Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: Опера. Операдағы Абай бейнесі

Сабақтың тақырыбы: Орыс музыкасы | Шығармашылық жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы | Сабақтың тақырыбы: Аспаптық музыка | Сабақтың тақырыбы: Вокалдық музыка | Сабақтың тақырыбы: Хор | Сабақтың тақырыбы: Егемен ел - еркіндік жыры | Сабақтың тақырыбы: Петр Ильич Чайковский | Оқулықпен жұмыс. | Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  4. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  5. Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау
  6. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері

Музыка сауаты: Опера, ария.

Абай. «Желсіз түнде жарық ай» - тыңдау.

А. Жұбанов. «Абай» операсынан Абайдың ариясы - тыңдау.

Б. Әлімжан. «Абай - біздің бабамыз» - үйрену.

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткерлері А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Абай бейнесін ашу.

2. Халық музыкасы мен кәсіби музыка арасындағы байланысты сезіндіру.

3. Классикалық музыканы тыңдай білуге дағдыландыру. Музыкаға қызығушылығын арттыру. Ұлттық өнерді сүюге, әсемдікке тәрбиелеу.

Шығармашылық - танымдық белсенділігін арттыру. Пәнаралық байланыс арқылы оқушының білімін тереңдету.

Сабақтың барысы:

Оқулықпен жұмыс.

Опера - күрделі музыкалық шығарма. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен сахнада ән, хор, би орындалады.

Ария - операдағы жеке кейіпкердің музыкалық бейнесін ашатын ән. (Оқулықтағы анықтамалар оқылады.)

Алдыңғы сабақта өтілген М. Төлебаевтың шығармашылығы еске түсіріледі.

Музыка тыңдау: Қазақ опера музыкасында ерекше орын алатын А. Жұбановтың «Абай» операсы. «Абай» операсы 1944 жылы ұлы Абайдың 100 жылдығына қарсы қойылды. Операның либреттосын жазған әйгілі жазушы М. Әуезов - Абайдың музыкалық мұрасын жинап - сақтауға көп күш салған жазушы. Либреттоға ақын өміріндегі драмалық оқиға арқау болған. Опера кіріспе (увертюра), үш көріністен және соңғы бөлімнен тұрады.

Кәсіби опера өнерінің жетістіктерін ұлттық операда тиімді пайдалану - шығарманың табысы болып табылады. Операға Абай әндері сәтті енгізілген.

«Абай бейнесін ашуда өзінің философиялық мазмұны терең «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Айттым сәлем, қалам қас», «Желсіз түнде жарық ай» әндері операда жарқын көрініс тапты. Абай әндері басынан аяғына дейін қазақ музыкасының халықтық интонациясына құрылған», - деп айтқан еді А. Жұбанов.

Операда сонымен катар терме, желдірме, жоқтау сияқты халықтың ән мұралары молынан кездеседі.

Музыка тыңдау: Абай. «Желсіз түнде жарық ай».

Бұл ән сендерге таныс па? Оқушылар пікірлері тыңдалады.

(Қазақ кәсіби композиторлары тақырыбы еске түсіріледі).

Музыка тыңдау: «Абай» операсынан Абайдың ариясы.

1. Ария қалай орындалды?

2. Музыкалық ырғағы, жылдамдығы қандай?

3. Қандай музыкалық бейне көре алдың?

4. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуі, үні қалай естілді? Ариядан алған әсерлерін оқушылар ортаға салады.

Ариядан халқына қарап мұңын шағып, қайғысын айтып күңіреніп тұрған Абайдың музыкалық бейнесін кереміз.

Осындай қиын-қыстау кезде оның үміті де, арқа сүйері де халық.

Ән үйрену: Б. Әлімжан. «Абай - біздің бабамыз».

Ән мазмұны мен әуені жас ұрпақты енерге, адалдыққа, еңбекке, адамгершілікке, талапты болуға жетелейді.

Қорыту: Нені білдік? Нені есімізге сақтаймыз? Кестені толтыру.

Нені білдік?

Нені үйрендік?

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 922 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!| Томас Мор, Целевое конспектирование

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)