Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

оғамның әлеуметтік құрылымы

Читайте также:
  1. Африканың Ғылым жүйесі және инфрақұрылымы
  2. Африканың әлеуметтік инфрақұрылымы
  3. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  4. Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
  5. Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
  6. Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі
  7. Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде.
  1. Әлеуметтік жүйе және құрылым

Әлеуметтік жүйе - өзарабайланыстағы белгілі бір тәртіпке негізделген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін-өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық.

Әлеуметтік құрылым – қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы саналуан байланыстар.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттейтін ірі екі теория: әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік.

Екі компонент - әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік құрам әлеуметтік құрылымды біріктіреді.

Дамыған елдердің әлеуметтік құрылымын ромб геометриялық фигурасымен белгілейміз.

  1. Өзарабайланыстар мен қарым-қатынастар

Координация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім.

Субординация – жүйедегі элементтер статусының мәртебелігі мен маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болудың қатынастары.

Әлеуметтік байланыстар – адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болатын объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.

Әлеуметтік қарым-қатынас – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар.

Әлеуметтік өзара ықпалдасу – адамдар мен адам топтарының бір-біріне ықпал етуінің нәтижесінде пайда болатын процестер.

  1. Әлеуметтік институт және оның функциясы

Әлеуметтік институт дегеніміз:

· Қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін нормалар мен ережелердің жиынтығы;

· Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелердің жиынтығы;

· Адамзат қызметінің барлық салаларын реттейтін ресми және ресми емес ережелер, принциптер, нормалар кешені.

· Қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүруін ұйымдастыу мен реттеп отыратын тарихи қалыптасқан формасы.

«Әлеуметтік институт» терминін ең алғашқы болып қолданған әлеуметтану классиктерінің бірі – Герберт Спенсер.

Ең алғаш қалыптасып, пайда болған әлеуметтік институт – отбасы.

Қоғамның ең негізгі институты – отбасы.

Дәстүрлі қоғамдарда үстемдік еткен әлеуметтік институт – дін.

Рухани мәселелерді шешу дін институтына тән.

Қауіпсіздік және тәртіп қажеттілігі саяси институттқа тән.

Білім беру және әлеуметтендіру білім институтына тән.

Білімнің функциясы: өсіп келе жатқан ұрпаққа қоғамдағы ережелерді, құндылықтарды, идеалдарды қалыптастыру.

Барлық әлеуметтік институттардың басты қызметі – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру.

Әлеуметтік институттар шешетін міндеттер мен мақсаттардың жиынтығы – функция деп аталады.

Роберт Мертон енгізген «дисфункция», «эуфункция», «айқын» және «латентті» функциялар.

Эуфункция: 1) қоғамның жаңа жағдайға бейімделу процесі

2) жүйенің сақталуын қадағалау мен оның сыртқы ортаға бейімделуіне жағдай жасау.

Институттану - әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында әлеуметтік нормалардың, статустар мен рөлдердің анықталып, орнығу процесі.

  1. Әлеуметтік топ

Квазитоп – мүшелерінің арасындағы өзара әрекет тек бір жақты болатын, тұрақтылығы төмен топ.

Аудитория – коммуникатормен өзара әрекет үшін біріккен әлеуметтік қауымдастық.

Тобыр – мүдделерінің ортақтығына байланысты адамдардың тұйық (шектеулі) табиғи кеңістікте уақытша жиналуы.

Әлеуметтік шеңбер – ақпаратпен алмасу мақсатында құрылған әлеуметтік қауымдастық

Адхократия – басқаруға қатысты шешім қабылдау үшін арнайы қысқа мерзімге ұйыдасқан топ.

Диада, триада, референттік топ, бастапқы және қосалқы топ, интоп және аут-топ


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
23 страница| Пәнді оқытудың жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)