Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: вокалдық музыка

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім! | Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы | Шығармашылық жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский | Оқулықпен жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев | Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз! |


Читайте также:
  1. II. Музыкально – теоретический анализ
  2. III Музыкально-теоретический анализ.
  3. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  4. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  5. Австро-немецкая музыкальная культура XX века
  6. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  7. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.

Б. Дәлденбай. «Жас түлектер жыры» - үйрену.

Сабақтың мақсаты:

1. Музыкалық шығарманы терең түсініп, әнші даусының мәнерлі күшімен жеткізе білуге баулу.

2. Әншілік өнердің ережелерін сақтауға үйрету. Ән айту шеберлігін дамыту.

3. Әсемдікке, елжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Оқушылардың музыкаға деген сүйіспеншілігі, ынтасы, қызығушылығы ән айтып үйренуден басталады. Ән салу - балалардың шығармашылық қабілетін жетілдірудің, дамытудың бірден-бір жолы. Ән айту барысында баланың бойындағы қуаныш, шаттық, қобалжу, т.б сезімдері дамып, жетіледі.

Белгілі бір мазмұнда жазылған музыканың әншінің мәнерлі даусымен орындалуы - вокалдық музыка болады.

Оқушылардың ән айтуын дұрыс жолға қою үшін, олардың дауыстарын қалыптастырып, ән айту аппаратын дамытуда жүйелі жұмыс жүргізу қажет.

1. Жас ерекшеліктеріне қарай ән репертуарын таңдау.

2. Әнді еркін, қиналмай айту, ән айту ережелерін сақтау.

3. Жәй, асықпай дем алып, оны біртіндеп шығару.

4. Дауысты дыбысты дұрыс айту, дауыссыз дыбысты қысқа, нық орындау.

5. Көмейдің ән айту кезіндегі қалпы, оның маңызын түсіну.

6. Бір-бірін тыңдап, ән әуенінен ауытқымай, үн тазалығын сақтап ән салуға дағдыландыру.

Оқулықпен жұмыс: «Вокалдық музыка» мәтіні оқылады, талданады.

Ән орындау: Үйренген әндерді еске түсіріп, орындау.

1, 2, 3, 4, 5 оқушыны шығарып, ән орындату арқылы вокалдық музыканың әншілік түрінде: 1 дауыста - солист, 2 дауыста - дуэт, 3 дауыста - трио, 4 дауыста - квартет, 5 дауыста - квинтет, т.б болатынын түсіндіру.

Ән айту бөлімінің соңында оқушылар хор орындайды.

Хор - көп адамдардың бірігіп ән орындауы. Хор музыкасы - хор ұжымына арналып жазылған шығарма.

Шығармашылық жұмыс: Оқулықта берілген кестені толтыру барысында солист, дуэт, трио, квартет, капелла ұғымы тиянақталады.

Музыка тыңдау: Мұғалімнің қалауы бойынша көңілді ән тыңдалады.

1. Әнді неше адам орындады?

2. Бір адам ән айтса, қалай аталады?

3. Әннің мазмұны не туралы?

4. Әннен қандай әсер алдың?

Ән үйрену: «Жас түлектер жыры» - жеңіл, шаттық сезімде, көңілді орындалады. Ән патриоттық сезімге толы. Болашаққа нық басып келе жатқан дарынды, өнерлі, зор сенімді түлектер жыры.

Бейбіт Дәлденбай - Алматы облысы Нарынкөл ауылында дүниеге келген. Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер. Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі. Композитордың шығармаларын Ресей, Түркия, Франция, Италия, Германия, Қытайдың, т.б елдердің әншілері орындайды.

Б. Дәлденбай - 80-ге жуық әндер мен балалар әндерінің авторы. Композитордың 30-ға жуық көркем суретті, анимациялық фильмдер мен музыкалық және драмалық спектакльдерге арнап жазған музыкалық шығармалары бар.

Қорытынды сұрақтар:

1. Вокалдық музыка деген не?

2. Вокалдық музыканың орындалуы қалай бөлінеді?

4. Солист, дуэт, трио, квартет, квинтет сөздерінің мәнін түсіндір.

5. «Жас түлектер жыры» әнін жазған композитор кім?

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 283 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка| Сабақтың тақырыбы: Хор

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)