Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жанрлар

Читайте также:
  1. Нді әдебиетінің жанрлары
  2. Ытай әдебиетінің жанрлары

З.А.Турбекова, М.М. Шегирова, Е.К.Кабдуллин.

Музыка әдебиетінен оқу - құралы

(4-6 сыныптар)

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға

арналған РҚМММИ

Музыка әдебиетінен оқу - құралы

(4-6 сыныптар)

Алматы 2012 жыл

Авторлық ұжым: З.А.Турбекова,

М.М. Шегирова,

Е.К.Кабдуллин,

Т. Жармұқамет (муз. редактор)

 

 

«Музыка әдебиетінен оқу - құралы» ( А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ)

 

Рецензенттер: А.Габдуллина ҚР білім беру ісінің құрметті қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ оқытушысы.

А.Бұлтбаева өнертану кандидаты, П.И.Чайковский атындағы АМК-ның оқытушысы.

 

Ұсынылған музыка әдебиетінен оқу құралы шет ел композиторларының (Бахтан Шопенге дейін) музыкасына арналған. Сонымен қатар орыс (Глинка, Чайковский) және Батыс-еуропалық композиторлардың (Э.Григ) музыкасының үлгісінде әртүрлі жанрлар (сюита, балет, опера) қысқаша түрде қарастырылған.

Мемлекеттік тілдегі орта буын оқу орындарына арналған осындай оқу құралының қаншалықты қажет екені бәрімізге мәлім. Себебі Қазақстанда қазақ тілінде 4-6 сыныптарға арналған музыка әдебиетінен оқу құралы жоқ.

Назарларыңызға ұсынылып отырған оқу құралының материалдары балалардың ұғымына лайықты деңгейде баяндалған. Авторлық ұжым (А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ ұстаздары) қарапайым тілде, түсінікті формада оқушыларға композиторлардың ерекшеліктерімен қатар, музыкалық шығармалардың мінездемесін, олардың жанрлық және бейнелік көркемдігін көрсетуге тырысты.

Көптеген мәліметтер, талдаулар және музыка материалы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ бағдарламасының көлемі бойынша бөлінген: 4-сыныпта – 34 сағат, 5-сыныпта – 68 сағат, 6-сыныпта – 68 сағат.

4-6 сыныптарға арналған музыка әдебиетінен оқу құралы А.Жұбанов атындағы РҚМММИ оқушыларына арналған. Сондай-ақ басқа да музыка мектептері мен арнайы музыка мектептерінде де пайдалануға болады.

Сынып

1-тақырып

Өнердің түрлері

Өнер – «шеберлік», «іскерлік» деген сөзді білдіреді. Өнердің спецификалық түрлері бар:

- Көркем сурет өнері

- Әдебиет

- Театр

- Музыка

- Би өнері

- Кино

- Архитектура

- Скульптура т.б.

Өнердің түрлерін біріктіретін – мазмұн. Мазмұн – табиғат, адамның өмірі мен тұрмысын, олардың ішкі дүниесін ашады.

 

Көркем сурет өнері.

Көне өнердің бірі. Көркем сурет өнері бірнеше түрлерге бөлінеді:

Портрет – адамның бейнесін суреттеу.

Пейзаж – табиғат құбылыстарын суреттеу.

Натюрморт – жеміс-жидек, гүлдерді суреттеу.

Жанрлық көркем сурет – адам өмірінен көріністерді суреттеу.

 

Әдебиет өнері.

Бұл – сөз шеберлігі. Әдебиет шығармалары – роман, әңгіме, повесть, новелла, ертегі және т.б. Бұларды шығаратын – жазушы. Өлеңді шығаратын – ақын.

Әдебиеттің түрлері – эпос, драма, лирика.

Эпос - өткен өмірдің белгілі оқиғалары.

Лирика – адамның әртүрлі сезім, мінез-құлықтарын бейнелейді.

Драма - лирика мен эпостың қосылуы. Тартыс, күрес құбылыстарын бейнелейді.

 

Театр өнері.

