Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім! | Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы | Шығармашылық жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев | Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз! |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  4. Все дороги ведут в Чайковский
  5. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  6. Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау
  7. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар

П.И. Чайковский. «Аққу көлі» балетінен би - тыңдау.

Б. Әлімжан. «Ұрпақпыз біз батыл» - үйрену.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға өнердің қайнар көзі халықта екенін ұғындыру.

2. Музыка сауатын ашу. Әнді мәнерлі орындауға дағдыландыру. Музыка тыңдау ережесін сақтауға дағдыландыру.

3. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, танымын кеңейту, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың барысы:

Орыстың ұлы композиторы П. И. Чайковский (1840-1893) - Ресейдің Воткинск қаласында дүниеге келген. Мәскеу консерваториясында білім алған. Ол туған жерінің табиғатын шексіз сүйетін. Осы басты тақырып оның шығармашылығының негізі болып табылады. Белгілі орыс сазгері, дирижер, музыкант ретінде әлемге аты әйгілі. «Евгений Онегин», «Ормандағы қыз» опералары, «Щелкунчик», «Аққу көлі» балеттері, оркестрге арналған сюита, концерттері әлемнің алтын қорына енген шығармаларға жатады.

П. И. Чайковский «Жыл он екі ай» атты шығармасын XIX ғасырдың 70-жылдарында жазды. Адам жанының табиғат пен тұрмыстағы әртүрлі сезімін бейнелеген осы шығарма алғаш рет 1876 жылы Петербургтің «Нувелист» журналында жарық көрді.

«Жыл он екі ай» жыл мезгілдеріне, яғни айларына байланысты 12 пьесадан тұрады. Әр пьеса атына сай сол айдағы табиғат көрінісі мен одан нэр алған адамның көңіл күйін бейнелейді:

Қаңтар - «камин жанында»

Ақпан - «масленица»

Наурыз - «бозторғай әні»

Сәуір - «бәйшешек»

Мамыр - «ақ түндер»

Маусым - «баркорома немесе балықшы әні» (Венеция)

Шілде - «шалғышының әні»

Тамыз - «егін ору»

Қыркүйек - «аңшылық»

Қазан - «күз әні»

Қараша - «үш ат жеккен шана үстінде»

Желтоқсан - «Светки» діни мейрамы.

Оқушыларға балет, опера және балет театры бейнеленген түрлі түсті суреттер көрсетіледі. Танымы, ой-өрісі ашылады.

Музыка тыңдау: П. И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінен үзінді.

Шығарма қандай оркестрге арнап жазылған? (Симфониялық)

Музыканың әуеніне қандай қимыл жасауға болады? (Би қимылдарын)

Қандай аспаптардың үнін естідің? (Скрипка, виолончель, флейта, т.б)

Бұл шығарма қандай музыкаға жатады? (Классикалық).

Ән үйрену: «Ұрпақпыз біз батыл» әні шаттық сезіммен көңілді, жайдары орындалады. Сөз мәтінін талдап, әнді патриоттық әнге жатқызамыз.

Ән 2/4 өлшемде жазылған, әр фраза сайын тыныс алынады.

Шығармашылық жұмыс: Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер.

Батыр бір оқтық,

Бай бір жұттық.

 

Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

 

Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

 

Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,

Еменнің иілгені - сынғаны.

Қорыту: «Ойнайьщ та ойлайық» (оқушыларға сұрақтар жазылған гүлдер таратылады).

1. П. И. Чайковский қай елдің композиторы?

2. Қандай шығармаларын тыңдадық?

3. Балет дегеніміз не?

4. Қандай қазақ батырларын білесің?

5. Нағыз елжанды адам дегенді қалай түсінесің?

6. Батырлық, ерлік туралы мақал айт.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 591 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры| Оқулықпен жұмыс.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)