Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Инвенциялар.

Педагогикалық мақсатпен Бах өзінің балаларына арнап кішкентай прелюдиялар, фугалар, инвенциялар шығарды. Ол 2 дауысты 15 полифониялық инвенциялар жазған. Инвенцияның негізінде қысқа, мәнерлі тақырып жатады.

Инвенция до мажор - до мажор гаммасында құрылған қарапайым мелодия. Жоғарғы дауыста инвенцияның тақырыбы өтіп, кейін бір октаваға төмен екінші дауыс қайталайды. Екінші дауыс басталса да, бірінші дауыс қимылын үзбейді. Осындай мелодияның қимылын противосложение деп атайды:

Ал бірде-бір дауыста тақырып өтпесе, ондай музыкалық құрылымды интермедия деп атаймыз.

Инвенция фа мажор. Инвенцияның тақырыбы көңілді, жылжымалы. Жоғарғы бірінші дауысқа екінші дауыс имитациялық әдіспен жауап береді. Мұндай имитацияны – канон деп атаймыз:

 

Кейін, Бах тағы 15 бірақ 3 дауысты инвенциялар шығарды. Оларды «симфониялар» деп атады.

Симфония си минор. Лирикалық ойланыс. Мұнда тақырыптың бірінші өтуі бірден 2 дауыспен беріледі:

 

11- тақырып

 

«Француз сюитасы» до минор.

Бах 6 «Француз», 6 «Ағылшын» сюиталарын жазған. Француз тілінен аударғанда «сюита» сөзі «рет», «қатар» деген мағынаны білдіреді. Сюита деп жеке билерден тұратын музыкалық шығарманы айтамыз. Сюитаның негізін 4 би құрайды: аллеманда, куранта, сарабанда және жига.

Аллеманда – немістің 16 ғасырдағы 4 үлесті, салтанатты, топ биі. 17 ғасырда сюитаға би пьесасы болып кірді. Бахтың сюитасында аллеманданың мінезі жұмсақ, байсалды:

 

Куранта – жылжымалы, 3 үлесті, екі адам билейтін француз биі:

 

Сарабанда – 3 үлесті испан биі. Мінезі қайғылы, салтанатты шеру биі:

 

Жига – көне халық биі. Англия, Шотландия, Ирландияда елдерінде тараған. Ағылшын жигасы – матрос биі. Көңілді, дөрекілеу мінезінде. Жига сюитаның соңғы биі болғандықтан өте жылдам темпте жазылған:

Сарабанда мен жиганың арасына тағы да қосымша билер кіреді. Олар – менуэт, гавот, бурре.

Сюитаның барлық билері до минор тональносімен біріккен.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Полифония дегеніміз не?
  2. И.С.Бахтың қанша инвенциясы бар?
  3. Имитация, канон, интермедия туралы түсінік беріңдер.
  4. Сюита дегеніміз не? Қандай негізгі бөлімдері бар?

12- тақырып

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 635 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жанрлар | Жылдам, жанды | Жылдам, жанды | Вольфганг Амадей Моцарт | Байыппен | Людвиг ван Бетховен | Франц Шуберт | Фридерик Шопен | Мазуркалар | Вальс до-диез минор |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Иоганн Себастьян Бах| Франц Иозеф Гайдн

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)