Театрдың өріс алу жолы күрделі және ұзақ. Театр – заман, адам өмірімен, елмен байланысты. Театр жанрлары:

Трагедия – мінездердің қақтығысуы, қызу тартысы. Кейіпкерлерді өлімге әкелуі.

Драма - адамды бейнелеу, басқа адамдармен байланысы.

Комедия - күлдіргі пьеса. Адамның кемшілігін келемеждейді.

Водевиль - күлдіргі спектакль.

Театрдың түрлері:

Драма театры, опера театры, оперетта театры, қуыршақ театры т.б.

 

Музыка өнері.

Музыканың ең басты мақсаты – адамның ішкі дүниесін бейнелеу. Музыка тыңдаушыларға жарық, түнек, табиғат көріністерін суреттейді. Музыканың мәнерлеу тәсілдері көп. Мысалы: мелодия, гармония, ритм, лад, тембр, темп, регистр, т.б.

Мелодия - белгілі бір музыкалық тұтастықты құрайтын дыбыстар жүйелігі, ырғақ сазы.

Гармония - үндестік. Аккордтардың жүйелігі. Аккорд – музыкада бірнеше дыбыстың бір кезде үндесіп шығуы. Гармония мен мелодия тығыз байланысты. Ең бір қарапайым мысал – сүйемелденген ән.

Ритм (ырғақ) - бір такт ішіндегі әртүрлі ұзақтықпен кездесетін дыбыстардың белгілі бір мерзімде алма-кезек ауысып отыруы. Ритм мелодияның мінезіне ықпал етеді. Ритм өрнекті және анық болып келеді.

Лад дегеніміз музыкалық дыбыстарды айқын тәртіппен бірігуі. Музыкада мажор, минор және халық ладтары кездеседі.

Тембр - дыбыстың сапасы, дауыстың өзіндік ерекшелігі, сазы, өзіне тән үні. Тембр арқылы музыкалық аспаптардың үнін, әншілердің дауысын ажыратуға болады: сопрано, альт, тенор, бас т.б.

Темп - музыкалық шығарманы орындау жылдамдығы (баяу, жылдам, т.б.).

Регистр – дыбыстың биіктігі, жуан, жіңішке болып келуі. Регистр – диапазонның бөлшегі. Диапазон дегеніміз биіктіктердің ара-қашықтығы. Регистр төменгі, ортаңғы және жоғарғы болып бөлінеді.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Өнердің түрлерін атаңдар.
  2. Музыканың мәнерлеу тәсілдерін атап шығыңдар.

2-тақырып

Жанрлар

Жанр дегеніміз әртүрлі өнердегі өмір көріністерінің әр қилы жақтарынан суреттелетін өнер шығармаларының түрлері. Мысалы, әдебиетте - ертегі, роман, әңгіме т.б. Музыкада – опера, симфония, вокалдық музыка, балет, камералық музыка т.б.

 

Тұрмыстық жанрлар

Көне заманнан халық өнерінде пайда болған жанрлар - ән, би, марш.

Би музыка өнеріндегі көне жанрлардың бірі. Билер әртүрлі ұлттық мінезді, адамдардың тұрмыс-салтын суреттейді.

Вальс – Австрия елінің шаруа биі. Бидің өлшемі ¾, 3/8. Әуені байсалды, айналмалы:

Жылдам

 

Мазурка – Поляк халқының шаруа биі. Бидің өлшемі ¾, ритмі пунктирлік, синкопа, үшінші үлесте кідіріс. Әуені нәзік:

Полонез - Поляк халқының жүріс биі. Мінезі айбынды, салтанатты. ХІХ ғасырда би кештері полонезбен ашылған:

Полька - Чех елінің биі. Өлшемі 2/4, ритмі анық, темпі жылдам. Мелодиясы әдемі, жеңіл:

Краковяк - Поляк халық биі. Өлшемі 2/4, ритмі синкопалы, мінезі жылдам, динамикалық:

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Жанр дегеніміз не?
  2. Көне заманда пайда болған жанрлар.

 

 

3-тақырып

Бағдарламалы – суреттеу музыкасы.

