Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Людвиг ван Бетховен

Читайте также:
  1. Рассказывает Олеандрус Людвиг Аттикус

(1770-1827)

Бетховен немістің ұлы композиторы, Вена классикалық мектебінің соңғы өкілі. Ол Гайдн мен Моцарттың дәстүрлеріне сүйене отырып, классикалық музыкада жаңа тақырып ашты. Оның музыкадағы жаңашылдығы ең алдымен ерлік тақырыбы. Бұрын музыкада ерлік тақырыбын тек опера және оратория жанрында қолданған. Ал Бетховен бұл тақырыпты симфония және фортепиано сонаталарына енгізді. Бетховеннің музыкасында ерлік тақырыбы драмалық қақтығысты бейнелейді.

1789 жылы Францияда буржуазиялық революция басталды. Революцияның негізгі ұраны – еркіндік, бауырмышылық, теңдік. Осындай ой Бетховенге де жақын болды және көзқарасын белгіледі.

Бетховен Бонн неміс қаласында 1770 жылы дүниеге келді. Музыканттар отбасында өскен. Атасы князь сарайының капелласында ән айтып, скрипкада ойнаған. Әкесі де әнші, капеллада ән айтқан. Бетховеннің музыкаға деген қабілеті ерте байқалады. Людвигтің бірінші мұғалімі әкесі болды. Ол тәжірибесіз педагог, қатал, қатыгез адам болған. Алғашында ол Людвигті клавесинде, кейін әкесінің жолдастары скрипка мен органда ойнауды үйретеді.

8 жасында Кельн қаласында бірінші концертін беріп, кейін тұрмыс жағдайының нашарлауына байланысты әкесі Людвигті мектептен мүлде алып кетеді.12 жасында Бетховен капеллаға органист болып жұмысқа қабылданады.

1782 жылы ол Кристиан Нефемен танысады. Нефе Бонн қаласындағы капелланың жетекшісі, сол заманның алдыңғы қатардағы музыканттарының бірі, білікті де білімді адам болған. Бетховеннің дарындылығын байқап, оған жетекші, мұғалім болды. Нефе Людвигті Бах, Гайдн, Гендель, Моцарт сияқты ірі композиторлардың әйгілі шығармаларымен таныстырады. Бетховеннің алғашқы шығармаларын басып шығаруға көмектеседі. Олар: Дресслер маршына вариациялар, фортепианоға арналған 3 сонаталары. Бетховен бос кезінде тарих, әдебиет шығармаларына да көңіл бөлді. Олар Гете, Шекспир, Шиллер, т.б.

1787 жылы Бетховен Венаға барып Моцартпен кездеседі. Моцарт Бетховенді тыңдап оның болашағы бар екенін айтады. Бірақ екі ұлы музыканттардың кездесуі ұзаққа созылмайды. Бетховеннің анасы қайтыс болғандықтан Боннға оралып, жанұясының қамқорлығын өз мойнына алады.

1789 жылы Францияда революция басталған кезде, Бетховен Нефенің кеңесі бойынша Бонн университетінің философиялық факультетіне түседі. Венаға көшіп кетуіне Боннға Гайднның келуі ықпал етті. Ол Бетховенді тыңдап, Венада көмектесуге уәде береді.

1792 жылы композитор Венаға көшіп келіп, өмірінің соңына дейін осында қалады. Сол кезде Вена Еуропадағы ең ірі музыкалық орталықтардың бірі болған. Көп ұзамай Бетховеннің аты белгілі болады. 1782-1792 жылдары 50 шақты шығармалар жазды: фортепианоға арналған шағын пьесалар, 3 фортепианолық соната, 3 квартет, әндер және т.б. Венада Бетховен Гайдн мен Сальериден теория, композиция бойынша сабақ алады. 1795 жылы фортепианоға арналған трио, 19 фотепианолық сонаталар, фортепиано мен оркестрге арналған үш концерт, екі симфониясы жарық көрді.

Бетховеннің өмірінің трагедиясы – кереңдігі болды.

1802 жыл – ең маңызды кезең. Бірінен соң бірі 6 симфониясы қатар шығады. Оның ішінде атақты «Ерлік симфониясы» № 3, «Эгмонт», «Кориолан», «Леонора» увертюралары, бірнеше сонаталар, «Фиделио» операсы, скрипка мен фортепианоға арналған Крейцер сонатасы, сонымен қатар Гетенің өлеңдеріне бірнеше әндер, сондай-ақ халық әндерін өңдеген. 1814-1824 жылдары «Битва при Витории», «Славные мгновения» атты екі кантатасы, виолончельге арналған екі сонатасы, «К далекой возлюбленной» әндер циклы және 5 соңғы фортепианолық сонаталары жарық көрді.

