Читайте также:
|
|
Музыка сауаты: Капелла, хормейстер, аралас хор.
Құрманғазы. «Ақбай». Хорға өңдеген Б. Байқадамов - тыңдау.
Сабақтың мақсаты:
1. Музыкалық - көркемдік талғамын ашу. Өнерге бейімдеу.
2. Баланың шығармашылық қабілетін жетілдіру. Ән айту шеберлігін дамыту.
3. Әсемдікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Хор - вокалдық музыканы орындаушы әншілер тобы. Хорда ән айтудың өз ерекшеліктері бар. Ол - музыканы тыңдай білу, ән әуенін сазына келтіре орындау, ұжыммен қосылып ән айту, т.б.
Мектеп оқушыларының хормен ән айту кезінде, әнді қосылып айту, бір мезгілде бастап, бірге аяқтау, бір мезетте тыныс алу, ән мәтінін ұқыпты жаттау, дауысты баптап, ән әуенін әдемілеп айтуға дағдыландыру жұмыстарын үнемі, үзбей, жүйелі түрде жүргізіп отыру керек.
Қазақтың хор өнері кеш дамыған. Ерте дәуірлерде, ата-бабаларымыздың тұрмысында хор түрімен ән айту болған. Бірақ оны қазіргі хор өнерімен салыстыруға болмайды. «Жар-жар», «Беташар», «Жоқтау» сияқты әндер хормен айтылған, ал қазіргі заманда бұл әндер басқа сипатқа ие болып отыр.
XX ғ. 30-жылдарында Қазақстанда хор өнері ерекше дами бастады.
Ең алғаш Алматы музыка училищесінде хор бөлімі ашылып, 1935 жылы құрылған мемлекеттік филармония құрамына енді. Көркемдік жетекшісі Д.Д. Мацуцин болды.
Көп кешікпей мемлекеттік хор ұйымдастырылып, 1939 жылы ақпан айында Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына енеді. Капелланың алғашқы ұйымдастырушысы және көркемдік жетекшісі Б.В. Лебедев болды.
Оқулықпен жұмыс: Хор, аралас хор, хормейстер, капелла туралы ережелер оқылады.
Б. Байқадамов (1917-1977) - Торғай облысында дүниеге келген. Жас кезінде өнерге бейім болған. Математикаға қабілеті басым бола тұра, біржола өнер жолына түседі. Б. Байқадамов - Қазақстанда көп дауысты хор мен сүйемелсіз айтатын a capella хорын ұйымдастырушылардың бірі болды. Кәсіби хордың көркемдігін арттыруда қажетті репертуардың жоқтығынан, Б. Байқадамов көп деген a capella шығармаларын жазды. Композитор аспаптық музыканы, домбыра үнін вокалдық жолмен әуендетіп, күйді хорға арнап өңдеу жанрының негізін салды.
Поэтикалық мәтіннің орнына «дың, дығы-дың», «гәк-ку», «ха-ла-лау, ли-ла» буындарын келтіріп, шығарманы ерекше көркемдеп, әсерлендіре түседі.
Ұлттық нақышта халық әндері мен күйлерінің ерекше бояуын көрсете білді. Мысалы: «Су тасушы қыз», «16 қыз», «Илигай», т.б. әндерін, «Ақбай», «Айжан қыз», «Шалқыма» күйлерін хорға арнап өңдеді.
Музыка тыңдау: Хорды тыңдамас бұрын «Ақбай» күйінің домбырада орындалуы тыңдалса, баланың қызығушылығы артып, музыканы қабылдауы, түсінуі жоғары болады.
Құрманғазының «Ақбай» күйі: сергек, қатқыл үнмен орташа екпінде бас пен альттар партиясы бастайды. Хор партияларында шиеленісу, ашу-ыза, адам бақыты үшін күрес, ерлікке, бостандыққа шақыру сарыны бар, соңы сақтыққа, салмақтылыққа шақырған үнмен аяқталады.
Ән орындау: Дауыс жаттығуын «Ақбай» күйінің алғашқы 4 тактысына жасатуға болады.
«Жас түлектер жыры» әнін қайталау барысында дыбыстың сапасы мен әдемілігіне, мазмұны мен сипатын ашуға көңіл бөлу.
Дәптермен жұмыс: Оқулықта берілген кестені дәптерге толтыру.
Шығармашылық жұмыс: Мақал жарыс (өнер туралы).
1. Өнерді үйрен де жирен.
2. Өнер білсең - өлмейсің.
3. Өнерлінің өзегі талмас.
4. Өнерлі бала - сүйкімді.
Қорыту: Сұрақтар жазылған карточкалар таратылады.
1. Хор деген не?
2. Аралас хор қандай топтардан тұрады?
3. Капелла қандай өнер ұжымы?
4. Аралас хорға қандай дауыстар енеді?
5. Күйді хорға арнап өңдеу жанрының негізін салған композитор кім?
6. Хормейстер деген кім?
7. Қазақ хор өнері қай жылдары дами бастады?
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 215 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | | | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры |