Читайте также:
|
|
Дәрістің мақсаты: қазіргі кездегі және дәстүрлі көзқарастарды талдау мен оны шешуде мәселенің пайдалылық функциясының құрылымын қарастыру.
Негізгі ұғымдар: акционерлік қоғам, концерн, серіктестік, шығындар, табыс түрлері, т.б.
Кәсіпорынның ұжымдық-құқықтық формаларына:
Кәсіпорынның ұжымдық-экономикалық формаларына:
Корпорация деп бір занды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі — акционерлік қоғам деп аталады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске
тартудың шексіз мүмкіндігі;
• акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
• басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамаңдарды шақыра алады;
• корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір
акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етейді.
Бизнес үйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:
• акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі - корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
• экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;
• меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция
иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, ме-
неджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ ар-тықшылыктары одан көп.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа жөне ірі бизнес болып болінеді.
Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.
Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.
Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.
Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.
Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міңдеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардьщ амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы.
Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) жоне қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа болуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорыннын тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады
Өзгермелі шыгьшдарга осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.
Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар ди-намикасымен танысайық. Бұңда үш жағдай болуы мүмкін:
1. Өзгермелі шығындар пропорционадды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса
2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс колемінің салыстырмалы кобеюінен аз болса, оңда дегрессивтік өзгермелі шығындардьщ болғаны
3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі, өндірістің көлемінен артық болса
Кәсіпорынның жалпы шыгындары деп— оның тұрақты және өзгермелі шығындарының сомасы түсініледі
ТС=FС+VС
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасыңдай шамаға өсіп отырады.
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығаруға үшін жүмсалған шығындар, яғни орташа шығындар туралы информация, өте маңызды. Орташа шыгындар АТС — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:
АТС=ТС\Q
Шекті шыгындар — бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.
Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы жүйесінде пайда маңызды орын алады. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді.
Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі:
- орташа тұрақты шығындар;
- орташа өзгермелі шығындар;
- орташа жалпы шығындар.
Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:
1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.
2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.
3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 248 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау | | | Кеңестік дәріс. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. |