Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы

Шығармашылық жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский | Оқулықпен жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев | Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз! |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  4. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  5. Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау
  6. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері

Қырғыздың халық әні «Көл жағасында» - тыңдау.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды Қазақстан халықтарының музыкасымен таныстыру.

2. Ең әуелі әртүрлі халықтардың музыкасын тыңдатып, олардың қазақ музыкасымен ұқсастығы және айырмашылығы неде екенін қарастыру.

3. Содан соң мысалдар келтіріп, бір халықтың композиторлары басқа бір халықтың музыкасын өз шығармасына арқау ете беретінін түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Қырғыз халық күйін тыңдау. Музыкалық сауаттылық - қомуз аспабы, қырғыз халық музыкасы.

Қырғыз халқы - тілі мен түрі, салт-дәстүрі, өнері мен музыкалық аспаптары жағынан қазақ халқына ең жақын ұлт. Мәдениетіміз бен музыкалық өнеріміз жақын, сонымен қатар музыкалық аспаптарымыз да өте ұқсас. Қырғыз музыкалық өнерінің өзінің ежелгі тарихы, өте бай репертуары бар. Орындаушылары мен композиторлары музыка мұрасын ерте замандардан бүгінгі күнге жеткізді. Қазақтың жыршы деген орындаушыларын қырғыздар ыршы деп атайды. Күйші деген мағынаны қомузшы дейді. Қомуз сөзінен алынған. Қырғыздың қомуз (3 ішекті аспап), қыл қыяқ (ішекті-ыспалы аспап), темір қомуз, чоор (үрмелі аспап), сурнай, керней, добулбас (ұрмалы аспап) сияқты музыкалық аспаптары бар. Қомуз - қырғыз халқының кең таралған музыка аспабы. Қырғыздар бірде-бір мерекелерін, іс-шараларын қомуз аспабынсыз өткізбеген. Қомуз құрылысы жағынан қазақтың домбыра аспабына келеді. Айырмашылығы - екі ішектің орнына сымнан тағылған үш ішегі бар. Әнші-жыршылары осы қомуз аспабының сүйемелдеуімен өзінің ән-жырларын орындаған. Оқулықта берілген домбыра аспабы мен қомуз аспабының суреттері - балаларға шығармашылық тапсырма беруге лайық. Әр аспаптың жетпей тұрған жерлерін толықтыр, домбыра мен қомуз аспабының ерекшеліктерін атап шық деген сияқты тапсырмалар балалардың сауаттылығын кеңейтеді.

Үзінді орындауға ұсынылған қырғыздың халық әні «Көл жағасында» - кең тыныспен орындалатын шығарма. Оқушылармен орындау кезінде тыныс алу жаттығуына мән беру.

Қырғыздың халық күйін тыңдату арқылы осы халықтың музыка мәдениетімен етене жақындаса түсеміз. Осы жерде айтып өтетін жайт - қырғыз халқының аспаптық музыкасында ойнау тәсілі жөнінде болмақ. Белгілі бір күйді, болмаса аспаптық музыканы ойнау кезінде міндетті түрде түрлі қимылдар бірге жасалады. Мысалы: қомуздың сабынан ұстап тұрып теріс ойнау, оң қолмен немесе сол қолмен түрлі қимылдар орындау, қағыстарындағы ерекше қимылдар, т.б. Осындай қимылдарды оқушылармен бірге жасауға да болады.

Ибрагим Нүсіпбаев (1922-1987) - балаларға арнап көп ән жазған композитор. «Балапан», «Дос болайық бәріміз», «Шырша әні», «Домбыра сазы», «Жас дәуірдің түлегіміз», «Гүлжазира Қазақстан», тағы басқа әндері бар. И. Нүсіпбаев - қазақ балаларына эстетикалық тәрбие беруде көп еңбек еткен және ұзақ жылдар бойы казак мектебінде музыка сабағынан ұстаз болған адам. Оқушыларды түрлі мектеп мерекелеріне даярлап, өнерге баулыды. Ол кісіден білім алған шәкірттерінің көбі музыканы өздерінің мамандығына айналдырып, белгілі әнші, дирижер, композитор болды.

И. Нүсіпбаев 150-ден астам балалар әндерін жазды. Олар мектеп өмірі, еңбек, достық туралы жырлайды. Композитордың «Сүйікті мектебім», «Жомарт өлке», «Саяхат жыры», «Айналайын ақ мамам», «Достық», т.б. әндерін балалар ерекше сүйіп орындайды.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1426 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім!| Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)