Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқулықпен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім! | Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы | Шығармашылық жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз! |


Читайте также:
  1. Мүмкіндігі шектеулі жастармен әлеуметтік жұмыс.
  2. Оқулықпен жұмыс
  3. Шығармашылық жұмыс.

Төменде берілген композиторлар мен олардың шығармаларын сәйкестендір.

Қорыту: Сұрақ-жауап арқылы оқушы білімі сарапталады.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық кәсіби композиторлар. Ахмет Қуанұлы Жұбанов

А.Қ. Жұбанов. «Ақ көгершін» - үйрену.

Сабақтың мақсаты:

1. Музыкалық білімін, сауатын жетілдіру. Ырғақты сезіну, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Музыка өнері дамуының негізі халықта екенін насихаттау. А. Жұбановтың шығармашылығымен таныстыру.

2. Эстетикалық ой-өрісін, сезімін ашу, білімін тереңдету. Ырғақты сезіну, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Халық музыкасы - қайнар бұлақ, таусылмайтын алтын қазына. Одан біз сусындап, нәр аламыз. Әсем халық әндері мен күмбірлеген күйлері арқылы тегімізді, тарихымызды білеміз. Осы халық музыкасын қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаған атақты композиторлар А. Жұбанов, М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди, тағы басқа композиторлар өз шығармаларына арқау етіп, шебер құбылтып, көркемдеп жазды.

Академик Ахмет Жұбанов - 1906 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келген. Ленинград консерваториясын бітірісімен Қазақстандағы музыкалық - мәдени өмірге белсене араласып кетеді. Республикамыздағы бүкіл өнертану ғылымының көшбасшысы. А. Жұбанов - опералық және симфониялық туындыларын қоса есептегенде 300-ден астам шығарманың авторы.

А. Жұбановтың музыкалық мұрасы өте бай. Қазақтың ұлт-аспаптар оркестрінің кіндік атасы, оркестр үшін 100-ден аса күйді өңдеген.

Музыка тыңдау: «Құрманғазы» атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында күй тыңдалады.

- Күй қалай орындалды?

- Қандай аспаптардың үні естілді?

- Күйдің орындалу шеберлігі қандай?

- Қандай сезімде болдың?

- Қандай эсер алдың? Оқулықпен жұмыс.

«Қазақстандық кәсіби композиторлар» мәтіні оқылады. Ән үйрену:

Композитордың халық арасында кең тараған сүйікті әндерінің бірі - «Ақ көгершін». Әнді 1952 жылы алғаш рет атақты әнші Роза Бағланова орындаған.

Ақ көгершінді ата-бабамыз ерте заманнан бері әділеттіліктің, бейбітшіліктің, таза, пәк сезімнің, әсемдіктің нышаны ретінде таныған. Оның бейнесін колөнерде пайдаланған. Құстұмсық, қазтабан, құсқанат, т.б ою-өрнектерден керуге болады.

«Ақ көгершін» әні - бейбітшілік, достық, бірлік, бақыт, көктегі күн, ашық аспан сияқты жарқын сәтті суреттейді.

Әннің динамикасы, дыбыс биіктігі, ырғағы, дыбыс бояуы әннің мазмұнына сай үйлесімін тапқан.

Әнде бір буынға 2-3 нотаның қатар келуі, лига сияқты белгілерге көңіл бөлініп, таза орындалуына назар аударылады. Тынысты фраза бойына жеткізу қиынға соқса, екі мотив арасында тыныс алуға болады.

Оқулықта берілген «Ақ көгершін» әнінің басты әуенін ноталармен орындау.

Қорыту: «Нені есімізге сақтаймыз?» ойыны. Оқушыларға сұрақ жазылған кестелер таратылады.

1. А.Жұбанов кім?

2. А.Жұбанов қандай зерттеу жұмыстарын жүргізген?

3. Қандай оркестр ұйымдастырды?

4. Қандай әнін үйрендің?

5. Қандай шығармаларын білесің? Оқушылардың жауабы бойынша сабақты қорыту.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 195 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский| Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)