Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Франц Иозеф Гайдн

Читайте также:
  1. Cравнительная характеристика витражных красок C.Kreul (Кройль) Германия, Maimeri (Маймери) Италия , Pebeo (Пэбео) Франция
  2. XVIII. Современная школа французских каббалистов
  3. А також (в англійській і французькій мовах) так званих стягнених форм.
  4. Анна- королева Франції
  5. Архитектура Франции
  6. В самой Франции на местном и региональном уровнях организовываются курсы для руководителей предприятий и местных властей в целях их подготовки к будущему сотрудничеству.
  7. Вежливым следует быть со всеми, особенно с Французской академией

(1732-1809)

Австрияның ұлы композиторы, Моцарт, Бетховен және жас Шуберттің замандасы болған. Ол 100-ден аса симфониялар, 80-нен аса ішекті квартеттер, клавирге арналан 52 сонаталар, 30-ға жуық опера, ораториялар, және басқа да көп музыка жазды.

Гайднды симфония мен квартеттің «атасы» деп атаған. Гайднға дейін сонаталар, симфониялар, квартеттер жазылған, бірақ тек Гайднның шығармашылығында ғана олар классикалық жанрларға айналды. Сол себептен Гайднның музыкасын классикалық музыкаға жатқызамыз. Ал өмірі Венада өткендіктен оны Вена классигі деп атаған. Сондай-ақ оның екі ұлы замандастары Моцарт пен Бетховен де Вена классиктері атанған. Композитор өз музыкасында халық әуендерін кең пайдаланған. Оның шығармаларына сымбаттылық, салмақтылық, жарқын мінез тән.

Гайдн Венаға жақын Рорау қалашығында дүниеге келген. Әкесі қарапайым қолөнерші – дөңгелектер, арба, күймелер жасаған. Ол музыканы сүйгендіктен арфада өзіне сүйемелдеп ән айтқан. Үйлерінде әрдайым музыканы сүйетін қауым жиналатын. Гайдн да кішкентай кезінен музыкаға жақын болып өседі. Оның есте сақтау, есту қабілеттері, ритм сезімі және керемет дауысы болған. Сол себепті ол шіркеу хорына, кейін «Әулие Стефан» шіркеу хор капелласына қабылданады. Шіркеу хоры қаланың көптеген концерттеріне, патша сарайында өтетін мейрамдарға қатысқан. Шіркеуде Гайдн скрипка, клавикорд аспаптарын меңгеріп, 9 жыл капеллада ән айтады.

Жастық шақ кезінде дауысы бұзыла бастағандықтан оны капелладан шығарып жібереді. Жас жігіт далада қалады, сондықтан ол кез-келген жұмысты істеуге мәжбүр болады. Музыкадан сабақ береді, скрипкада мерекелерде ойнайды, тапсырыс бойынша бірнеше ірі шығармалар жазады: «Новый хромой бес» музыкалық комедиясы, квартеттер (2 скрипка, альт, виолончель), симфониялар. Бірақ композитор болу үшін өте көп оқу керек екендігін Гайдн жақсы түсінді. Ол итальяндық композитор, мұғалім, әнші Никколо Порпораға сүйемелдеуші болып бірталай жұмыс атқарғандықтан Порпора оған композициядан сабақ береді.

Суық шатыр астында күн көріп жүрген Гайдн, ескі клавикордта атақты композиторлардың шығармаларын ойнап, зерттейді. Ол Вена көшелерін күні-түні кезіп жүріп халық әндерін тыңдайды. Сол кезде Вена көшелерінде әртүрлі Австрия, Чехия, Украин, Венгр, Хорват халық әуендері естіліп жататын. Сондықтан Гайднның көп шығармаларына осы әуендер енген.

1761 жылы Гайднның аты бүкіл Венаға танымал болды. Оны Венгр князі Эстерхази жұмысқа шақырады. 30 жыл бойы Гайдн князь Эстерхази сарайында оркестр және хор дирижеры болып жұмыс атқарады. Сол кезде Гайдн симфониялар, опералар, квартеттер шығарады. Ең атақтылары: «Медведь», «Детская», «Часы», «Школьный учитель» т.б. Әр жақтан Эстерхазиге келген қонақтар Гайднның музыкасына таңғалады. Оның есімі Англия, Франция, Ресейге жетеді. Қолы бос кезде Венада жолдастарымен кездесетін. Әсіресе Моцартпен танысқаннан кейін, онымен әңгімелесуді, квартеттер ойнауды жақсы көретін. Гайдн - скрипкада, Моцарт – альтта ойнаған.

