Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пәнді оқытудың жоспары

Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ). | Еуразияшылдық идеясы тарихи түсінік ретінде. | Орта Азия халықтарының этногенезі. | Көне грек мәдениеті. | Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті. | Алаш зиялыларының шығармашылық қызметі. | КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы. | П.И. Савицкийдің творчестволық және өмір жолы. | Н. Я. Данилевскийдің өмірі мен ғылыми қызметі. | Л. Н. Гумилевтің өмір жолы. |


Читайте также:
  1. Адам.Қоғам. Құқық пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспары
  2. Азіргі заманғы Қазақстан тарихынан күнтізбелік-тақырыптық жоспары.
  3. жұмыс оқу жоспарынан көшірме
  4. Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері
  5. Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
  6. Оқу пәндерін оқытудың жоспары
  7. Оқу пәнін оқытудың жоспары.

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

Кафедра _ ___ Еуразиялық зерттеулер ___

(кафедра атауы)

 

 

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

ЕТР 2112 Еуразияшылдық: теория және практика

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

 

 

Астана

 

 

Оқу әдістемелік кешен еуразиялық зерттеулер кафедрасында дайындалды.

Оқу әдістемелік кешен еуразиялық зерттеулер кафедрасының отырысында талқыланды.

Хаттама № 1 01.09.2012 ж.

 

Кафедра меңгерушісі: _____________ Шаяхметов Н.У.

 

 

Р.2.Силлабус

1.Пән оқытушысы: Шыныбеков Болат Шамкенұлы, еуразиялық зерттеулер кафедрасының аға оқытушысы.

Кафедраның байланыс телефоны: 8 (7172) 434886; bolat2008_65@mail.ru

Ғылыми мектеп: Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Ғылыми қызығушылығы аясы: Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы, Еуразия халықтары тарихы мен мәдениетін зерттеу.

2. Пәннің аты - ЕТР 2112- Еуразияшылдық: теория және практика, 2-кредит

3. Оқу пәнінің жүргізілу уақыты мен орны - сабақ кестесіне сәйкес.

4. Оқу пәндерінің деректемелері (пререквизиттер және постреквизиттер) тарих, мәдениеттану, әлеуметтану, экономика негіздері.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы Аталған пәнде еуразияшылдық идеясының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері толық қамтылады. Сондай-ақ, Қазақстанның еуразияшылдық идеясының мән-маңызы мен жүзеге асырылу жолдары қарастырылады.

5.1. Оқу пәнінің бағыты. Еуразияшылдық идеясының туындауының тарихи кезеңдері, әртүрлі ағымдары, қоғамдық-саяси ой-пікірлері туралы, Еуразиялық эконо­ми­калық интегра­ция­ның болашағы, Еуразиялық интеграцияның экономикалық негіздері, ЕурАзЭҚ-тың дамуының практикалық нәтижелері

туралы және еуразияшылдыққа қатысты қазақстандық жоба жайында оқытылады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: еуразияшылдық идеяның тарихын және оның қазіргі замандағы тәжірбиелік мәнісін зерттеу.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

1.Еуразияшылдықтың теориясы мен практикасы және осы идеяға қатысты қазақстандық жоба туралы жүйелі білім игеру.

2. Еуразияшылдық туралы алған іргелі білімдерін ғылыми зерттеулерде қолдану.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны. Еуразияшылдық: теория және практика курсы еуразияшылдық идеясы мен оның қайнар көздері хақындағы басты тұғырнамалар турасында ең негізгі және қажетті мәліметтер беру мақсатындағы дәрістер мен практикалық сабақтар беруді көздейді. Еуразияшылдық идеясы бұған дейінгі түрлі еуразиялық зерттеулер бағытында – негізінен орыс қоғамдық – саяси ғылыми ойының жемісі болып табылатын ойлар жүйесі мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық жаңа жобасы негізінде жаңа үрдістер мен түрленулерге ие болды.

5.5. Пәннің пререквизиттері. Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Философия, Саясаттану.

5.6. Пәннің постреквизиттері. Әлем тарихы, Еуразия халықтарының тарихы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, Орталық Азия елдерінің мәдениеті.