1824 жылы шіркеуге арналған «Торжественная месса» және шығармашылығындағы ең әйгілі, ең маңызды шығармасы - 9-шы симфониясын бітіреді.

Бетховен 1827 жылы қайтыс болды. Оның жерлеуі үлкен манифестацияға айналды. Композитор Венада жерленген, ал Бонндағы үйі қазіргі кезде мұражай.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Бетховеннің қандай шығармаларын білесіңдер?
  2. Гайдн мен Моцарт музыкасынан Бетховен музыкасының айырмашылығы неде?
  3. Бетховеннің өмір сүрген жылдары.
  4. Қайда туылды? Өмірінің көп жылдарын қай қалада өткізді?
  5. Қай мұғалім Бетховенге ықпал етті?
  6. Композитордың өміріне әсер еткен тарихи оқиға.
  7. Венадағы өмірі мен шығармашылығы.
  8. Композитор өмірінің соңғы жылдарын баяндаңдар.
  9. Тоғызыншы симфония Бетховеннің шығармашылығында қандай орын алады?

 

 

20 - тақырып

«Патетикалық соната»

«Патетикалық соната» ор.13 №8 c-moll 1798 жылы жазылған. «Патетикалық» сөзі - грек тілінен аударғанда «жоғары, көтеріңкі көңіл-күймен» деген мағынаны білдіреді. Өзінің мазмұнымен драмалық сонатаға жатады. 3 бөлімнен тұрады.

І бөлім. Сонаталық allegro. Драмалық дау, драмалық көрініс c-moll. Мұңлы, салтанатты мінездегі баяу кіріспемен ашылады:

Өте баяу

Басты партия екпінді, қаһармандық күрес бейнесі (до-минор):

Өте тез, жалынды

 

 

Байланыс партия басты партияның толқынысын басып, әуенді жанама партияға алып келеді:

Өте тез, жалынды

Бірақ жанама партия әдеттегідей параллельді мажорда (ми-бемоль мажор) емес, соған аттас минорлық ладта (ми-бемоль минор) берілген.

Барған сайын жігері күшейіп, соңғы партияға алып келеді (ми-бемоль мажор). Бұл экспозицияның шарықтау шегі.

Разработка шағын, мұнда басты партия мен кіріспе тақырыбы бір-біріне қарама-қайшы болып келеді.

Репризада экспозицияның тақырыптары негізгі тональность – до минорда қайталанады. Байланыс партия қысқартылған, есесіне басты партия ұзарып, өзінің басымдылығын көрсетеді.

ІІ бөлім. Жарық, лирикалық Adagio cantabile As-dur. Бірінші бөлімге қарсылас келеді. Егер І-бөлімде патетика музыканың жарқындығы, көтеріңкілігімен берілсе, мұнда ол адам ойының жоғары данышпандылығы және тереңдігімен берілген. ІІ-бөлім бояуы жағынан оркестр аспаптарының дыбысын елестетеді. Басында негізгі мелодия ортаңғы регистрде, виолончель үні сияқты естіледі:

Екінші рет осы мелодия жоғары регистрде, бірақ енді скрипкалардың дыбысына ұқсайды.

Adagio cantabile-нің ортаңғы бөлімінде жаңа тақырып пайда болады:

 

Екі дауыс кезектесіп, бір-бірімен бәсекелескендей болады. Бұл қарама-қайшылыққа алып келеді. Музыканың мінезі өткір, қобалжулы. Дыбысы күшейіп бүкіл оркестр ойнағандай болады.

Репризада негізгі тақырып қайта естіледі. Бірақ оның мінезі өзгеріп, бұрынғыдай сабырлы емес, қобалжулы естіледі.

ІІІ бөлім – финал, Allegro. Мінезі жағынан сонатаның І-бөліміне ұқсас. Негізгі тональность – до минор қайта оралады. Рондо-соната формасында жазылған. Негізгі тақырып (рефрен) 4 рет қайталанады:

Тез

Бұл лирикалық тақырып І-бөлімдегі жанама парияға жақын. Әуені өте мәнерлі.

