Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шығармашылық жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім! | Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский | Оқулықпен жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев | Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз! |


Читайте также:
  1. Алаш зиялыларының шығармашылық қызметі.
  2. Мүмкіндігі шектеулі жастармен әлеуметтік жұмыс.
  3. Оқулықпен жұмыс.

Әуенді тап:

Оқушылар өздеріне таныс музыкалық шығармаларды (ән, күйді) тыңдап, қай халықтікі екенін табады.

1. Сак-сок (татар халық әні).

2. Мунген тауы (корей халық әні).

3. Пастушка пригожая (неміс халық әні).

4. Иккинчи дастанның мэрғули (ұйғыр халық әні).

5. Серпер (Құрманғазының күйі).

6. Камаринская (орыс халық әні).

Корей балаларының ойындары.

Жерге (еденге) арақашықтығы 50 см екі шеңбер сызылады. Шеңбердің аумағы бір-ақ аяқ сыятындай болуы керек.

Ойынға кезекпен екі ойыншы шығады. Әрқайсысы өзіне берілген шеңбердің ішінде сол аяғымен тұрып, қарсыласын оң аяғымен итермелеп, шеңберден шығарып жіберудің амалын жасайды.

Кімде-кім оң аяғын жерге тигізсе, шеңбердің сыртына шығып кетсе, жығылып қалса немесе қарсыласын қолмен ұстаса, сол ойыншы жеңіледі. «Хетанккуен наки» - аяқтың ептілігі деген мағына береді. Жеңілген оқушы ән орындап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Неміс музыкасы. Музыка әлемінде халықтардың жақындасуын балаларға дәлелдеу үшін неміс халық музыкасы туралы қарапайым түсінік беруді біртіндеп күрделендіре түсіп, оқушымен жеке пікірлесу арқылы ой түйіндеуге баулу.

Орта ғасырларда Германияның аумақтық мемлекеттік бөлшектенуі оның музыкалық фольклорының жергілікті стильдерінің қалыптасуына эсер етті. Шекаралық ән диалектісі көрші елдердің фольклорымен тығыз қатынаста болды.

XV-XVI ғғ. - органдық музыка ерекше дамып, неміс музыкасын Еуропаның алдыңғы орындарының біріне шығарды.

XVII ғ. - неміс музыкасында үрлеп тартылатын музыка жанрлары жетекші орын алған.

XVIII ғ. II жартысында - неміс музыкасы ағарту идеясымен тығыз байланыста дамыды.

XVII-XIX ғғ. - неміс музыкасының шыңы - веналық классика. мектебінің өкілі Бетховеннің шығармашылығы.

XIX ғ. - хор өнері кеңінен таралған. Симфониялық музыкада симфониялық жанрлар және бағдарламалық увертюралар, симфониялық поэмалар дамыды.

Неміс музыка мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосқандар - ұлы неміс сазгері, органшы Иоганн Себастьян Бах және ұлы сазгер, дирижер әрі пианиношы Людвиг Ван Бетховен. Неміс музыкасындағы романтизм өкілдері: Шуман, Мендельсон, Шуберт, Лист, т.б.

1. Немістің халық әні «Пастушка пригожая» - тыңдау.

2. Жұмбақтар шешу, жаңылтпаштар айту.

«Неміс» басқатырғышы

Бірінші сөздің соңғы әрпі жұмбақ жыланның сызықтарына орналасқан.

1. «Сак-сок» қай ұлттың әні? Дұрыс жауап: татар.

2. «Мунген тауы» қай ұлттың әні? Дұрыс жауап: корей.

3. «Пастушка пригожая» қай ұлттың әні? Дұрыс жауап: неміс.

4. «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.

Сөздердегі әріптерді рет-ретімен қойып, сөйлемді оқы.

Дұрыс жауап: Өнерлі өрге озады.

Ойын барысында ұстаз плакатқа салынған нота жазбасын алдын ала даярлап алғаны дұрыс.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 340 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы| Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)