Цикл дегеніміз мазмұны ортақ, бір жинаққа кірген пьесалар. Ал бағдарламалы–суреттеу музыкасында мазмұндары әртүрлі болып келеді. Мысалы: ертегі, табиғат, адамдардың тұрмыс-салты, қиял.

Бағдарламаның тақырыбын композитор әдебиет шығармаларынан, көркем сурет өнерінен, табиғат көріністерінен, адам тұрмысынан алады. Мысалы: П.И.Чайковский «Времена года» жинағында табиғаттың әр кезеңін, әр айын суреттейді:

«Апрель»

«Октябрь»

«Декабрь»

 

М.П.Мусоргский «Картинки с выставки» жинағының бағдарламасын өзінің досы, суретші Виктор Гартманның суреттерінен алған:

«Прогулка»

«Избушка на курьих ножках»

«Быдло»

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Цикл дегеніміз не?
  2. Бағдарламалы – суреттеу музыкасының мазмұндары.
  3. Қай композитордың жинақтарын білесіңдер?

 

4-тақырып

 

Драмалық театрға арналған музыка

Театр тапсырысы бойынша композитор драматургпен бірлесіп драмалық театрда қойылатын пьесаларға музыка шығарады. Олар: ән, би, хорлар және аспаптық эпизодтар. Драмалық спектакльдерге музыка жазған әйгілі копозиторлар: Бетховен, Мендельсон, Бизе, Григ, Глинка, Чайковский және т.б.

 

Эдвард Григ «Пер Гюнт»

Норвегиялық драматург Генрик Ибсеннің пьесасы бойынша жазылған. Драманың кейіпкері – шаруа Пер Гюнт. Ол туған ауылын тастап ұзақ саяхатқа шығады. Әртүрлі ғажайып, қызықты оқиғаларды басынан өткізеді. Пьесаның эпизодтарын Г.Ибсен Норвегияның көне заманымен және аңыздарымен байланыстырады.

Норвегиялық композитор Эдвард Григ осы драмаға екі оркестрлік сюита шығарды.

Бірінші сюита төрт пьесадан тұрады:

І пьеса – «Утро». Табиғаттың жаңадан оянған бейнесін, жарық, тыныштық көрінісін суреттейді. Пьесаның негізіндегі шағын мотивті флейта мен гобой кезектесіп орындайды:

Жылдам, жеңіл ІІ пьеса – «Смерть Озе». Музыка Пер Гюнттің анасы – Озенің қайтыс болған көрінісін суреттейді. Терең қайғыға толы, баяу темптегі музыка жерлеу шеруін елестетеді:

ІІІ пьеса – «Танец Анитры». Пер Гюнт саяхатта жүрген кезде Анитра деген қызбен танысады. Ол әсем, жеңіл би орындайды:

ІV пьеса – «В пещере горного короля». Григ Пер Гюнттің тау патшасының үңгіріне түскенін бейнелейді. Композитор өз музыкасында таңғажайып шеруді суреттейді. Пьесаның негізінде марш мінезді тақырып жатыр:

а)

б)

Екінші сюита 5 пьесадан тұрады. Ішіндегі ең танымалы – «Песня Сольвейг». Ұзақ жылдар бойы Пер Гюнтті күткен қалыңдығы – Сольвейгтің бейнесі. Әуені қайғылы, нәзік:

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Драмалық театрдың спектакльдеріне арналған музыканың жанрлары.
  2. Генрик Ибсен деген кім?
  3. Эдвард Григтің «Пер Гюнт» шығармасы неше сюитадан тұрады?

5-тақырып

Балет

Балет – бұл музыка, би, сахналық көрініс біріккен музыкалы-театралдық шығарма. Бұл жанр Францияда пайда болған. Балеттің мазмұны музыка тілімен, қимыл, дене қимылы, бет қимылымен жеткізіледі. Балетте бидің 3 түрі бар:

1-ші – классикалық би

2-ші – характерлі би

3-ші – пантомима

Классикалық би – адажио, вариациялар. Адажио – екі кейіпкердің биі. Вариация – бір кейіпкердің бейнесі.

Характерлі би – балетке кіретін халық билері. Мысалы: П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетіндегі кофе – араб биі, шоколад – испан биі, шәй – қытай биі, трепак – орыс биі.

