Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Байыппен

 

Финал қайырмасы бар үшбөлімді формада берілген. Қайырмасының қайталануы формаға рондо кескіндерін береді. Көңілді, мерекелі мелодиясы арпеджиолық сүйемелдеумен барабанның дүбірін елестетеді:

 

Бұл бөлім финалдың негізгі тақырыбы мен қайырмасын біріктiретін кодамен аяқталады.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Соната қай жылы қандай қалада жазылды?

2. Сонатаның жалпы мінезі.

3. І бөлім туралы түсінік беріңдер.

4. ІІ бөлімінің құрылымы мен мінездемесі.

5. ІІІ бөлімі қалай аталады? Мінездемесі мен формасы.

 

 

18 - тақырып

«Свадьба Фигаро» операсы

«Свадьба Фигаро» операсы 1786 жылы француз жазушысы Бомаршенің «Безумный день, или Женитьба Фигаро» атты комедиясы бойынша жазылған.

Моцартты комедияның батылдығы мен өткірлігі қызықтырды. Граф Альмавиваның үйінде екі қызметші – Фигаро мен Сюзаннаның үйлену тойына дайындық өтіп жатыр. Бірақ графтың өзіне Сюзанна ұнағандықтан, ол тойды болдырмауға тырысады. Фигароның ақылы мен тапқырлығы барлық бөгеттерді жояды. Қызметшілер өз мырзаларын алдап, ыңғайсыз және күлкілі жағдайға қалдырады. Алаңмен өткен күн көңілді үйлену тойымен аяқталады

Әділетсіздікті көп көрген Моцартқа бұл комедияның сюжеті аса жақын болды. Комедиядағы қарапайым адамның дәулетті және беделді адамнан жоғары тұрғаны композиторды аса қызықтырды.

Операның либреттосын жазған Лоренцо Да Понте. Бірақ Да Понте енгізген өзгерістерге қарамастан, операның негізгі идеясы өзгеріссіз қалды. Ол – қызметшінің мырзадан жоғары тұруы.

Опера увертюрадан басталады. Операның увертюрасы Бомарше комедиясының жалпы көңіл-күйін, «ессіз күннің» алаңы мен мазасыздығын суреттейді.

Увертюра разработкасы жоқ сонаталық формада жазылған. Увертюраның жігерлі, көңілді, жылдам пассаждары, басты партиясы (ре мажор) Фигароның бейнесін суреттейді. Басты партия бүкіл оркестрмен орындалады:

 

 

Өте тез

Жанама партия (ля мажор) да жайдарлы. Бұл тақырып Сюзаннаның бейнесімен байланысты. Мелодияны скрипкалар жұмсақ, мәнерлі орындайды:

 

Жалпы мерекелік көңіл-күй увертюраның соңына дейін сақталады.

«Свадьба Фигаро» операсына увертюра - ең үздік шығармалардың бірі. Сондықтан ол өз бетімен дамып, көптеген концерттерде операдан бөлек орындалып жүр.

Басты кейіпкер Фигаро (баритон) операда жан-жақты көрсетілген. Оның ариялары, ол қатысатын ансамбльдері Фигароның мінезінің әртүрлі қырларын - тапқырлығы мен ақылын ашып көрсетеді.

Фигароның бірінші жеке номері – бірінші көріністегі каватинасы. Граф Сюзаннаны ұнататынын Фигаро Сюзаннадан біледі.

Каватинаның бірінші және үшінші бөлімдері менуэт жанрында берілген. Бұл – Фигароның мырзасына өз ішінен ескертуі:

 

Ал каватинаның ортаңғы бөлімі Фигароның маскасыз батыл, жігерлі, шынайы портретін суреттейді: Тез Бірінші көріністі аяқтайтын ариясында кейіпкердің музыкалық портреті одан да мәнерлі берілген:

Жанды, көңілді

Бұл жерде Фигаро қалжыңдап паж Керубиноға оның болашағын суреттейді.Ал Керубино графтың бұйрығы бойынша әскерге аттану керек болды.

Марш музыкасы әскери өмірді суреттейді. Ария рондо формасында жазылған. Негізгі марш тақырыбы арияда үш рет бір мәтінмен қайталанады («Мальчик резвый, кудрявый, влюбленный»), ал соңында бүкіл оркестрмен forte –да естіледі. Ал негізгі тақырыптың қайталануының арасында біресе жеңіл, («Распростись ты с духами, с помадой») біресе фанфарлық музыка («Будешь воином суровым») пайда болады.

Фигароның ариясы - операның белгілі нөмірлерінің бірі. Ол концерттерде жиі орындалады. Сондай-ақ арияның әртүрлі аспаптарға өңдеулері бар.

Паж Керубиноның операда маңызы үлкен. Ол сарай тұрғындарының көңіл көтерулеріне белсене қатысады. Бірінші көріністегі ариясында Керубино Сюзаннаға өзі түсіне алмай жүрген сезімдері мен ұмтылыстары жайлы айтады (Керубиноның партиясын меццо-сопрано орындайды):

Өте жанды Арияда бозбаланың толқығаны жақсы берілген. Мұнда бақытқа және қуанышқа деген ұмтылыс суреттелген.

Екінші көріністегі Керубиноның ариясы графиня Розиняға қаратып айтылған:

Асықпай, қозғалыспен Мәнерлі мелодия оның сөздерінің жұмсақтығы мен жылуын береді. Ал оркестрдің сүйемелдеуі гитараның дыбысына еліктейді.

Графиняның қызметшісі Сюзаннаның (сопрано) ақылы мен тапқырлығы Фигародан кем емес. Өз бақыты үшін әртүрлі қулықтарға барып, көп күш жұмсайды. Тек жалғыз қалғанда ғана ол Фигаро туралы армандайды. Оның үйлену тойы жақындап қалды. Төртінші көріністегі ариясы жарқын, нәзік естіледі:

Опера екпінді ұмтылыспен аяқталады. Сюзанна, Фигаро және графиняның қулықтарының нәтижесінде, граф ештеңені сезбей, Сюзаннаның киімін киіп алған өз әйеліне қырындайды. Беті ашылып ұятқа қалған граф, Сюзанна мен Фигароның бақытына кедергі жасамайды. Опера көңілді үйлену тойымен аяқталады.

«Свадьба Фигаро» операсы алғаш рет 1786 жылы Венада қойылып, бүкіл әлемге танымал болады. Ресейде Моцарттың операсы алғаш рет 1815 жылы итальян тілінде қойылды. 1875 жылы Петр Ильич Чайковский опера мәтінін орыс тіліне аударды.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. «Свадьба Фигаро» операсы қай жылы жазылды?

2. Операның негізінде қандай әдеби шығарма жатыр?

3. Увертюра туралы түсінік беріңдер.

4. Фигароның мінездемесі қандай?

5. Керубино деген кім? Оның партиясы қай дауысқа берілген?

 

Сынып

19- тақырып


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 243 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жанрлар | Иоганн Себастьян Бах | Инвенциялар. | Франц Иозеф Гайдн | Жылдам, жанды | Жылдам, жанды | Франц Шуберт | Фридерик Шопен | Мазуркалар | Вальс до-диез минор |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Вольфганг Амадей Моцарт| Людвиг ван Бетховен

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)