Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім! | Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы | Шығармашылық жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  4. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  5. Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау
  6. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері

H. Тілендиев. «Ата толғауы», «Көш керуен» - тыңдау.

Е. Өміров. «Жан анам» - үйрену.

Сабақтың мақсаты:

I. Музыкалық білімін жетілдіру. Музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру.

2. Музыкалық шығарманы тыңдай білуге, музыкалық аспаптардың үнін ести білуге баулу.

3. Рухани ой-өрісін дамыту, шыңдау. Анаға деген сүйіспеншілік, ықыласын әнмен жеткізе білуге баулу. Адамгершілікке, инабаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Оқулықпен жұмыс.

Н. Тілендиевтің шығармашылығы.

Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі - дүлдүл домбырашы Нұрғиса Тілендиев. Нұрғисаның әкесі Тіленді мен атасы Байсерке күйші, домбырашы болса, анасы Салиқа қара сырнаймен ән әуендеткен екен. Нұрғиса домбыраны өзіне жастайынан серік қылады. Жас шәкірттің талабын аңғарған Ахмет Жұбанов 1937 жылы оны ұлт-аспаптар оркестріне алып келеді. Ұстазының сыйға тартқан домбырасын Нұрғиса өмірінің соңына дейін көзінің қарашығындай сақтап келген.

Н. Тілендиев 400-ден аса ән - романс, оркестрге арнап увертюра, пьеса, күй, кинофильмдерге арнап музыка жазды.

Шығармашылық жұмыс: 1982 жылы құрылған «Отырар сазы» оркестрінің басты мақсаты - ұлттық музыканы дамытып, насихаттау, әсіресе жастар бойына дарыту еді.

Нұрғиса Тілендиевтің әндерін бөбектер де, мектеп оқушылары да қызыға орындайды. Әндері түрлі тақырыпта жазылған. Н. Тілендиев туған жер табиғатының көркем көрінісін, елдің шат көңілін, бақытты балалық шақты өте әсем де эсерлі суреттей білген.

Н. Тілендиев «Жан сәуле», «Алатау», «Құстар әні» атты үш жинақтың авторы.

Музыка тыңдау: «Ата толғауы».

- Күй тыңдау барысында қазақтың қандай көне музыкалық аспаптарының үнін ажырата алдың?

Оқулықта берілген тапсырманы орындау.

Халық аспаптары: Күйде орындалуы:

Қоңырау Тайтұяқ

Домбыра Қоңырау

Сыбызғы Шаңқобыз

Қобыз Жетіген

Жетіген Домбыра

Сазсырнай Қобыз

Тайтұяқ Сазсырнай

Шаңқобыз Сыбызғы

«Көш керуен» - Н. Тілендиев шығармаларының ішіндегі биік музыкалық талғаммен жазылған, әсем әуенді күйі. Күйде қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының үні ерекше бір үндестікпен дыбысталады.

Шығармашылық жұмыс:

Жұмбақ

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Ол кім?

Оқушылар ана туралы тақпақтар айтады, ана туралы білетін әндерін орындайды, мақал-мәтелдерін ортаға салады.

Ән үйрену: «Жан анам» әні жұмсақ тембрлі, асықпай, ашық, жайдары орындалады. Ана, әже туралы әндер үнемі лирикалық сипатта болады. Оларға деген махаббаты мен ақ пейілін балалар жұмсақ сазды әуенді интонациямен орындаған ән арқылы береді.

Қорыту:

«Сыр сандық».

1. Сандықшаның ішінен әртүрлі музыкалық аспаптардың суреттері алынып көрсетіледі. Оқушылар оларға анықтама береді.

2. Көктем мезгілі туралы жұмбақтар шешіледі.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 162 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оқулықпен жұмыс.| Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)