Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Франц Шуберт

Читайте также:
  1. Cравнительная характеристика витражных красок C.Kreul (Кройль) Германия, Maimeri (Маймери) Италия , Pebeo (Пэбео) Франция
  2. XVIII. Современная школа французских каббалистов
  3. А також (в англійській і французькій мовах) так званих стягнених форм.
  4. Анна- королева Франції
  5. Архитектура Франции
  6. В самой Франции на местном и региональном уровнях организовываются курсы для руководителей предприятий и местных властей в целях их подготовки к будущему сотрудничеству.
  7. Вежливым следует быть со всеми, особенно с Французской академией

(1797-1828)

Франц Шуберт – Австрияның ұлы композиторы, Бетховеннің замандасы. Ол 31 жасында еңбегі жанып жатқан кезінде қайтыс болды. Композитордың 9 симфониялары көзі тірісінде орындалған жоқ, 603 әнінен 174, 20 шақты фортепианолық сонаталарынан 3-і ғана басылып шығарылды.

Табиғаттан ақ көңіл, өмірге құштарлы және өте адал Шуберттің музыкасы қарапайым, жарқын, шынайы. Бірақ соңғы шығармалары мұңлы, көңілсіз болып келеді. Себептері жеке өміріндегі сәтсіздіктері ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортасындағы қиындықтар болды. Бетховеннің музыкасы революциялық идеяларға толы болса, Шуберттің шығармашылығы ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарына сәйкес келді. Осы кезде бостандық, теңдік, бауырмашылық сияқты француз революциясының идеялары жайлы айтуға да болмайтын. Сондықтан адамдардың өміріндегі қызығушылықтар шектеулі болды. Бұл жағдай Шуберт үшін өте ауыр болғандықтан, оның соңғы шығармаларының көңіл-күйін сол замандағы австриялық қоғамның өмірінің бейнесі деп айтуға болады. Қоғамның үздік тұлғаларынының қарсылығы өнерде көрініс тапты. Осы жылдары романтизм бағыты пайда болады. Шуберт музыкадағы романтизм бағытының негізін қалаушы болды.

Франц Шуберт 1797 жылы Венаның Лихтенталь деген жерінде дүниеге келді. Әкесі – мектеп мұғалімі. Жанұясы да музыканы өте сүйген. Әкесі виолончельде, ал ағалары әртүрлі аспаптарда ойнаған. Кішкентай Францтың музыкалық қабілетін байқаған әкесі мен үлкен ағасы Игнац оны скрипка мен фортепианода ойнауды үйретеді. Францтың дауысы да керемет болған. Шіркеулік хорда ән айтып, Гайдн сияқты күрделі партияларды орындаған.

1808 жылы 11-ге толған кезінде Конвиктке түседі. Конвикт – шіркеулік әншілерді дайындайтын мектеп. Конвикт Шуберттің музыкалық қабілеттерінің дамуына ықпал етті. Ол мектептік оркестрде бірінші скрипкада ойнап, кейде дирижердың да қызметін атқаратын. Осы жылдары музыка жазуды бастайды. Оның алғашқы шығармалары: фортепианоға арналған фантазия және бірнеше әндер. Баланың қабілеттері белгілі сарайлық композитор Сальериді қызықтырады. Бір жылдай Сальери Шубертке композициядан сабақ берді.

Оқуын аяқтамай Шуберт конвикттен шығып кетеді. 3 жыл мұғалімдік қызмет атқарады. Сол кезде керемет әндері шығады: Гетенің сөзіне «Маргарита за прялкой», «Лесной царь» балладасы, сонаталар, симфониялар, квартеттер. Мектептен де шығып, әкесімен тіл табыса алмағандықтан үйінен кетіп қалады. Бар күшін тек музыкаға салады.

1817-1822 жылдар аралығында жолдастарының үйінде кезек-кезек тұрып жүрді. Олар Шпаун және Штадлер сияқты конвикттегі жолдастары еді. Кейін оларға өнердегі жан-жақты, дарынды Шобер, суретші Швинд, ақын Майрхофер, әнші Фогль қосылады. Осы үйірменің атын «Шубертиада» деп қойды, өйткені көбінесе Шуберттің шығармалары орындалған. Осындай отырыста композитор фортепианоға экосездер, вальстар, лендлерлер шығарған.

Шуберт үнемі шығармашылық ізденістерде жүріп, көп музыка жазды. Күніне бірнеше әндер жазатын кездері де болды. Осы кезде оның тамаша шығармалары жарық көрді: 8-9 симфониялары, «Прекрасная мельничиха» ән циклы, фортепианоға арналған сонаталары, месса, опера.

