінде мәтін үзінділері (фрагменттер), сурет, кесте және т.б. объектілер алынуы мүмкін.
«Point-and-Click» (көрсету және шерту) принциптері. Бұл принцип бойынша графикалық технологияларды көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады:
«Select» (ерекшелеу, белгілеу) принципі. Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында біге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен (мәтіннің белгілі бір бөлігімен, суретпен, кестелермен) әр түрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай іс-әрекеттерден тұрады:
· фрагментті көшіру, тасымалдау, жою, олардың қаріптерін, мөлшерін өзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп қараңғылау т.б. Мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады: ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек (яғни құжаттың қай бөлігін өңдейтінімізді программаға хабарлау), ал сонан соң нақты команданы орындау (мысалы, фрагментті жою немесе оның қаріпін өзгерту). Оның түріне немесе программа талабына сай фрагментті әр түрлі тәсілдермен белгілейді. Мысалы, мәтін бөлігін (смволды, сөзді, жолды, абзацты, т.б.) тышқанның көмегімен немесе арнайы перне (Shift) және бағыттауыш тілсызық символдар арқылы белгіленіп алуға болады. Графиктік түрдегі фрагменттерді белгілеуде, әдетте сол бөлікке сілтемені алып барып, тышқанды шертуді қолданады.
Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда фрагменттен тыс жерде (ал кейде фрагменттің өзінде де) тышқанды жай шерту жеткілікті - мұның нәтижесінде белгілеу әрекеті алынып тасталынады, яғни орындалмайды.
Жұмыс істеуді жаңадан үйреніп жүргендер ешбір объектіні белгілеместен команда орындауға тырысады. Мұндай істің нәтижесі қандай болмақ? Кейде бұл команда орындаусыз қалады (мысалы, буферге белгіленбеген фрагментті алуға болмайды); кейде команда ескерілмей, еленбей де қалады (мысалы, қаріпті өзгертуде); кейде команда үнсіз келісім бойынша орындалып та (мысалы, абзацты форматтауда) кетеді. Сондықтан, осындай қателерден аулақ болу үшін, фрагментті алдын ала белгілеп алуды ешқашанда естен шығармау керек!
«Drag-&-Drop» принципі (тасымалдау және барған орнында қалдыру). Бұл әдіспен өңделініп жатқан құжаттың белгіленген үзігін, белгішені (пиктограмманы), терезені басқа орынға ауыстыруға немесе олардың көшіресін алуға болады.
Мысалы, егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға ауыстыруға болады. Батырманы босатқан мезетте сурет қиығы жаңа орынға бекітіледі. Егер оны ауыстыру барысында Ctrl пернесін басып тұратын болсақ, онда жаңа орынға сол сурет фргаменттің көшірмесі орналасады (көшіріледі). Осындай жолмен үнемі көшіру мен орнын ауыстыру амалдарын қатар қолдануға тура келеді. Мысалы, көп элементтері ұқсас болып келген күрделі схеманың суретін салу үшін оның бір элементін сызып алып (айталық, тіктөртбұрыш), сонан соң «Drag-and-Drop» режимінде оның санын көбейте отырып, көшірмесін алуға болады. Ақырында осы әдіспен тасымалдау режимінде экрандағы элементтердің шеттерін тегістеп түзетуге болады.
Windows жүйесінде «Drag-and-Drop» әдісімен келесі операцияларды орындау жиі жүргізіледі:
· үлкейтілмеген терезелер мен белгішелердің (пиктограммаларды) орнын ауыстыру. Көп жағдайларда, тышқанның сол жақ батырмасымен бірге Ctrl пернесін бассақ, онда программалық элементтерді бір топтан екінші топқа көшіруге болады;
· графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагменттің жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін алу. Әдетте, мұндай фрагмент рөлін көбіне басқа графиктік файлдан мәтіндік құжатқа қойылуға тиіс бейне суреттер атқарады;
· Word редакторында мәтіндік информацияның белгіленген фрагментін басқа жерге ауыстыру немесе оның көшірмесін алу;
· суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру және көшірмелерін алу;
· мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ, сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және төменгі кішкене ұшбұрыштарын тасымалдау арқылы тағайындау;
· дайын белгішелер (пиктограммалар) жиынынан әрбір адам өзі қолданатын құрал-саймандар тақтасын құрастыру.
Қазіргі жүйелерде «Drag-and-Drop» әдісін программалаушылар да жиі пайдаланылады, олар әртүрлі объектілер жиынынан өздерінің программаларын балалар кубиктерінен сурет бейнелер жинаған тәрізді құрастырады.
WYSIWYG принципі (не көрсеңіз, соны аласыз). Экранда мәтіндік құжатты баспаға дайындау кезіндегі символдары бейнесі басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады. Бірақ мұнда көңіл аударарлық сәттер де жоқ емес. Windows жүйесі символдарды экранда бейнелегенде олардың шеттерін нықтап анық етіп көрсетеді, ал қағазда таңбалар бейнесі дәл экрандағыдай болмай қалуы да мүмкін. Бұларды бірдей етіп көрсету үшін арнаулы операциялар қолданылады, олар туралы мәтін редакторларын оқу кезінде айтылады.