Рефрен 2 басқа тақырыптармен кезектеседі. 1-шісі (жанама пария) жылдам, ми-бемоль мажорда берілген:

Тез

2-шісі полифониялық құрылымда жазылған, ол разработканың орнын басатын эпизод:

Финал, онымен қоса бүкіл соната кодамен аяқталады. І-бөлімнің көңіл-күйіне жақын жігерлі музыка естіледі:

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. «Патетикалық сонатаның» шыққан жылы.
  2. «Патетикалық» сөзі нені білдіреді?
  3. І бөлімнің құрылымы, оның тақырыптырына мінездеме беріңдер.
  4. ІІ бөлімнің негізгі тақырыбының мінезі.
  5. Финалдың формасын анықтаңдар.

21- тақырып

 

«Лунная соната» № 14 cis-moll

Бірінші Вена кезеңінде жазылған. Классикалық соната тұрғысынан, музыкалық бейнесі мен құрылысы жағынан бұл соната өте жаңашыл болып келеді.

Сонатаны Бетховен сүйікті қызы Джульетта Гвиччиардиге арнаған. Бұл шығарманың әрбір бөлімін, әсіресе бірінші мен үшінші бөлімдерін, Гайдн мен Моцарт шығармашылығында, тіпті Бетховеннің өз шығармашылығында болмаған үлгі ретінде қарастыру керек.

І бөлім (cis – moll). Дәстүрлі, екпінді Аллегроның орнына – байсалды, лирикалық Адажио. Бетховеннің ойынша – бұл фантазия-соната. Европа музыкасында фантазиялар еркін құрылымда, музыкалық әуендері қайталанбайтын формаларда жазылады. «Лунная» деп сонатаны неміс романтик ақыны Рельштаб атаған. Бұл атау әрине бүкіл сонатаның көңіл-күйін толықтыра алмайды. Тек қана бірінші бөлімнің мазмұнын сипаттайды. Жалпы сонатаның мазмұнын, композитордың ой толғауын тура суреттеген Венгрияның ұлы композиторы Ференц Лист деуге болады. Ол сонатаның бірінші бөлімін «дауылдың алдындағы тыныштық» - деп айтты. Өйткені үшінші бөлім драмалық шиеленіске, қақтығыстарға толы:

ІІ бөлім (Des – dur). Өте нәзік скерцо. Күрделі үшбөлімді форма. Ортасы – трио. Музыкасы жағынан бірінші тарауға жақын. Үшінші тарау – реприза ешқандай өзгеріссіз қайталанады (Da capo). Бұл бөлім бірінші және үшінші бөлімдердің арасындағы кідіріс:

 

ІІІ бөлім Presto, cis – moll. Сонаталық форма. Өте екпінді, жігерлі, драмалық бейне. Бірінші бөлімдегі жиналған ішкі көңіл-күйдің қопарылысы деуге болады.

Басты партия аккордтардың дыбыстары бойынша арпеджио фактурасымен жоғарыға ұмтылысы бірінші бөлімге жақын (cis - moll):

Жанама партия gis moll. Мінезі бойынша басты партияға жақын:

Соңғы партия – токката. Мінезі жігерлі, батылдықты бейнелейді:

Разработка. Басты және жанама партиялардың әуендерінен құрастырылған.

Репризада жанама партия негізгі cis – moll тональносінде орындалады. Реприза мен кодада үлкен орын басты партияға тапсырылған. Реприза негізгі тональносте экспозицияның бүкіл тақырыбын қайталайды.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. «Лунная соната» қай кезеңде жазылған?
  2. Кімге арналған?
  3. Сонатаның жаңашылығы.
  4. І бөлімнің ерекшелігі неде?
  5. Ф.Листтің І бөлімге берген мінездемесі.
  6. ІІ бөлімнің формасы.
  7. ІІІ бөлімнің формасы.
  8. Негізгі тақырыптардың мінездемесін беріңіз.

22- тақырып

 

«Эгмонт» увертюрасы

1810 ж. бесінші симфониядан кейін Бетховен Гётенің «Эгмонт» трагедиясына музыка жазады. Увертюра – осы музыканың он нөмірінің біріншісі. Трагедия Бетховенді өзінің қаһармандық мазмұнымен қызықтырды. «Эгмонттың» оқиғалары ХVІ ғасырға жатады. Мұнда Нидерландықтар өзінің жаулап алушыларына – испандықтарға қарсы шығады. Халықтың күресін батыл, ержүрек граф Эгмонт басқарады. Эгмонт қаза болады, бірақ халық оның бастаған ісін аяқтайды.

«Эгмонт» увертюрасы – бір бөлімді шығарма. «Эгмонттың» бағдарламалығы Гётенің шығармасының мазмұнымен анықталған.

