Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім! | Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский | Оқулықпен жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев | Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз! |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  4. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  5. Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау
  6. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері

Орыс халық музыкасы «Камаринская» - тыңдау.

Сабақтың мақсаты:

1. Музыканың сипатын ажырату, мазмұнының өмірмен байланысын түсіндіру және ән легінің бағытын айыру.

2. Әндегі дыбысты тыңдап, музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуды үйрету, мәнерлеп орындауға баулу.

3. Үйренген әндерді жатқа орындау.

Сабақтың көрнекілігі: Орыс музыка аспаптары - балалайка, гармонь, бубен, ағаш қасық.

Сабақтың барысы:

Сабақ орыс халқының музыка өнеріне арналады. Орыс халқының музыка өнері - дүниежүзіне кең таралған өнер түрінің бірі. Өзінің қайталанбас ерекше әуенділігі, саздылығы, музыкалық аспаптарының бояуларымен ерекшеленетін өнері дүниежүзінің барлық бұрышына кеңінен таныс. Музыка өнерінің көп жанрынан - әні, биі, аспаптық музыкасы, жеке орындаушылығы, ұжыммен орындау, хормен орындау, т.б. орыс халқы музыкасының әсемдігін, көркемдігін, саздылығын байқауға болады. Орыс халқы дегенде көз алдыңа орыстың балалайкасы келеді. Оның сымнан жасалған ішегі, ағаш корпусы, қарапайымдылығы орыс музыкасының негізін құрайды. Орыс музыкасы ұрып ойнайтын шулы аспаптарға өте бай. Ағаш қасықтар, бубен, қоңырау, сылдырмақ, т.б. орыс музыкасында кеңінен қолданылады. Әсіресе аспаптардың қосылып орындауында шулы аспаптар мол пайдаланылады.

Осы жерде әрбір ұстаз қолында бар материалдарын сабақ мазмұнына сәйкес қолдануына болады. Мысалы, музыкалық аспаптар, оркестр аспаптарының макеті немесе суреттері болса, жиыстырылған аспаптар болса, сабақта музыканы сүйемелдеуге оқушылардың өзін қатыстыруға болады.

Орыс халық музыкасы «Камаринская» - кең таралған ең белгілі музыкалық шығармалардың бірі. «Камаринская» - би ырғақты шығарма. Шығарманы тыңдау кезінде қолда бар шулы аспаптармен сүйемелдеп орындауға болады.

Үйренген әндерді жатқа орындау.

Қорытынды сұрақтар:

1. Орыс халқының ең көне музыкалық аспаптарын ата.

2. «Скоморохтар» деген кімдер? Олар немен айналысқан?

3. Орыстың халық әні «Камаринскаяны» би ырғағына жақын деуге

бола ма?

Шығармашылық жұмыс.

Торкөздегі сөздерге ребус құрастыр.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 348 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы| Шығармашылық жұмыс.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)