Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: сәлем, мектебім!

Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы | Шығармашылық жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский | Оқулықпен жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  4. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  5. Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау
  6. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері

Сыныпта өтілетін музыка сабағының күнтізбелік үлгі жоспары

Сабақ тақырыптары Сағат саны
  Сәлем мектебім!  
  Қырғыз музыкасы  
  Өзбек музыкасы  
  Орыс музыкасы  
  Украин музыкасы  
  Татар музыкасы. Ұйғыр музыкасы  
  Корей музыкасы. Неміс музыкасы  
  Қытай музыкасы  
  Музыканың қозғаушы белгілері. Альтерация  
  Нүктелі нота  
  Динамикалық белгілер  
  Аспаптық музыка  
  Оркестр  
  Жаңа жыл, жарқыра!  
  Вокалдық музыка  
  Хор  
  Егемен ел - еркіндік жыры  
  Музыка тамыры мен тармақтары  
  Өлшемдер  
  Иоганн Себастьян Бах  
  Вольфганг Амадей Моцарт  
  Людвиг Ван Бетховен  
  Петр Ильич Чайковский  
  Сергей Васильевич Рахманинов  
  Қазақстандық кәсіби композиторлар. Ахмет Қуанұлы Жұбанов  
  Мұқан Төлебаев  
  Нұрғиса Тілендиев  
  Евгений Григорьевич Брусиловский  
  Армысың, әз Наурыз!  
  Опера. Операдағы Абай бейнесі  
  Оратория  
  Музыкалық екпін  
  Сал-серілік дәстүр және кәсіби музыка  
  Күй - шежіре  
  Барлығы: 34 сағат

 

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім!

Сабақтың мақсаты:

1. М. Әуезовтің «Әнге әуес, күйге құмар бала - жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген ұлағатты сөзін алға ұстап, баланы музыканы сүюге, музыканың ішкі мазмұнын түсінуге, ән салу дағдыларын машықтандыруға, ырғақтық сезімін жетілдіруге үйретуді мақсат етіп қою.

2. Мектепті қадірлеуге, ұстаздарды сыйлауға, мектеп бұйымдарын қастерлеуге, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу. Білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, адамгершілікті, өз Отанын, елін сүйетін, сезімтал бала тәрбиелеу.

3. Ұлттық өнерге, салт-дәстүрді сыйлауға, халық музыкасы арқылы ақыл-ойы мен дене жағынан дамуды, адамгершілік, тазалық пен өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Туған жердің табиғатын, құстар мен жан-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Балалар жазғы демалыстан алған әсерлерін, көрген қызықтарын, демалған жерлерінің әсем табиғатын әңгімелейді. Үйренген әңгімелері мен ән-күйлерін ортаға салады. Мектеп, мұғалім, оқу құралдары туралы жұмбақтар шешу арқылы балдырғандарды оқуға шақырамыз, білімге деген қызығушылығын арттырып, оқуға, сауатты болуға ынта-ықыласын дамыту.

Оқушы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттағанда жаңа дүниемен, жаңа эсерлермен кездеседі. Сабақ үстіндегі іс-әрекеттер (тыңдау, сауат ашу, орындау, ырғақты қимылдар, шығармашылық тапсырмалар т.б.) баланың ой-қиялын шыңдайды, логикалық ойлау жүйесін дамытады, әсемдікті сезе білуге, сұлулық тәрізді санатты түсіне білуге итермелейді.

Осы жастағы балалар жеке ән дауысын ажыратуға, музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын біліп, талдауға қатысады. Бұл - оқушының музыкалық талдауға алдыңғы сыныптарда машықтанғанының белгісі. Сол себепті 9 жастағы бала сабақ барысында жалпы музыкалық шығармалар жөнінде мағлұматтарын толықтыра түседі: музыкалық ойды түсіне бастайды, авторлары жөнінде, шығарманың шығу тарихы туралы, т.б. мәліметтерін толықтырады. Олар тек мағлұмат алып қана қоймай, оны орындай отырып, белгілі бір орындаушылық дағдыны меңгереді, одан әрі дамытады. Әннің негізгі мазмұнын түсініп орындауға, дыбыс биіктігін сезініп, ырғағын дұрыс келтіріп орындауға машықтанады. Сабақтың тағы бір ерекшелігі - оқушы осы жаста дыбысты айту, орындау секілді қызмет атқарып қана қоймай, соған өз бетінше би қимылдарын қоса орындауға талпынады. Бұл - балаға өте ұнайтын іс-әрекеттердің бірі.

Білім мен өнер сапарына аттаған мектептегі оқушы қадамы бойды бірден баурап алатын сүйкімді әннен басталуының маңызы зор. Осы мақсатта А. Меңжанованың «Қонырау» әні орындалады. Ұсынылып отырған ән - бұрыннан көпшілікке таныс. Таныс болғанымен, үйрену кезінде баса мән беретін жерлері мол шығарма. Әннің қайырмасында кездесетін қоңыраудың әсем сыңғырындай естілетін дыбыс бояуларын дұрыс, өз нәшінде орындауға аса мән беріледі. Он алтылық ноталардың дыбыс ұзақтығының дұрыс орындалуына, оқушының жоғары дыбыстарды нақышына келтіріп орындауына көңіл бөлінеді. Сонымен катар әннің терең мазмұнына ден қойылады. Оқушылардың мектепке келгендегі әсерлерін, ұстаздары мен достары туралы ойларын ортаға салуларын ұсынамыз. Мұндағы негізгі ой - сабақ барысында ән арқылы балалардың бүгінгі Білім күнін атап өту. Оқулықта берілген сабаққа мазмұндас әсерлі суреттерге қарап, әңгімелесуге болады.

Әннің сөз мәтініндегі қиыншылық тудыратын жерлерін асықпай үйренген жөн. Осы сабақта әннің тек бір шумағы мен қайырмасы үйретілсе де болады.

Қорытынды:

Проблемалық ізденіс тудыратын сұрақтар қоямыз:

1. Әннің мазмұны не туралы?

2. Ән қандай сипатта орындалады?

3. Ән тез әлде ақырын орындала ма?

4. Бұл әнге қандай қимыл жасауға болады?


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 595 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Понятие, виды и порядок рассмотрения индивидуальных трудовых споров.| Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)