Жаз мезгілінде Гайдн және оркестр музыканттары князь Эстерхазидың қаладан тыс жердегі үйінде тұрғандықтан, бала-шағаларын, туысқандарын ұзақ уақыт көрмей қатты сағынатын. Айтулар бойынша, бір күні жазғы сарайдағы жұмыс күздің ортасына дейін созылады, ал князь қалаға оралуды ойламайды. Гайдн осы жағдайға байланысты «Прощальная» атты симфониясын жазады. Симфонияның мазмұны:

Симфония орындалып жатқанда оркестр музыканттары өз партиясын орындап, шырақты сөндіріп, бір-бірден орындарынан тұрып шығып кетеді екен. Ең соңында екі скрипкашы қалады, олардың біреуі – Гайдн. Олар да бір-бірінің артынан шырақты сөндіріп, сахнадан кетеді. Князь Эстерхази іс-шараны түсініп, қалаға қайтуды жариялайды.

1791 жылы, Гайднның жасы 60-қа таяп қалғанда қария князь Эстерхази қайтыс болады. Оның мұрагері музыканы аса сүймегендіктен капелланы таратып жібереді. Ал Гайднға атақты музыкант болғандықтан өмірлік пенсия тағайындайды.

Гайдн аңсаған бостандыққа қол жеткізеді. Ол концерттік сапармен Англияға барады. Өз шығармаларын оркестрмен орындап үлкен жетістікке жетеді. Оксфорд университеті Гайднды өзінің қадірлі мүшесі ретінде сайлайды.

Гайдн Англияға екі рет барып, сол жылдары өзінің атақты он екі «Лондондық симфонияларын» жазады. Жылдар өткен сайын композитордың дарыны гүлденіп, музыкасы терең және мәнерлі бола түседі.

Бос уақытының аздығына қарамастан, көп музыка тыңдайды. Әсіресе Гендельдің ораторияларынан үлкен әсер алады. Венаға оралғаннан кейін Гайдн «Сотворение мира» және «Времена года» атты екі ораториясын жазды. Бұдан бұрын Лондонға келе жатып Бонн қаласы арқылы өтеді. Сол кезде Гайдн жас Бетховенмен танысады. Ал Венаға келгеннен кейін онымен композиция бойынша дайындалады.

«Лондондық симфониялары» мен ораториялары Гайдн шығармашылығының шыңы болып табылады. Ораториялардан кейін Гайдн музыка жазбайды.

Өмірінің соңғы жылдарын композитор Вена маңындағы үйінде өткізеді. 1809 жылы Гайдн қайтыс болып, Венада жерленеді.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. И.Гайдн қай елдің композиторы? Қашан дүниеге келді?
  2. Эстерхази капелласында неше жыл жұмыс істеді?
  3. И.Гайднның Моцарт және Бетховенмен танысуы туралы баяндаңдар.
  4. Қай жылы И.Гайдн Лондонға концерттік сапармен барды?
  5. Лондон кезеңіндегі жазған симфониялары қалай аталады және олардың саны.
  6. Композитордың соңғы ірі екі шығармасы.

13- тақырып

 

Сонаталы-симфониялық цикл.

Симфония – (грек сөзі) үндестік, келісім. Симфония циклдық шығарма. Цикл дегеніміз – көп бөлімнен тұратын шығарма. Көп бөлімнен сюиталар, симфониялар, квартеттер, концерттер құралады. Бұрын симфония деп – сюитаның, операның оркестрлік кіріспесін атаған. Жеке жанрға симфония ХVIII ғасырда айналған. Гайднның шығармашылығында симфония классикалық форма және 4 бөлімдік циклға айналды.

І бөлім – Сонаталық allegro.

ІІ бөлім – Баяу, лирикалық.

ІІІ бөлім – Менуэт.

ІV бөлім – Финал

Сонаталы – симфониялық циклдың І бөлімі - Сонаталық allegro. Бұл І бөлім allegro темпінде және сонаталық формада жазылғандығын білдіреді.

Сонаталық форма 3 тараудан тұрады: экспозиция, разработка, реприза.

Экспозиция - Басты партия (БП), Байланыс партия (Бай.П), Жанама партия (ЖП), Соңғы партия (СП) деп аталатын 4 тақырыптың көрсетілімі.

Басты партия (БП) – бұлай аталатын себебі, ол әрдайым басты тональносте жазылады.

Байланыс партия (Бай.П) - бұлай аталатын себебі, ол басты және жанама партияларды байланыстырып тұрады.

Жанама партия (ЖП) - бұлай аталатын себебі, ол басқа, жанама тональносте жазылады. Мысалы: параллельдік немесе Доминантаның тональностінде беріледі. Экспозицияны соңғы партия (СП) аяқтайды.

