Читайте также:
|
|
Дәріс мақсаты: Ақпараттық экономиканың қалыптасу тенденцияларын түсіндіру.
Дәріс жоспары: 1. Ақпараттық-экономикалық зерттеулер мен таным теориясы
2. Ақпараттық-экономикалық зерттеулер мен диалектиканың маңызды категориялары.
3. Ақпараттық-экономикалық зерттеулер және саяси үнемдеу (экономика негіздері).
Ақпараттық методология, ақпараттық диалектика және ақпараттық үйлесімділіктегі ақпараттық-экономикалық зерттеулер таным теориясын (немесе гносеология) тереңдетіп, ұлғайтады. Осыған байланысты экономика саласындағы гносеология, аксиология, антропология және праксиологиямен бірлесе отырып, экономикалық зерттеулердің сапалы жаңа деңгейіне жоғарылайды.
Қазіргі кезде экономикада қарқынды түрде тұрмыстық үрдістерді күрделендіру, сонымен қатар кодтау және декодтау жылдамдығы дамып жатыр. Ақпараттық өндіріс материалдық өндіріс, рухани өндіріс, адам өндірісінің ақпараттық бірлігіне айналды. Осыған байланысты ақпараттық тұрғыдан, адам суперсубтанционалдық ақпарат болып танылады.
Қазіргі таным теория құрылымында ақпараттық-экономикалық зерттеулер суперсубстанциялы ақпарат негізінде ақпараттың жаңа қасиеттерін ашу арқылы жүзеге асады. Суперсубстанционалды ақпарат түріне түрлі деңгейлік, түрлі құрылымдық, әр түрлі ақпарат жатады. Түрлі деңгейдегі ақпарат барша, жалпы, ерекше және бірлі-жарым ақпараттан тұрады. Түрлі құрылымдық ақпаратқа: ресурстық (факторлық), апостериорлық, априорлық, кіріс, шығыс, аралық, алғашқы, көрсеткіштік (қорытынды), семантикалық, шартты-тұрақты, шартты-өзгермелі т.б. жатқызуға болады. Әр түрлі ақпаратқа материалды, идеалдық, абсолюттік, салыстырмалы, объективті субъективті, 1-ші реттегі табиғи (космостық, ноосфералық), 2-ші реттегі табиғи (саналы, адам ойымен құрылатын және құрылған), жасанды (жасанды интеллект-электрондық мимен құрылатын және құрылған), ғылыми, реттемелі, бақылаушы, басқарушы, зерттеушілік, саралаушы, бағдарлаушы, есепке алатын, құжаттамалық, документті, жабық, асырмарлы, графикалық, толық, уақытында жүзеге асатын, анық, жедел, стратегиялық, жеке, қоғамдық, көзбе-көз т.б. жатады. Әр түрлі ақпаратқа генетикалық, биологиялық, техникалық, технологиялық, өндірістік, физиологиялық, мұрагерлік, әлеуметтік, коммерциялық, қаржылық, этникалық, экономикалық, тәрбиелік, саяси, халықаралық, мемлекеттік, мәдени т.б. ақпарат түрлері жатады. Сондықтан, қазіргі таңда адам тек тұтынушы күш ретінде ғана емес, ақпараттық-тұтынушылық күш жұмыс күші ретінде, сонымен қатар рухани-зияткерлік күш өндіріс күші ретінде емес, нақты жалпы алғанда ақпараттық-өндіріс күші ретінде танылады.
Адам қоғамдық мән ретінде әлеуметтік-экономикалық қатынастардың үздіксіз шеңберінде болады және бұл қатынастарды өзіне енгізеді. ХХI ғасырдың басында осындай қатынастардың негізінде меншіктің түрлі зияткерлік формалары болған. Сол кезде адам ақапарттық экономиканың сыншыл қоры ретінде танылады, сонымен қатар адамдар арасындағы ақпараттық қатынасы қоғамдық өндіріс көрсеткіш жайымен орталық категория – инонға айналады. ИНОН АҚПАРАТТЫҚ-АУЫСЫМДЫ ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ пәні ретінде танылады. Дегенмен, инонақпараттық экономиканың күрделі әлеуметтік-экономикалық және рухани-адамгершілік қатынастарды білдіреді. Қазіргі кезде ақпараттық экономика – барлық адамзатқа тарихи үндеу болып табылады. Капиталдың индустриалды тауар-ақша қатынасына бірегей байланыс түзіледі және инонның постиндустриалды ақпараттық-тауар электронды-тауар электронды-ақша қатынасына айналып, жүзеге асады.
