Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, мектебім! | Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский | Оқулықпен жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев | Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз! |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  4. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  5. Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау
  6. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері

П.И. Чайковский. «Щелкунчик» балетінен «Қытай биі» - тыңдау.

Сабақтың мақсаты:

1. Қытай халқының музыка өнерімен таныстыру.

2. Барлық өнердің қайнар көзі халықта екендігін түсіндіру.

3. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылығын дамыту.

Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Қытай халық музыкасының даму жолдары - бірнеше мыңдаған жылдарда жатыр. Қытай музыка өнеріне Қытай мемлекетінде тұратын ұйғыр, тибет, чжурчжен, маньчжур, т.б халықтар музыкасының эсері болды.

Қытай мәдениетінде юэ -тек қана музыка емес, әсемдікке байланысты өнер түрлерін дәріптейді.

1920 жылы консерватория ашылып, симфониялық оркестр құрылды.

Жапон басқыншылығы кезінде патриоттық әндер көп шығып, әсіресе жастар арасында кең тарады.

Патриоттық әндер негізіне ежелгі қытай поэтикалық жанры цы мен салт-дәстүр әндерінің әуені қолданылды.

Қазір Қытайда 40-тан астам музыкалық журналдар шығады. 1988 жылдан бастап 8 музыкалық жоғары оқу орны жұмыс жасайды.

Оқулықпен жұмыс: Қытай музыкасы мәтіні оқылады.

Музыка тыңдау: П.И. Чайковский. «Қытай биі» - «Щелкунчик» балетінен үзінді.

Қытай биі - ашық, ақжарқын, көңілді орындалады. Қытайдың күлдіргі қуыршақтарының көңіл күйлері көтеріңкі, кейде секіріп билесе, кейде бастарын шайқайды. Симфониялық оркестрдің үні ерекше естіледі. Музыкалық шығармада үрлемелі аспап флейта (флейта пиккало) ысқырып ойнаса, фаготтың қоңыр үні бір-бірімен үйлесіп, музыкаға эдемі дыбыс тембрін береді.

Шығармашылық жұмыс: Мақал-мәтелдер жарысы.

Ән орындау: Өткен сабақта үйренген әндерді қайталау. Әндерді жатқа, дыбыс ырғағын келтіре мәнерлі орындауға көңіл бөлу.

Қорытынды сұрақтар:

1. Қытай әндері мен музыкалық шығармалар енген қандай жинақ шыққан?

2. Үрлемелі аспаптары - юз неден жасалады?

3. Юэ қандай мағынаны білдіреді?

4. «Щелкунчик» балетінде қандай би биленеді?

 

Сабақтың тақырыбы: Музыканың қозғаушы белгілері.

Альтерация

Б. Әлімжан. «Ұл бала мен қыз бала» - үйрену.

Музыка сауаты: диез, бемоль.

Сабақтың мақсаты:

1. Музыка сауатын ашу. Музыкалық ұғымдармен таныстыру.

2. Үн тазалығын сезінуге үйрету. Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Топ алдында еркін, тиянақты, жүйелі ой айта білуге дағдыландыру.

3. Әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Музыканың сазды, әдемі әуенді орындалуына музыканың көркемдеуші құралдарымен қатар альтерация белгілерінің де көмегі зор.

Негізгі дыбыстарды жарты тон жоғарылату немесе төмендету белгілерін музыкада қозғаушы белгілер немесе альтерация дейді.

Оқулықпен жұмыс: Музыканың қозғаушы белгілері ережесі оқылады.

Фортепиано не баян аспабындағы ақ және қара басқыштардың қызметі туралы мұғалім музыкалық аспапта ойнап түсіндіреді. Оқулықтағы мысалдарды орындау барысында диез бен бемольдың дыбысталу ерекшеліктеріне назар аударылады.

Музыка сауаты: Негізгі дыбыстар ақ басқыш болса, диез не бемоль қара басқышта ойналады. Нота сызығында диез, бемоль белгілері қайталана бермес үшін, ол белгілерді әрқашан тек кілттің оң жағына, жол басына жазады.

Музыка хрестоматиясында берілген партитурадағы альтерация белгілерінің нота сызығында жазылуы оқушыларға көрсетіледі.

Музыка тыңдау: Мұғалімнің қалауы бойынша фортепиано аспабында орындалған музыкалық шығарма тыңдату.

Ән үйрену. Б. Әлімжанның «Ұл бала мен қыз бала» әні - көңілді, сергек, жайдары, орташа екпінде орындалады. Ән қыз бала мен ұл баланың арасындағы достықты, сыйластықты, адамгершілікті жырлайды.

Шығармашылық жұмыс: Достық туралы мақалдар айту.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

 

Досың дос болғанша шаттан,

Дұшпанмен дос болудан сақтан.

 

Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар.

 

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

 

Қорытынды сұрақтар:

1. Альтерация белгілері музыкалық дыбысты қалай өзгертеді?

2. Қандай альтерация белгілерімен таныстық?

3. Альтерация белгілері қайда жазылады?

4. Фортепиано мен баян аспабында ақ және қара басқыштар нені көрсетеді?

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 654 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шығармашылық жұмыс.| Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)