Сонаталық форманың екінші тарауы разработка (өңдеу) деп аталады. Мұнда экспозицияның тақырыптары дамиды. Тақырыптарды дамыту немесе өңдеу - бұл олардың ішінде бірдеңені өзгертуді білдіреді. Мысалы: тақырыпты әртүрлі тональностерде, әртүрлі аспаптармен, әртүрлі регистрлерде ойнауға болады.

Сонаталық форманың үшінші тарауы - реприза. Реприза – экспозицияның барлық тақырыптарын (БП, Бай.П, ЖП, СП) қайталау. Бірақ енді барлық тақырыптар басты тональносте орындалады.

Сонаталы – симфониялық циклдың ІІ бөлімі – баяу, лирикалық. «Лирикалық» сөзі осы бөлімнің музыкасы адамның сезімдері мен уайымдарын немесе белгілі бір жағдайын суреттейтінін білдіреді. Мысалы: қуаныш, мұң, қайғы немесе сабырлық.

Композитордың қалауы бойынша бұл бөлім әртүрлі формада жазылады: 1. Үшбөлімді формада. Әріптермен бұл форманы былай белгілеуге болады: А В А. І және ІІІ бөлімдер бірдей, ал ортаңғы бөлімде жаңа тақырып пайда болады немесе бірінші бөлімнің материалы дамиды.

2. Вариациялар формасында. Әріптермен бұл форманы былай белгілеуге болады: А А1 А2 А3 және т.с.. А деген негізгі тақырып беріледі, ал кейін бұл тақырып кейбір өзгерістермен қайталанады.

3. Разработкасы жоқ сонаталық формада.

4. Өте сирек ІІ бөлім рондо формасында жазылады. Әріптермен бұл форманы былай белгілеуге болады: А В А С А. А деген негізгі тақырып 3 рет қайталанады, ол рефрен деп аталады. Ал олардың ортасында жаңа тақырыптар, яғни эпизодтар пайда болады.

ІІІ бөлім – Менуэт. Менуэт – көне француз биі. Оны корольдің өзі бал кештерінде билеген. Сондықтан бұл биді «Корольдардың биі» немесе «Барлық билердің королі» деп атаған. Менуэтті симфонияға енгізген Гайдн. Менуэт әрдайым үшбөлімді формада жазылады: А В А.

ІV бөлім - Финал. Финал – бұл бүкіл шығарманың қорытындысы. Көбінесе финалдың музыкасы көңілді, жарқын болады. Бұл халық мерекелерінің суреттері.

Финал да әртүрлі формаларда жазыла береді:

1) Сонаталық формада

2) Рондо формасында А В А С А

3) Көбінесе финал рондо – соната формасында жазылады. Бұл форманың былай аталу себебі, мұнда сонаталық және рондо формаларының кескіндері бар. Сонаталық формадан 3 тарау:экспозиция, разработка, реприза және басты партия (БП), байланыс партия (Бай.П), жанама партия (ЖП), соңғы партия (СП) тақырыптары алынады. Ал рондо формасынан басты партияның (БП) 3 рет қайталануы.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Симфония деген не?
  2. Бұрын симфония деп нені атаған?
  3. Кімнің шығармашылығында симфония классикалық формаға, төрт бөлімді циклға айналды?
  4. Сонаталы-симфониялық цикл неше бөлімнен тұрады? Бөлімдерінің мінездемесі.
  5. Сонаталық форма. Оның тарауларын атаңдар.
  6. Вариациялық форманы түсіндіріңдер.
  7. Үш бөлімді форманың схемасын көрсетіңдер.

 

14- тақырып

Ми – бемоль мажор симфониясы

Ми бемоль мажор симфониясы – он екі «Лондон симфонияларының» бірі. Литавралардың тремолосымен басталғандықтан бүкіл симфония «С тремоло литавр» деп аталып кеткен. Бұл шығарманың мінезі жарқын, көңілді. Оның тақырыптары неміс-австриялық және хорват халық әуендеріне жақын.

Симфония 4 бөлімнен тұрады.

Симфонияның І бөлімі баяу кіріспеден басталады. Күннің күркірегенін елестететін литавралардың тремолосынан кейін, бір құпия тақырып естіледі(Es–dur):

Баяу

Кейін мінездері әртүрлі 2 тақырып қосылады.

1-тақырып – басты партия мерекелік көңіл-күй енгізеді. Ол би мінезді және негізгі тональносте берілген:


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 518 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жанрлар | Иоганн Себастьян Бах | Жылдам, жанды | Вольфганг Амадей Моцарт | Байыппен | Людвиг ван Бетховен | Франц Шуберт | Фридерик Шопен | Мазуркалар | Вальс до-диез минор |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инвенциялар.| Жылдам, жанды

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)