OLE технологиясы - объектілерді байланыстыра отырып кірістіру (Object Linking and Embedding - OLE). Бұл программаларды кірістірудегі (интеграциялаудағы) ең басты құрал болып табылады. Ол бір программада өңделген объектіні (мысалға, Paint графикалық редакторында) басқа программалардың құжаттары арасына (мысалы, Word редакторына) енгізіп, оны негізгі, яғни бастапқы программа құралдарымен редакциялауға мүмкіндік береді.
Объектілерді ендіру және байланыстыру технологиясы (Технология связывания и внедрения объектов; object linking and embedding (OLE) — Microsoft фирмасы жасаған қолданбалы программалар арасында объектілер алмасу технологиясы. OLE технологиясы бойынша құрамалы құжатпен байланысқан объектілер сол құжат құрамында сақталмай, ондағы сілтеме арқылы ғана түпнұсқадағы объектімен байланысып тұрады. Егер байланыстағы объект өзгертілсе, құжаттағы оның бейнесі де өзгереді. Құжаттағы сілтемені пайдалану объект орналасқан негізгі программаны іске қосады. OLE технологиясы мәтін, графика, дыбыс және т.б. объектілермен жабдықталған құрамалы құжаттар жасауға мүмкіндік береді.
OLE 2.0 (Object Linking and Embedding – объектілерді байланыстыру және ендіру) – қосымша бағдарламалардың интеграциясының ережелерін сипаттайтын стандарт. Басқа қосымшалардың мүмкіндіктерін қолдану үшін қажет. OLE 2.0 берілген технологияны қолдайтын бірнеше қосымшалар арқылы объектілерді анықтау және бірігіп қолдану үшін қолданылады. Мысалға, Access ортасында Excel кестесін және оның диаграмма құру немесе Access-пен дайындалған деректерді қолдану сияқты қуатты құралдарын пайдануды, Word мәтіндік редакторында құрылған есеп берулерді жатқызуға болады (объектіні байланыстыру және қосу). OLE Automation (OLE-ні аутоматтандыру) – бағдарламалық жолмен қасиеттерді орнатуға және басқа қосымшаның объектілеріне арналған командаларды беруге мүмкіндік беретін OLE компоненті. Бағдарламадан шығусыз-ақ немесе басқа терезеге көшпей-ақ қажетті қосымшаның мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік береді. Басқа қолданбалы бағдарламаларға өзінің объектілерін қолдануға мүмкіндік беретін қосымша OLE-сервер деп аталады. OLE-серверлерінің объектілерін басқара алатын қосымша OLE-контроллер немесе OLE клиент деп аталады. Қарастырылған бағдарламалық құралдардың ішінен OLE сервер ретінде Microsoft Access-ті алуға болады. Microsoft Excel, Word және Graph... Microsoft Visual FoxPro 3.0 және 5.0 тек OLE клиент түрінде ғана бола алады.
Тіркемелер де деректерді тиімдірек сақтайды. Access бағдарламасының бұрынғы нұсқалары суреттер мен құжаттарды сақтау үшін OLE деп аталатын технологияны қолданған. Әдепкіде, OLE технологиясы суреттің немесе құжаттың нүктелік кескінін жасайды. Сол нүктелік кескін файлдары үлкен болуы мүмкін, яғни бастапқы файлдан 10 есеге дейін үлкен болуы мүмкін. Дерекқордан сурет немесе құжатты қарағанда, OLE технологиясы бастапқы файлды емес, нүктелік кескінді көрсетеді. Тіркемелерді қолдану арқылы басты бағдарламаларда құжаттарды және басқа сурет емес файлдарды ашасыз, сонда Access бағдарламасының ішінде сол файлдарды іздеуге және өңдеуге болады.
Сонымен бірге, OLE технологиясы жұмыс істеу үшін OLE серверлері деп аталатын бағдарламаны қажет етеді. Мысалы, егер Access дерекқорында JPEG пішіміндегі сурет файлдарын сақтасаңыз, сол дерекқорды іске қосатын әр компьютер JPEG суреттеріне арналған OLE сервері ретінде тіркелетін басқа бағдарламаларды қажет етеді. Керісінше, Office Access 2007 бағдарламасы ешбір қолдау көрсетілетін суреттерді бұрынғы пішімдерде тіркелген файлдарды сақтайды, сондықтан дерекқордан суреттерді қарап шығу үшін қосымша бағдарламалық құралды орнатудың қажеті жоқ.
DDE технологиясы - объектілерді динамикалық түрде байланыстыру. Объектілерді басқа құжат не программалық қолданбаға енгізе отырып, негізімен байланыстырудың ең қуатты түрі, мұнда объектіні бастапқы программада түзетсек, ол түзету онымен DDE технологиясы арқылы байланысқан екінші программада да автоматты түрде жүзеге асады.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 459 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Олданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру және оның даму тенденциялары | | | Дәріс 7. Сервистік бағдарламалық жабдықтау. |