Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: армысың, әз Наурыз!

Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы | Шығармашылық жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский | Оқулықпен жұмыс. |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  4. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  5. Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау
  6. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері

Б. Дәлденбай. «Наурыз келді» - үйрену.

Сабақтың мақсаты:

1.Ұлтымызға тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

2. Ертеден келе жатқан халық дәстүрін, жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу, баулу.

3. Шығармашылық, танымдық белсенділігін жетілдіру. Адамгершілікке, инабаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Наурыз жыл басы» сурет көрмесі, Наурызға қатысты ұрандар, ақ баталар жазылған плакаттар, ою-өрнек, қолөнер бұйымдары. Бұл күні сабаққа ұлттық киіммен келуге болады.

Сабақтың барысы:

Қазақ халқының ежелгі мейрамдарының бірі - Наурыз. Бұл мерекені әрбір мұсылман отбасы үлкен қуанышпен күтеді.

Бұл күнде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар, адамдар бір-бірімен кездескенде:

Наурыз құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін! -

деп кұттықтап, ер адамдар қолдасып, төс қағыстырады, ал әйелдер құшақтасады, ерлер мен әйелдер кездескенде, қол алысады.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар, -

деп, тәрбиелік мәні бар, ата - әжелерінен естіген баталарын еске түсіріп:

Көтерейік білекті,

Жырға бөлеп жүректі,

Бөбекке бата берейік,

Ағынан айтып тілейік.

Сүйкімді бол, бал бөбек,

Табыла берсін бар керек.

Ісіңді тағдыр оңдасын.

Қайда жүрсе қалықтап,

Қызыр баба қолдасын.

Жаманнан тәлім алмасын,

Ата-баба дәстүрін

Жаңартсын да жалғасын!

- деген сияқты батаның мазмұны ашылып, батадағы әрбір сөзге мән беру керектігі айтылады.

ІІІ тоқсандағы қорытынды сабақ болғандықтан, тоқсан бойына еткен тақырыптарды пысықтау сабақ т.б. ұйымдастыруға болады.

Мақал-мәтел жарысы, жұмбақ, ән жарысы оқушының белсенділігін, талабын, ізденімпаздығын, қызығушылығын арттырады.

Оқу, білім, өнер, тілге байланысты мақал жарысында баланың сөйлеу өнерін, мәнерін, тіл ұстартуын дамытып, ана тілімізге құрметпен қарауға тәрбиелейміз.

Мысалы:

 

Ат жүйрігі асқа,

Тіл жүйрігі басқа.

 

Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

 

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

 

Құр судан май шықпайды,

Құр сөзден мән шықпайды.

 

«Наурыз келді», «Қазақстан» әндері кең-байтақ дарқан қазақ жерін, салтын, тілін, дінін сақтаған, намысын бермеген, бірлігі мол қазақ халқын, егінді даласын, кең қазынасын, байлығын жырлайды. Әдетте туған жер туралы әндер салтанатты, көңілді, жайдары орындалады.

Оқулықтағы түрлі түсті суреттер бойынша әңгіме ұйымдастырып, тақырып мағынасы ашылып, баланың ойлау қабілетін, сөз жүйелеуін дамытып, ез ойын еркін жеткізе білуге үйретеміз.

Сергіту сәті. «Гүлденген алма ағашы» ойыны.

Оқушыларды «Наурыз» және «Көктем» деген екі топқа бөлу. «Көктем» тобына жасыл жапырақтардың, «Наурыз» тобына эдемі гүлдердің суреттері салынған қағаздар таратылады. Бұлардың артына сұрақтар жазылады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, гүлдері мен жапырақтарын тақтаға ілінген плакаттағы ағашқа жапсырады. Қай топ мәнді, толық жауап берсе, жеңген болып есептеледі де, марапатталады.

Осындай қызықты ойындар, ребус, сөзжұмбақ шешу, сайыстар баланың тапқырлық пен ойлау қабілетін, шығармашылық ізденіс дағдыларын арттыруға, білімін жинақтауға көмектеседі.

Қорыту: «Ойнайық та ойлайық» ойыны, Елбаланың қоржынындағы сұрақтарға жауап беру арқылы тоқсан бойы өтілген тақырыптарды қайталау.

«Ойын ойнайық» айдарымен берілген тапсырманы орындау барысында оқушының білімі шыңдалады.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев| Сабақтың тақырыбы: Опера. Операдағы Абай бейнесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)