Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: аспаптық музыка

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім! | Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы | Шығармашылық жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский | Оқулықпен жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев | Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз! |


Читайте также:
  1. II. Музыкально – теоретический анализ
  2. III Музыкально-теоретический анализ.
  3. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  4. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  5. Австро-немецкая музыкальная культура XX века
  6. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  7. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.

Музыка сауаты: Симфония. Соната.

Л.В. Бетховен. «Айлы соната» - тыңдау.

Сабақтың мақсаты:

1. Аспаптық музыка жайлы түсініктерін ашу. Әртүрлі аспаптардың тембрін ажырата білуге үйрету.

2. Көне заман мен осы заманғы сабақтастық дәстүріне балалардың назарын аудару, ой-өрісін дамыту.

3. Аспаптық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Әсемдікке, әдемілікке, өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Аспаптық музыка арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма.

Музыка тыңдау: Қорқыттың «Әуппай», Динаның «Әсемқоңыр», Сармалайдың «Қара жорға» күйлерінен үзінді тыңдалады.

Қазақ халқының аспаптық музыкасы бұл - күй. Күй – домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, т.б аспаптарда орындалады.

Күй әртүрлі тақырыпта болады. Көлемі жағынан қысқа және ұзақ мазмұнды болып келеді.

Оқулықпен жұмыс: «Аспаптық музыка» мәтіні оқылады.

Аспаптық музыканың өзі құрылымы, мазмұны, орындалу жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.

Симфония, соната - аспаптық музыканың ішіндегі ең күрделісі болып есептеледі. Симфониялық музыканы симфониялық оркестр орындайды. Оркестр құрамына скрипка, альт скрипка, контрабас, арфа, кларнет, флейта, габой, трубаның бірнеше түрлері, фортепиано, т.б. аспаптар кіреді.

Оқулықта берілген аспаптар суреттерімен танысу.

Қазақ композиторларының ішінде оркестрлік музыкаға жол ашып, симфониялық музыка жазған Қапан Мусин болды. Ол халық әндері мен күйлерін өзінің симфониялық шығармаларына енгізіп, жаңашылдық жасады.

Н. Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңыз», 50-жылдары жазған Б. Байқадамовтың «Фортепиано мен скрипкаға арнап жазған сонатасы» бар.

Е. Брусиловский, A. Жұбанов, Л. Хамиди, Ғ. Жұбанова, т.б. аспаптық музыка өнерінің дамуына зор үлес қосқан композиторлар.

Соната - фортепиано, скрипка сияқты белгілі бір аспапқа арнап жазылған, бірнеше бөлімнен тұратын музыкалық шығарма.

Музыка тыңдау: Л.В. Бетховен «Айлы соната. Адажио» - фортепиано аспабында орындалады. Адажио - музыкалық екпінде «асықпай» деген мағынада қолданылады. Шығарма жұмсақ сазды, терең философиялық ойды білдіреді. Композитор табиғат көрінісінің әдемілігі мен көркемдігін, оның сиқырлы әсем бейнесін лирикалық сезіммен, әуенмен жеткізген.

Шығарманы тыңдау барысында, аспаптық музыканың орындалу ерекшелігі, дыбысталуы, фортепиано аспабы үнінің тазалығына, тембріне көңіл бөлінеді.

И.С. Бах - ұлы неміс композиторы, органшы. Оның шығармалары дүниежүзінің музыка әлемінде биіктен орын алады. (Композитор шығармашылығы туралы алдыңғы сабақтарда әңгімелейміз.)

Шығармашылық жұмыс: «Айлы соната. Адажио» шығармасын тыңдай отырып, сурет салу.

Қорытынды сұрақтар:

1. Аспаптық музыка деген не?

2. Қазақ күйлерін аспаптық музыкаға жатқызуға бола ма?

3. Қандай аспаптық музыкамен таныстық?

4. Симфониялық оркестр құрамына кіретін аспаптарды ата.

5. И.С. Бахтың қандай шығармасын тыңдадық? Шығарма қандай екпінде орындалды?

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 471 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы| Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)