Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім! | Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы | Шығармашылық жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Оқулықпен жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев | Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз! |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  4. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  5. Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау
  6. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға Отан, туған жер, ел сөздерінің мағынасы зор, қасиетті екенін дәріптеу. Салтанатты, қуанышты музыкалық орындалу ерекшелігін түсіндіру.

2. Музыканың эсерлі мазмұны мен сипаты арқылы достыққа, ынтымақтастыққа баулу.

3. Патриотизмге тәрбиелеу, туған жерге сүйіспеншілігін арттыру.

Жаңа тақырып. «Егемен ел - еркіндік жыры». Отан, туған ел туралы өлең оқылады.

Өлеңнің мазмұнына байланысты әдемі суреттер тақтаға ілініп қойылады.

- Сен қай елде тұрасың?

- Сен қай ұлттың өкілісің?

- Сен қай қалада тұрасың?

- Сенің ата - әжең қайда тұрады?

Сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастырып, балалардың шығармашылығына жол ашамыз. Әр оқушының ойын тыңдап, бағалаймыз.

Отан - сенің елің, ата-анаң, ата - әжең, досың, туысың, т.б. бірге тұратын, өмір сүретін жерің.

Сабақ біздің Отанымыз - Қазақстанға арналып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталады.

Мұғалім оқушылар назарын өлеңнің мазмұнына, сөздерінің дұрыс айтылып, мәнерлі орындалуына аударуы қажет. Гимн қашанда түрегеліп тұрып, оң қолды жүрекке қойып орындалады. Бұл - өз еліне және халқына деген құрмет.

Сабақтың келесі бөлімі салтанатты жағдайда өтеді. Үйренетін, орындалатын жаңа ән - әрбір Қазақстан азаматының жүрегіне жақын. Мұғалімнің оқушылармен жүргізілетін әңгімесі оқушылардың ән мәтінінің терең мазмұнын түсініп, ұғынатындай құрылуы қажет.

Әсем, шарықтаған әуен сөзімен үндестік тауып, қуаныш пен жігерлілік сезімін тудырады.

Оқушылар алдыңғы сыныптардан еліміздің негізгі рәміздері - гимн, герб, ту жайында біледі. Бұл сабақта оқушылар олардың мазмұнын білуі қажет.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гербінің авторлары - сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Мақал

 

Ел іші - береке, көп ісі - мереке.

 

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

 

Ел - ырыстың кілті,

Ер - ырыстың қорғаны.

 

Орытынды.

Театрға саяхат

Білім сатысымен театрға көтерілеміз. Жауабын саты басқыштарына жазып көрсет.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 141 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Хор| Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)