Адам өзінің дамуы барысында затты (еңбек құралы, тасымал құралы), энергияны (жел мен судың, жылу, электр және атом энергиясымен), ақпаратты (тіл, кітап, телеграф, телефон, радио, теледидар) игеру кезеңдерін өтті. Ақпараттық қоғамда негізгі ресурс болып ақпарат табылады. Ақпараттық ресурс – адамзаттың ойлары және оларды іске асыру бойынша нұсқаулар (кітап, мақала, диссертация, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-құрастыру жұмыстары, техникалық аудармалар т.б.). Ақпараттық технология (бұдан әрі АТ немесе Т) – ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату үшін қоғам пайдаланатын әдістер, құралдар мен өндірістік процесстер жиынтығы. БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның берген анықтамасы бойынша, ақпараттық технология – ақпаратты өңдеумен және сақтаумен айналысатын адамдар еңбегін тиімді ұйымдастыру әдістерін зерттейтін өзара байланысты ғылыми, технологиялық, инженерлік пәндердің кешені; өндірістік жабдық пен адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру тәсілі мен есептеуіш техника, олардың тәжірибелік қосымшалары, және осымен байланысты әлеуметтік, экономикалық және мәдени мәселелер. Ақпараттық технология түрлері Мәліметтерді өңдейтін АТ Бұл ақпараттық технологиялар мәліметтерді өңдеу бойынша барлық алгоритмдері мен стандартты істері анықталған жақсы құрылған міндеттерді шешуге арналған.
Басқару еңбегінде күнделікті қайталанатын операцияларды автоматтандыру үшін қоланылады, яғни персоналдың атқарушы деңгейінде енгізіледі. Мысалы, фирма жүргізетін операциялар жайында мәліметтерді өңдеу, фирма қызметі туралы кезекті есептер жасау (басшылыққа, қызметкерлерге және сыртқы әріптестерге арналған), ағымдық сұрау бойынша жауап алу және оларды қағаз құжаты күйінде рәсімдеу. Технологияны қолданудағы ерекшелігі: фирмаға мәліметтерді өңдеу бойынша қажетті міндеттерді атқару; тек жақсы құрылған міндеттерді шешу мүмкіндігі, оларға алгоритм құра алатындай; өңдеудің стандартты қызметін атқару; адамның минималды қатысуымен негізгі қызмет көлемін автоматты түрде орындау; бөлшектелген (егжей-тегжейлі) мәліметті қолдану; оқиғалардың хронологиясына көңіл бөлу; мәселелерді шешу барысында басқа деңгейдегі мамандар жағынан минималды көмек талап етуі. Басқарушылық АТ Мақсаты шешім қабылдауға қатысы бар фирма қызметкерлерінің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Бұл АТ фирма басқаруының әр түрлі деңгейдегі қызметкерлердің ақпаратты сәйкестендіру қажеттілігін қанағаттандыруға ыңғайлы. Олармен жеткізілетін ақпарат фирманың өткен, қазіргі және мүмкін болашақ жағдайы туралы мәліметтерден тұрады, жүйелі түрде немесе арнайы басқарушылық есеп күйінде жүргізіледі. Яғни, кіретін ақпарат атқарушы деңгейден алынып, шығатын ақпарат шешім қабылдауға ыңғайлы түрде басқарушылық есептер күйінде қалыптасады. Басқарушылық АТ әр түрлі есеп жасауға бағытталған: жүйелі түрдегі есеп белгілі бір уақыт бойынша жасалады, мысалы компанияның сату көлемінің айлық талдауы; арнайы есеп басқарушылардың сұрауы бойынша немесе компанияда жоспарланбаған іс болған жағдайда құрылады. Оның өзі келесі түрлерде болады: жиынтық есепте мәліметтер жеке топтарға біріктіріліп, іріктелген және жеке жол бойынша ағымдық және соңғы нәтиже түрінде көрсетіледі; салыстырмалы есепте әр түрлі көздерден алынған немесе әр түрлі белгі бойынша жіктелген және салыстыру мақсатында пайдаланатын мәліметтер көрсетіледі; төтенше есепте ерекше (төтенше) сипаттағы мәліметтер көрсетіледі. Шешім қабылдауды қолдаудың АТ-ның тиімділігі мен икемділігі негізінен шешім қабылдауды қолдау жүйесінің интерфейсы сипатына тәуелді. Интерфейс мыналарды анықтайды: тұтынушы тілін; дисплей экранында диалог құратын компьютердің хабарлау тілін; тұтынушы білімін. Тұтынушы тілі дегеніміз – тұтынушы (қолданушы) жүйеге қатысты клавиатура, электрондық қарындаш, тышқан, дауыстық бұйрық арқылы атқаратын іс-әрекеттер.