Шуберттің өмірінің соңғы он жылдағы шығармалары әртүрлі жанрда болды. Бірақ композитордың тірі кезінде шығармалары өте сирек орындалып, көбісі қолжазба күйінде қалған. Не қаражаты, не беделді таныстары болмағандақтан өз шығармаларын басып шығаруға мүмкіндігі болмады. Ешкімнен ештеңе сұрағысы келмеген композитордың материалдық жағдайы нашар болса да, князь Эстерхазидің шақыруымен оның жұмысына бармады. Материалдық жағдайы тіпті сүйікті қызына үйленуге де кедергі тудырды. Ол кедей, аш, бақытсыз, бірақ тәуелсіз болды. Ең бастысы оған музыка жазуға ешкім кедергі келтірмеді.

Дегенмен де, Венаның қарапайым халқы Шуберттің әндерін өте жақсы көрген. Әндерінің тарауына үлкен үлес қосқан сол кездегі өте танымал әнші Иоганн Михаэль Фогль еді. Шубертпен бірге үш рет Австрия қалаларына концерттік сапарға шыққан.

Қаражаттың жетіспеуі, өмір жолының ауыр болуына байланысты денсаулығы нашарлады. Әкесімен татуласуы және үйге қайта оралуы ештеңе өзгерте алмады. Бірақ Шуберт музыка жазуды тоқтатпады. Себебі өмірінің бар мәні және мақсаты да музыка еді.

27 жасында композитор досы Шоберге: «Мен өзімді бақытсыз, құрыған адам деп есептеймін» - деп хат жазады. Осы көңіл-күйі музыкасында да орын алады. Егер бұрын Шуберт жарқын, көңілді шығармалар жазса, өлімінен бір жыл бұрын «Зимний путь» ән циклы жарық көрді.

1828 жылы достарының арқасында Шуберттің жалғыз концерті өтіп, композиторға үлкен қуаныш алып келеді. Бірақ аяқ астынын тифпен ауырып қайтыс болады. Оның дүние-мүлкі арзанға сатылып, шығармалары жоғалып кетеді. Сол кездегі танымал ақын Грильпарцер Шуберттің ескерткішіне мына сөздерді қалдырды: «Өлім осы жерде қымбат байлықты жерледі, одан да қымбат асыл үміт».

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Шуберттің тұлға ретінде қалыптасуы қандай әлеуметтік-тарихи оқиғалармен байланысты?

2. Шуберттің өмірбаянын мазмұндаңдар.

3. «Шубертиада» дегеніміз не? Оның мүшелері.

4. Композитор қандай жанрларда жазды және ең атақты шығармаларын атаңдар.

5. Композитордың тірі кезіндегі шығармаларының тағдыры.

 

24 - тақырып

 

Шуберттің әндері.

Шуберттің шығармашылығында әндердің орны ерекше. Бетховеннің батырлық шығармашылығының орнына Шуберттің қарапайым кейіпкері келеді. Шуберттің кейіпкерлері терең бақытсыз, оның арманы мен үміті орындалмас. Жалғыз сенімді жолдасы – табиғат. Сондықтан оның шығармашылығында бұлақ, орман, гүлдер, құстар жиі кездеседі. Олар кейіпкермен әрдайым қуанышта да, қайғыда да бірге еріп жүреді.

Шуберттің әндері мелодиясының мінезі жағынан ерекше, көбінесе декламациялық, динамикалық болып келеді.

Шуберттің әндері көлемі бойынша шағын, бірақ терең мағыналы. Шығармашылығының ерте кезеңіндегі үздік әндеріне «Маргарита за прялкой» (1814 жыл), «Лесной царь» балладасы (1815 жыл) жатады. Екеуі де Гетенің сөзіне жазылған.

«Маргарита за прялкой» әнінде қыз тастап кеткен жігітін есіне түсіреді. Ол жалғыз және терең қайғыда:

«Лесной царь» балладасы – күрделі шығарма. Бұл әнге қарағанда драмалық көрініске жақын. Алдымызда үш кейіпкер: орман ішімен шауып келе жатқан әкесі, науқас баласы және орман патшасы. Әрқайсысының өз мелодиялық тілі бар.

Науқас баланың вокалдық партиясы толқыған, абыржулы, қорқыныш бейнесін беретін драмалық декломацияны елестетеді. Ал әкесі оны жұбатады. Орман патшасының мелодиясы құлаққа жағымды, ол баланы өзінің тамаша патшалығына шақырады:

а)

б)

 

в)

Шығарма трагедиямен аяқталады. Аурудан қажыған баласы әкесінің қолында қайтыс болады.

Музыка поэтикалық мәтіннің сюжетік дамуымен тығыз байланыста болатын шығарма баллада деп аталады. «Лесной царь» балладасында Шуберт Гете өлеңінің ойын поэтикалық түрде ашты.

