Читайте также: |
|
Негізгі түсініктер: Алаш, партия, интеллигенция, автономия.
1. Алаш қозғалысы «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда
қазақ тарихының күрделі әрі көкейкесті мәселелері болып саналады. Жоғарыда аталған күні кешеге дейін лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық оянудың, ұлттық сана қалыптасуының өзінше бір көрсеткіші іспетті. «Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылып, басшы органдары сайланды. Партияның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. қазақ зиялылары енді.
1917 жылы қараша айында «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жасалынып, жоба «Қазақ» газетінде басылды. Бағдарлама негізгі 10 бөліммнен тұрды.
1917 жылы 26-29 қарашада Қоқанда (Түркістан) өткен өлкелік ІҮ мұсылмандар съезінде Қоқан (Түркістан) автономиясы құрылады. Премьер-министрі- М. Тынышбаев, Сыртқы істер министрі- М. Шоқай. Мұндағы идея - Тұтас Түркістан мемлекетін құру болды. Территориясының құрамына Жетісу және Сырдария облыстары енді.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда ІІ Жалпықазақ съезі өтті. Съезде Алашорда автономиясы жарияланып, Алашорда үкіметі құрылады. Үкіметке 25 орын беріліп, 10-ны қазақ емес басқа ұлт өкілдеріне берілді. Көшбасшылары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар, Х. Ғаббасаов т.б. болды. Үкімет Төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді.
Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін (Орал, Жымпиты) Халел және ЖаҺанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін (Семей, Алаш- қазіргі Жаңа Семей қаласы) Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді.
2. Алаш қайраткерлерінің түп қазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп
қорғаған, сақтап қалған, мыңжылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті қорғау керек.
Белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиев «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған», - дейді.
«Түбінде еліміз егемендігін алады. Өз алдына дербес мемлекет болады. Мемлекеттілігімізді алған кезде ең бірінші болып Қараөткелде университет саламыз» деп мақсат еткен болатын алаш арыстары.
ХХ ғасыр басындағы озық ойлы қазақ зиялыларының бұл асыл армандары ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан республика астанасы болып бұрынғы Ақмола қаласының жаңа астана болып жариялануымен және 1996 жылғы мамыр айындағы Президент Жарлығымен еуразиялық үлгідегі ұлттық университеттің құрылуымен толық жүзеге асты дер едік.
Бүгінгі күні қазақтың ұлан-ғайыр даласының дәл төсінде бой көтерген Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларының ұйытқысына айналса, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі заманауи жоғары оқу орны болып саналады.
Ұлттық білім ордасын Еуразияның бел ортасында орналасқан Қараөткелде ашуды жоспарлаған алаш зиялылары білім және ғылым саласы турасында «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының «Ғылым-білім үйрету» деп аталынатын ІХ бөлімінде оқу орындарында білім алу жалпы халыққа қол жетімді, әрі тегін болуын, бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет ашу қажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өз ара сайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мәселесіне қатысты белгілеген басты бағыттар қазіргі күнгі әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес келетін негізгі талаптар екендігіне көз жеткіземіз. Ендеше, біздің ұлттық зиялыларымыз осыдан 90 жыл бұрын озық тәжірбиелі шетелдік білім беру жүйесін таңдаған. Өйткені, Алаш идеологиясының түпкі мәнісі «Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егерде білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші» дегенге сайып келді.
«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт ұстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады.
Әдістемелік нұсқаулар: Алаш идеологиясының теориялық негіздерін алаш зиялыларының ғылыми мұрасын қарастыру арқылы айқындау.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы: «Ататек», 1995.
2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы: Санат, 1995.
3.Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография. Уч. Пособие.-Семипалатинск: Семипалатинский пединститут им. Шакарима, 1993.
4. Аманжолова Д. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш.-Москва: «Россия молодая», 1994.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы: Санат, 1995.-16-Б.
2. Әбжанов Х., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы.-Алматы: Респ. мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру институты, 1992
3. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?-Алматы: «Ана тілі», 1993
Дәріс 6.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 1051 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті. | | | КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы. |