Тілдің қарапайым түрі кіретін және шығатын құжатар формасын жасау болып табылады. Қолданушы кіретін форманы алып, оны қажетті мәліметтермен толтырып, компьютерге енгізеді. Ал шешім қабылдауды қолдау жүйесі керекті талдау жүргізіп, қабылданған форма бойынша нәтижесін шығарады. Хабарлау тілі – тұтынушы экранда көретін белгілер, графиктер, түс, принтерде алынған мәліметтер, дыбыстық сигналдар және т.б. Қазіргі кезде диалогтың (сұхбат) сұрақ-жауап түрі (режим), бұйрықтық түрі, мәзірлік (меню) түрі сияқты формалары кең таралған. Тұтынушы білімі – жүйемен жұмыс істеу барысында тұтынушы білуге міндетті істер. Оған тұтынушының іс-қимылдар жоспарымен қатар компьютер беретін оқулықтар, нұсқаулар, анықтамалық мәліметтер жатады. Осы үш құраушының дамуының сәттілігіне байланысты интерфейс те шыңдала береді. Интерфейс келесі қасиеттерге ие болу керек: сұхбаттың әр түрлі формаларына икемделу, оларды шешім қабылдау барысында тұтынушы таңдауына байланысты өзгерте алу; жүйеге мәліметтерді әр түрлі тәсілмен жеткізе алу; әр түрлі көлемде жүйенің әр түрлі құрылғыларынан мәлімет алу; тұтынушы білімін икемді қолдау (сұрау бойынша көмек көрсету, кеңес беру). Эксперттік (сарапшы) жүйе АТсы. Бұл жүйе маманға кез келген мәселе бойынша кеңес алу мүмкіндігін туғызады. Эксперттік жүйенің қолданудың негізгі мағынасы эксперттен оның білімін алып, компьютер жадысына енгізе отырып, қажет уақытта пайдалану болып табылады. Эксперттік жүйеде және шешім қабылдауды қолдау жүйелерінде қолданатын АТ-ның ұқсастығы – екеуі де шешімді қабылдауды қолдаудың ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Бірақ олардың үш негізгі айырмашылығы бар: Шешім қабылдауды қолдаудың жүйесінде мәселені шешу оның тұтунышымен қабылдап-түсінуінің деңгейін көрсетеді және шешімді алу мен мағынасын түсіну мүмкіндігін көрсетеді. Ал эксперттік жүйе технологиясы, керісінше, тұтынушыға оның мүмкіндігінен асатын шешім қабылдауды ұсынады. Эксперттік жүйе шешім алу барысында өзінің пайымдауларын түсіндіре алу қасиетіне ие. Көп жағдайда тұтынушыға шешімнің өзінен көрі осы пайымдаулардың маңызы жоғары болады. Эксперттік жүйе АТсы жаңа құраушы – білімді қолданады.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 295 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кіріспе дәріс | | | Дәріс №3 Ақпараттық экономиканың заңдары. Ақпараттық қызметтердің негізгі категориялары. |