Шуберттің «Форель», «Серенада», «Баркарола», «Утреняя серенада» әндері де белгілі. Бұл әндер кешірек шықты. Олар қарапайым және мәнерлі мелодиясымен, жаңа гармониялық бояуларымен айырықша. Бұл әндердің әрқайсысында композитор табиғат бейнелерін ашады.

«Форель». Ля- бемоль мажор. Тау бұлағының мөлдір суында күміс балық көңілді жүзіп жүр. Ол өзіне төніп тұрған қатерді анық көруде. Оны ұстау үшін балықшы суды ластайды. Балық ұсталды. Бұл әннің мелодиясы би мінезінде жазылған:

 

Ән Шубертке тән куплетті-вариациялық формада жазылған. Мазмұнына байланысты әр куплетке композитор кейбір өзгерістер енгізген.

«Серенада». Фа мажор. Лирикалық мазмұндағы ән. Ертеде бұл әнді сүйікті адамдарына арнап гитарамен орындайтын. Сондай-ақ ішекті аспаптармен, мандолинамен орындалады.

Серенаданың мінезі ашық, арманды көңіл-күйге толы:

Шуберт неміс ақыны Вильгельм Мюллердің сөзіне 2 ән циклын шығарады: «Прекрасная мельничиха» (1823) және «Зимний путь» (1827). Олардың әрқайсысы бір сюжетпен байланысты.

«Прекрасная мельничиха» циклының әндерінде жас диірменші жайлы айтылады. Ол бұлақтың ағынына еріп, өз бақытын іздеуге шығады. Циклдағы әндердің көбісі жарқын мінезді. Бірінші ән «В путь» кең танымал. Халық әуендеріне жақын қарапайым мелодия диірменшінің көтеріңкі көңіл-күйін суреттейді (си бемоль мажор):

Шуберт кейіпкерінің махаббаттан көңілі қалып, арманға, бақытқа деген үміті үзіледі. Жалғыз досы – бұлақ. Бұлақтың бейнесі кейіпкердің көңіл-күйіне байланысты өзгереді. Мысалы: «Колыбельная ручья» әнінде музыка кейіпкерді қайғысында жұбатып жатқан бұлақтың сабырлы қозғалысын көрсетеді:

«Зимний путь» циклының мінезі мүлде басқа. Кедей жігітті бай қалыңдығы тастап кетеді. Ол қайғы үстінде туған қаласын тастап, дүниені аралауға шығады. Ол жалғыз. Оның серіктері – жел, боран, қарғалар.

Цикл «Спокойно спи» әнімен басталады. Мұңлы мелодия терең қайғы көңіл-күйін тудырады:

«Весенний сон» әнінде екі қарама-қарсы бейне берілген: 1 – бақытсыз жолаушының тамаша түсі, 2 – оянғандағы қапас шындық болмыс. Жігіттің түсін суреттейтін музыка көңілді, жарқын және шынымен де көктемдік көңіл-күй сыйлайды:

Ал шындық көрінісі түнек бояуларына толы. Мелодиясы ынталы, үзілмелі:

 

«Зимний путь» «Шарманщик» әнімен аяқталады. Негізгі бейнесі –үмітсіздік, жалғыздық. Қайыршы қария шарманкада ойнап жүр. Ол жалғыз, аш, шынысы бос:

а)

 

б)

Шуберттің ән шығармашылығы ерекше. Бұл поэтикалық мәтінмен тығыз байланысты мәнерлі мелодиясы арқылы беріледі. Әнні мелодиясы сюжетпен бірге дамиды. Мағынасы жағынан өлеңдегі маңызды сөздерді композитор мәнерлі интонациямен, фразамен, гармониялық айналыммен белгілейді. Фортепиано партиясының да маңызы зор.

Шуберттің әндері венгриялық, славяндық және австриялық халық әндеріне жақын. Көбінесе олардың формалары куплетті. Сондай-ақ мажор мен минорды кезектестіре отырып, Шуберт кейіпкерлерінің көңіл-күйлерін суреттейді.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Шуберт кейіпкерінің Бетховен кейіпкерінен айырмашылығы.
  2. «Маргарита за прялкой» әні мен «Лесной царь» балладасы туралы баяндап, олардың әдебиет авторын атаңдар.
  3. Шуберт қандай ән циклдарын жазды? Олардың мәтінінің авторы кім?
  4. «Прекрасная мельничиха» ән циклы туралы айтып беріңдер.
  5. «Зимний путь» циклының мазмұны.

 

 

25- тақырып

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 661 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жанрлар | Иоганн Себастьян Бах | Инвенциялар. | Франц Иозеф Гайдн | Жылдам, жанды | Жылдам, жанды | Вольфганг Амадей Моцарт | Байыппен | Мазуркалар | Вальс до-диез минор |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Людвиг ван Бетховен| Фридерик Шопен

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)