Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мазуркалар

Мазурка - 3 үлесті өлшемдегі поляк халық биі. Мазурканың ритмі құбылмалы. Көбінесе акцент үшінші, такттың соңғы үлесіне түседі. Уақыт өте мазурка поляк ақсүйектерінің сүйікті билерінің біріне айналды.

Шопеннің мазуркалары би мінезіндегі пьесалар. Шопен Польшаның әртүрлі аймақтарында тараған мазур, куявяк және оберек сияқты үш көне халық билерінің белгілерін мазуркада біріктіріп, бұл бидің мәнерлі мүмкіндіктерін кеңейтті. Мазурка композитор үшін аса жақын және қымбат болды. Себебі Шопеннің жастық шағы осы бидің отаны – Куявак және Мазовияда өтеді. Мазурка ұлттық элементтермен айқындалып, поляк елінің ішкі дүниесін ашады. Олардың ойларын, тұрмыс-салтын, сезімін білдіреді. Мазуркалардың көбісі Парижде жазылғандықтан, олар композитордың елінің символы болып саналады.

Мазуркалар топтарға бөлінеді: 1) халық көрінісі, 2) қалалық жарқыраған той биі, 3) көңіл-күй мазуркалары, 4) трагедиялық поэмалар. Формалары жағынан қарапайым, күрделі үш бөлімді.

Мазурка до мажор опус 56 № 2. Ауылдың той көрінісі. Осындай мінездегі жарқын мазуркалардың бірі. Поляктар оны «мазуркалардың мазуркасы» деп атайды. Формасы қарапайым үшбөлімді. Мазурканың басында бірнеше такт квинта «гуілдейді». Ол ауылдың оркестрін елестетеді: скрипка, контрабас, волынка. Осы фонда нақты, өткір ритммен көңілді мелодия естіледі. Музыка мерекені, ауылдық биді суреттейді. Бұл - шығарманың негізгі тақырыбы, ол мазурканың соңында да естіледі:

 

Мазурка ля минор опус 68 № 2. Лирикалық көңіл-күй мазуркаларының тобына жатады. 3 бөлімді формада жазылған. Елінің поэтико - лирикалық көрінісі.

1-ші бөлімінің мінезі – мұңды, қайғылы. Композитор туған жерін еске алады. 2-ші бөлім – ортасы. Жалынды ауылдық той. 3-ші бөлімде нәзік, лирикалық әуен қайта оралады:

Мазурка си-бемоль мажор опус 7 № 1. Бұл қаланың жарқыраған той, би тобына жатады. Алдыңғы екі мазуркалар сияқты бұл да қарама-қайшы тақырыптардан құрылған:

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Мазурка биіне мінездеме беріңдер.

2. Мазуркадағы халық билерінің қолданылуы.

3. До мажор, ля минор, си-бемоль мажор мазуркаларының мінездемесі және мәнерлеу тәсілдері туралы баяндаңдар.

 

27-тақырып

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 391 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жанрлар | Иоганн Себастьян Бах | Инвенциялар. | Франц Иозеф Гайдн | Жылдам, жанды | Жылдам, жанды | Вольфганг Амадей Моцарт | Байыппен | Людвиг ван Бетховен | Франц Шуберт |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Фридерик Шопен| Вальс до-диез минор

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)