Пантомима – мәнерлі дене қозғалысы, қимыл мен ым арқылы ғана жасалатын сахналық өнердің бір түрі. Бишілердің үлкен тобын – кардебалет деп атайды.

Орыс музыкасында классикалық балетті тудырушы - П.И.Чайковский болды. Оның 3 балеті бар: «Лебединое озеро», «Спящая красавица», «Щелкунчик». Сондай-ақ Делиб, Равель, Глазунов, Стравинский, Асафьев, Глиэр, Прокофьев, Хачатурян, Щедрин сияқты композиторлар да тамаша балеттердің авторлары.

 

6- тақырып

П.И.Чайковский «Щелкунчик» балеті

«Щелкунчик» балетінің негізіне неміс жазушысы Э.Т.А. Гофманның балаларға арналған ертегісі алынған. Онда жаңа жыл шыршасының көңілді мерекелік кешінен кейін кішкентай қыздың түсіне кірген ғажайып оқиғалар жайында баяндалады.

Чайковскийдің музыкасы балалар сезімдерін шынайы сипаттайды. Ол бояуларының әртүрлілігімен және шеберлігімен таң қалдырады. Композитор балалардың арманы мен түстерін ашып көрсету үшін бай және нақты мәнерлеу әдістерін қолданған.

Балет 2 сахналық көріністен тұрады. Оқиға жаңа жыл қарсаңындағы қыс мезгілінде болады.

...Терезенің сыртында қалықтап қар ұлпалары ұшып жүр. Бірақ балалар жиналған бөлмеде жылы да жайлы. Олар безендірілген шыршаны айнала жүріп, қуана билейді.

Міне, залға жаңа қонақ - сиқыршы келіп кірді. Оның қолындағы ойыншықтардың ішінде жаңғақ жаратын қызық қуыршақ бар. Бұл – Щелкунчик. Жаңа ойыншық Машаға қатты ұнайды. Бірақ інісі оның аузына үлкен жаңғақ салып, Щелкунчикті сындырып тастағанда Маша қатты қапаланып ренжиді.

Мерекелік кеш те аяқталады. Қонақтар үйлеріне тарайды. Машаның да ұйықтауы керек. Ол сынған Щелкунчикті өзінің сүйікті қуыршағының төсегіне жатқызып, мұңая кетеді.

Алайда Маша ұйықтамай, ақырын Щелкунчиктің қасына барады. Зал ай жарығымен нұрланып тұр. Машаға шырша үлкейіп, қуыршақтар мен ойыншықтар тірілген сияқты болып көрінеді. Кенет барлық қуыстардан тышқандар жорғалап шығады. Зұлым тышқан әскері прәндік сарбаздарын жойып жібереді. Сол кезде ержүрек Щелкунчик қалайы сарбаздарды шақырып, тышқандардың әскеріне қарсы ұмтылады. Тышқан әскері кейін шегінеді. Тышқандар патшасы Щелкунчикпен жекпе-жекке шығады. Ол Щелкунчикті енді өлтірейін дегенде, Маша аяқ киімін шешіп тышқан патшасына лақтырады. Щелкунчик жауды ауыр жаралап, тышқан әскері қаша жөнеледі.

Щелкунчик жас, сұлу ханзадаға айналады. Ол Машаға құтқарғаны үшін рахмет айтып, соңынан еруін сұрайды. Солай екеуі сапарға аттанады. Зал қысқы қарағайлы орманға айналады. Боран ақ ұлпаларды үйіріп, қалықтатып билетеді.

Балеттің екінші көрінісі тәттілердің сиқырлы патшалығында өтеді. Драже перизаты ханзада Щелкунчик пен Машаны өз нөкерлерімен салтанатты түрде қарсы алады. Мереке басталады. Тағамдарға толы дастархан пайда болады. Шоколад, кофе, шәй, мұз кәмпиттері мен мәнпәсилер, гүлдер – бәрі билейді. Коклюш ханзаданың сүйемелдеуімен Драже перизаты да өз биін билейді. Бәрі қатысқан вальс мерекені аяқтайды.