Пәнді оқытудың жоспары

№ апта Тақырып аттары Оқытуды ұйымдастырудың нысандары СӨЖ үшін тапсырмалар
  Еуразияшылдық идеясының жағрапиялық және тарихи мәні. Еуразия- жағрапиялық кеңістік. Еуразияшылдық идеясы тарихи түсінік ретінде. Еуразиялық кеңістік түсінігі мен «Еуразия идеясының» тарихи өзегі. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Пән бойынша әдебиеттер картотекасын жасау. Табиғи-климаттық ерекшеліктері бойынша кескін-карта жасау.
  Еуразия халықтары және олардың жағрафиялық орналасу ерекшелігі. Еуразия халықтарының шығу тарихы. Орта Азия халықтарының этногенезі. Еуразиялық халықтардың тарихына шолу жасау. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Еуразия халықтарының ежелгі мекендеген аймақтарын карта негізінде айқындау. Кесте-конспект жасау.
  Еуразиядағы көне өркениеттер. Көшпенділер мәдениеті. Көне қытай мәдениеті. Көне үнді мәдениеті. Көне грек мәдениеті. Еуразиялық көне өркениеттердің өзара саяси-мәдени байланыстарының ерекшелігін айқындау. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Көне өркениеттердің өзіндік ерекшелігі мен жалпы ұқсастықтарын кесте негізде көрсету. Реферат-баяндама жазу.
  Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтыруы. Түркі өркениетінің ерекшеліктері. Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті. Орта ғасырлық түркі өркениетінің Еуразиялық кеністіктегі тарихи орнын ашып көрсету. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Орта ғасырлық түркі елдерінің тарихы мен өркениеті туралы тарихи деректерден жазбаша конспекті жасау. Реферат-баяндама жазу.
  Алаш идеологиясы еуразияшылдық идея контексінде. Алаш қозғалысының қалыптасуы және дамуы. Алаш зиялыларының шығармашылық қызметі. Қазақ зиялыларының Шығыс пен Батыс өркениеті ара-қатынасы туралы зерттеулері. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Ә.Бөкейханов тың, М.Шоқайдың «Еуразиялық көзқарастары» деген тақырыптарда реферат жазу.
  Еуразияшылдық идеясының қалыптасу кезеңдері. 1920-1930 жж. еуразияшылдық идеясының дамуы. КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы. Еуразиялық идеяның негізін қалаушылардың басты идеяларына назар аудару және кейінгі сабақтастығын зерделеу. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Еуразияшылар дың негізгі идеяларын кесте негізінде ашып көрсету.  
  Еуразияшылдық идеясының негізін салушы ғалымдар- Н.С.Трубецкой мен П.И. Савицкийдің шығармашылық қызметі. Н.С. Трубецкойдың өмірі және ғылыми еңбектері. П.И. Савицкийдің творчестволық және өмір жолы. Н.С.Трубецкой мен П.И.Савицкидің «Еуразияшылдық идеясының» басты бағыттарын айқындау. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Н.С.Трубецкой мен П.И.Савицкидің еуразиялық тақырыптағы еңбектерінен қысқаша конспекті жасау.
  Классикалық еуразияшыл ғалымдар- Г.В. Вернадский және Н.Я. Данилевскийдің еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы. Г.В. Вернадскийдің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі. Н. Я. Данилевскийдің өмірі мен ғылыми қызметі. Г.Вернадский мен Н.Данилевскийдің «Еуразияшылдық идеясының» басты бағыттарын айқындау. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Г.Вернадский мен Н.Данилевский дің еуразиялық тақырыптағы еңбектерінен қысқаша конспекті жасау.
  Л.Н. Гумилевтің өмірі және ғылыми мұрасы. Л. Н. Гумилевтің өмір жолы. Л.Н.Гумилевтің еңбектерінде көшпенді халықтар тарихының зерттелуі Л.Н.Гумилевтің Еуразия халықтарының тарихын зерттеудегі үлесін ашып көрсету. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Л.Н.Гумилевтің өмірі мен ғылыми мұрасына ЕҰУ-дегі Л.Н.Гумилев мұражай-кабинеті қорындағы материалдар негізінде кесте жасау.
  Л.Н. Гумилевтің ғылыми-теориялық тұжырымдамалары. Л.Н.Гумилевтің этногенез және пассионарлық теориясы. Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі. Л.Н.Гумилевтің негізгі ғылыми-теориялық тұжырымдарына тоқталу. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Л.Н.Гумилевтің іргелі еңбектерінің біреуіне конспект жазу.
  О.Сүлейменов еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы. О. Сүлейменовтің түркі-славян мәдени байланысы жөніндегі еңбектері. О.Сүлейменовтің «АЗ и Я» еңбегіндегі еуразияшылдық идеясы. О.Сүлейменовтің еңбектеріндегі Еуразия халықтарының тарихи-мәдени байланысының ерекшеліктері. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 О.Сүлейменов тің «АЗиЯ» кітабына тарихи эссе жазу.  
  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық тұжырымдамасы. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы. Елбасы еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы. Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясының басты бағыттары. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Н.Ә.Назарбаев тың «Еуразиялық жобасы» тақырыбында баяндама әзірлеу.
  Еуразиялық интеграциядағы ТМД елдерінің ықпалдасу үрдісі Посткеңестік кезеңдегі еуразиялық интеграциялық ықпалдасу. ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК. ТМД елдеріндегі интеграциялық процестердің ерекшелігін саралау. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 ТМД елдері арасындағы интеграциялық үрдістерге шетелдік дереккөздерін пайдалану арқылы салыстырмалы талдау жасау.  
  Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) және техногендік процес: жетістіктері мен болашағы ЕурАзЭҚ: қалыптасуы, дамуы. ЕурАзЭҚ қызметінің маңызы. Қазіргі әлемдегі интеграциялық үрдістегі ЕурАзЭҚ-тың алатын орнын айқындау. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 ЕурАзЭҚ құрамын және қызметінің басты бағыттары бойынша кесте құру.  
  Кеден Одағы және Бірыңғай эко­но­ми­калық кеңістік: мәселелері және болашағы Кеден Одағының қалыптасуы және дамуы. БЭК: еуразиялық ықпалдастық жобасы. Қазіргі кездегі мәдени, саяси және экономикалық еуразиялық ықпалдасу. Кеден Одағының басты ерекшеліктері. Дәріс-1 Практ.-1 СӨЖ-4 Кеден Одағының қалыптасуы және дамуы туралы конспект жазу. Тест сұрақтарын жасау.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 396 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
оғамның әлеуметтік құрылымы| Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)