Увертюра баяу кіріспемен басталады. «Патетикалық» сонатадағыдай мұнда екі қарама-қайшы тақырып берілген. Біріншісі аккордты, салтанатты (жаулап алушылардың темасы). Төменгі регистр, минорлы лад оған түнек, зұлымдық бояуын беріп тұрады. Оркестрде оны ішекті аспаптар орындайды. Мінезі бойынша сарабандаға жақын болып келеді:

Ұстамды, бірақ өте баяу емес Екінші тақырыпты гобой «әндетеді», оған басқа үрмелі аспаптар, кейін ішекті аспаптар қосылады. Мелодияның негізінде өте мәнерлі секундалық интонация жатыр, ол мұңды мінез береді. Сондықтан бұл тақырып өтініш, арыз ретінде қабылданады (халық темасы):

Гётенің трагедиясында екі қарсы күштердің (жаулап алушы испандықтардың және олардың билігінен жапа шегіп жүрген нидерланд халқы) бейнесі берілген. Осы күштердің күресі Гётенің трагедиясының негізін құрайды, ал оларға сәйкес музыкалық тақырыптар увертюраның мазмұны болып табылады.

Әдеттегідей, увертюра сонаталық allegro формасында жазылған. Басты партия ерікті, қаһарманды мінезде берілген (фа минор). Оның күші мен жігері біртіндеп ұлғаяды. Басында ол төменгі регистрде виолончель және басқа ішекті аспаптарда рiano – мен естілсе, кейін бүкіл оркестрмен fortissimo – да орындалады:

Мелодияның басындағы секундалық қадам басты партия мен кіріспенің екінші тақырыбының (халықтың жапа шегу тақырыбы) байланысын білдіреді. Оның қаһарман мінезі бағыну туралы емес, керісінше жаулап алушыларына қарсы шыққаны туралы айтады.

Жанама партия да кіріспенің музыкасымен тығыз байланысты, мұнда кіріспенің екі тақырыбының да белгілері бар. Бірінші - ауыр, аккордты фразада - жаулап алушылардың тақырыбын тануға болады. Мажорда беріліп (ля-бемоль мажор), ол енді тек салтанатты ғана емес, сондай-ақ жеңісті болып естіледі. Мұнда да бұл тақырыпты ішекті аспаптар орындайды. Екінші фразадағы ағаш үрмелі аспаптардың тыныш дыбысы жанама партияны кіріспенің екінші тақырыбымен байланыстырады:

 

Қаһарлы, қайратты аяқтаушы партия экспозицияны бітіреді.

Разработка шағын. Бұл жерде кіріспенің қарама-қайшы тақырыптарының күресі жалғасып, күшейе түседі:

 

Бірақ осымен күрес аяқталмайды. Репризаның соңында ол одан да үлкен күшпен беріледі. Испандықтардың тақырыбы бұрынғыдан да қатыгез болса, халықтың тақырыбы аянышты болады. Күрес кенеттен үзіледі. Реприза тыныш, мұңды аккордтармен аяқталады. Бетховен мұнда Эгмонттың қазасын суреттейді:

 

Увертюра күрестің қорытындысы көрсетілген үлкен кодамен аяқталады. Оның салтанатты, жайдарлы мінезі халықтың жеңісі туралы айтады:

Бесінші симфония сияқты Бетховен минорлы увертюраны мажормен аяқтайды.

Бетховеннің халықтардың тағдырына деген қызығушылығы, өз музыкасында бостандық үшін күресті көрсетуге ұмтылысы – композитордың қаһарманды шығармаларының негізгі мазмұны. Оларға: «Патетикалық» соната, бесінші симфония, «Эгмонт» увертюрасы жатады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Увертюраның шығуы қандай әдеби шығармамаен байланысты?

2. Увертюраның құрылымы туралы айтыңдар.

3. Кіріспенің екі тақырыбы және олардың музыканың дамуындағы рөлі.

4. Увертюраның басты және жанама партияларына мінездеме беріңдер.

5. Шығарманың драмалық шарықтау шегі қай жерде орнналасқан.

6. Коданың шығармадағы маңызы.

 

 

23- тақырып


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 662 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жанрлар | Иоганн Себастьян Бах | Инвенциялар. | Франц Иозеф Гайдн | Жылдам, жанды | Жылдам, жанды | Вольфганг Амадей Моцарт | Фридерик Шопен | Мазуркалар | Вальс до-диез минор |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Байыппен| Франц Шуберт

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)