Осы билердің барлығы жарқын дивертисментті құрайды. Дивертисмент дегеніміз - балеттегі немесе операдағы бөлек би немесе әртүрлі билердің жиынтығы. Олардың көрініс дамуымен байланысы жоқ.

Балеттің екінші көрінісінің дивертисментіндегі билердің атаулары бар. Олар жарқын және мәнерлі кішігірім пьесаларды құрайды. Сондай-ақ Чайковскийдің музыкасында тәттілер патшалығының әртүрлі мүшелерінің өз музыкалық мінездемелері бар.

 

Араб биі (кофе):

Қозғалыспен

 

Қытай биі (шай):

 

Бақташылар биі:

а)

 

б)

 

Драже перизатының биі:

 

«Щелкунчик» балеті – Чайковскийдің балаларға арналған үздік шығармасы. Балеттің музыкасын тек қана спектакль кезінде ғана емес, сондай-ақ симфониялық концерттерде балеттің бірнеше номерінен тұратын сюитаны да естуге болады.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Балет қай елде пайда болды?
  2. Балеттің түрлері.
  3. Чайковскийдің балеттерін атаңдар.
  4. Чайковскийдің «Щелкунчик» балетін мазмұндаңдар.

7-тақырып

Опера

Опера, балет сияқты үлкен және күрделі музыкалы - театралдық шығарма. Мұнда музыка, драма, сахна көрінісі, актерлік шеберлік, ән, би біріктірілген. Сондықтан операны өнердің синтетикалық түріне жатқызамыз.

Операның жүрісі, кез-келген театралдық спектакльдегідей сахнада өрістейді. Декорациялар мен костюмдер көріністің дәуірі, орыны және әр кейіпкердің бейнесін анықтайды. Бірақ операда басты орынды музыка алады. Себебі музыка негізгі мәнерлеу әдісі болып табылады. Ол кейіпкерлердің мінезін ашып,бейнесін сипаттап, комедиялық немесе драмалық көріністерді тудырады.

Опералық шығарма «увертюра» деп аталатын оркестрлік кіріспеден басталады. Опера актлер (көріністер) және суреттерге бөлінеді. Мұнда ән, ария, ансамбль, дуэт, трио, квартет, квинтет, секстет, септет, хор, би, оркестрге арналған фрагменттер бір-бірімен кезектесіп орындалады.

Операның сюжетіне көбінесе әдеби шығармалар алынады. Соның негізінде «либретто» деп аталатын операның мәтіні жазылады.

Мазмұнына қарай опералар тарихи (Глинка «Иван Сусанин»), тұрмыс-салт (Мусоргский «Сорочинская ярмарка»), ертегі (Римский-Корсаков «Снегурочка»), лирикалық (Чайковский «Евгений Онегин») болып бөлінеді.

Алғаш рет опера Италияның Флоренция қаласында 400 жыл бұрын пайда болған. Кейін Европа мен Ресейге тарады. Опера жанрында Моцарт, Верди, Вагнер, Бизе, Глинка, Чайковский, Мусоргский, Римский-Корсаков, Рахманинов, Прокофьев сияқты көптеген ұлы композиторлар жазған.

8- тақырып

М.И.Глинка «Руслан и Людмила» операсы

Ұлы орыс композиторы М.И.Глинка «Иван Сусанин» және «Руслан и Людмила» атты екі опера жазған. Біріншісі – тарихи-каһармандық, екіншісі – ертегі.

«Руслан и Людмила» операсы Пушкиннің поэмасы бойынша жазылған. Өз поэмасында Пушкин мықты, ержүрек, адал адамдарды және сонымен қоса шындықты, әділдікті, махаббатты жырлаған. Глинка өзінің операсын Пушкинмен бірге жазуды армандаған. Бірақ Пушкиннің қазасы бұл ойға бөгет болады. Глинкаға операның либреттосын жазуға достары көмектескен. Опера алғаш рет 1842 жылы Петербургте қойылды.

Операның мазмұны

І акт. Киев князі Светозар қызы Людмила мен Руслан деген ержүрек жігіттің тойын тойлауда. Той үстінде қатыгез сиқыршы Черномор Людмиланы ұрлап алып кетеді. Светозар князьдің бұйрығымен Руслан және тағы екі жігіт – Фарлаф пен хазардың ханы Ратмир Людмиланы іздеуге шығады.

ІІ акт 3 суреттен тұрады.

1-сурет. Руслан адал сиқыршы Финнің үңгіріне келеді. Финн Людмиланы ұрлау құпиясын ашады. Өзі көмектесуге уәде беріп, сәтті аяқталатынын болжайды.

2-сурет. Қорқақ Фарлаф Людмиланы іздеп жүріп, зұлым сиқыршы Наинаға кезігеді. Ол Фарлафты Киевке қайтып, бұйрығын күтуін айтады.

3-сурет. Руслан Людмиланы іздеп жүріп, қиялы дәудің басын жеңіп, сиқырлы қылышты алады. Себебі тек қана осы қылышпен Черноморды жеңе алады.

ІІІ акт. Қатыгез Наина Руслан мен Ратмирді өзінің сиқырлы бағына кіргізіп алады. Оларға қауіп төніп тұр. Бірақ Финн келіп Наинаның жоспарын бұзып, жігіттерді босатады.

IV акт. Людмила тұтқында қайғырып жүр. Ол Черноморға бағынғысы келмейді. Черномор өз құлдарына Людмиланың көңілін бимен көтеруді бұйырады. Руслан келіп Черномормен шайқасады. Ол Черномордың барлық күші жасырылған сақалын сиқырлы қылышпен кеседі. Бірақ Руслан ерте қуанады. Ол ұйықтап жатқан Людмиланы оята алмай, Киевке апаруды шешеді.

V акт 2 суреттен тұрады.

1- сурет. Наина мен Фарлаф түн ішінде ұйықтап жатқан Людмиланы Русланның шатырынан алып қашады. Руслан соңынан қуады. Ратмирдің шақыруымен Финн көмекке келіп оған сиқырлы сақина береді. Руслан сақинаның күшімен Людмиланы ұйқыдан ояту керек.

2- сурет. Фарлаф Людмиланы Киевке жеткізеді. Бірақ Людмиланы ешкім оята алмады. Руслан да Киевке жетеді. Оны көрген қорқақ Фарлаф қашып кетеді. Руслан сиқырлы сақинамен Людмиланы ұйқысынан оятады. Халық жастардың бақытына қуанып, өз Отанын мақтайды.

Операның басында Глинка үйлену тойының суреттемесін береді. Ежелгі Киевте осындай той-жиындарға халық әншілері мен музыканттары жиі қатысатын. Бірінші көріністе Глинка көне орыс әншісі және музыкант – Баянның бейнесін береді. Ол екі ән айтады:

а)

б)

Сабырлы

 

Екінші көріністегі Фарлафтың ариясы оның қорқақ, мақтаншақ бейнесін суреттейді:

Өте жылдам

Ал Русланның речитативі керісінше, оның батыл, ұстамды, бекзаттық мінезін ашады:

Үшінші көріністе парсы хоры естіледі. Оның негізіне Глинка халық әуенін алған. Бұл Наинаның сиқырлы бағындағы қиял қыздарының хоры:

Төртінші көріністегі Черномордың маршы оның зұлым, қатыгез, ұсқынсыз бейнесін суреттейді:

Бесінші көріністе Фарлаф ұйықтап жатқан Людмиланы Киевке алып келеді. Жан-жағы толған адам. Осы кезде мінезі бойынша халық әуеніне жақын мұңды хор естіледі:

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Опера деген не?
  2. Операға кіретін өнердің түрлері.
  3. Операның мазмұнына қарай бөлінуі.

 

 

Сынып

9-тақырып


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 1309 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Инвенциялар. | Франц Иозеф Гайдн | Жылдам, жанды | Жылдам, жанды | Вольфганг Амадей Моцарт | Байыппен | Людвиг ван Бетховен | Франц Шуберт | Фридерик Шопен | Мазуркалар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глава 13| Иоганн Себастьян Бах

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.033 сек.)