Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иоганн Себастьян Бах

Читайте также:
  1. VI. Иоганн Рейхлин
  2. Иоганн Вольфганг Гете (Johann Wolfgang von Goethe) 1749-1832
  3. Иоганн Кристоф Фридрих Шиллер (Johann Christoph Friedrich Schiller) 1759-1805
  4. Луи Себастьян Мерсье (Louis Sébastian Mercier) 1740—1814
  5. НЕСКОЛЬКО СЛОВ ОТ ГЕКТОРА СЕБАСТЬЯНА

(1685-1750)

Иоганн Себастьян Бах - ХVІІІ ғасырдың ұлы неміс композиторы. Ол Эйзенах неміс қалашығында дүниеге келді. Әкесі скрипкашы және қалалық музыкант, баласын скрипкада ойнауды үйретеді. Тамаша дауысының арқасында Иоганн шіркеу мектебінің хорына қатысты.

Тоғыз жасында әке-шешесінен айырылып, ағасы И.Кристианның қолында тәрбиеленеді. Ол органист және мектеп мұғалімі болған. Бірақ ағасының сабақтарымен қанағаттанбай, өзі білім алуға тырысады. Сол себептен 15 жасында ағасының үйінен кетіп, өз бетінше өмір сүре бастайды.

1700 жылы Люнебург қаласына көшіп келеді. 1703 жылы мектепті өте жақсы бітіріп, университетке түсуге мүмкіндік алады. Бірақ ол бар күшін композиторлық және орындаушылық шеберлікке жұмсайды.

Әрдайым жұмыс шарттарына қанағаттанбағандықтан және біреуге тәуелді болғысы келмегендіктен, Бах жұмыс орнын ауыстырып, қаладан қалаға көшіп жүрді. Сонда да үнемі жаңа білімдерге ұмтылып, әйгілі музыканттармен танысуға тырысты. Солай, бір күні танымал органист Букстехуденің концертін тыңдау үшін басқа қалаға жаяу барады екен.

1708 жылы Бах Веймарға көшіп келеді. Ол сарайлық музыкант және қалалық органист болып жұмыс істейді. Веймар кезеңінде композитор органға арналған ең тамаша шығармаларын жазды. Олардың ішінде Токката және фуга ре минор, Пассакалья до минор.

1717 жылы Бах отбасымен Кётен қаласына көшіп келеді. Кетенде клавирлік және оркестрге арналған музыка жазады: екідауысты және үшдауысты инвенциялар, «Француз» және «Ағылшын» сюиталары, 24 прелюдиялар мен фугалардың бірінші жинағын бітіреді. Оны «Хорошо темперированный клавир» (ХТК) деп атады. Сонымен қатар осы кезеңде ең атақты «Хроматикалық фантазия және фуга» ре минор жарық көрді.

Қазіргі кезде Бахтың инвенциялары мен сюиталары музыка мектептерінің бағдарламасына енгізілген, ал колледждер мен консерваторияларда ХТК енгізілген.

1723 жылы Бах Лейпцигке көшіп, өмірінің соңына дейін осында қалады. Әулие Фома шіркеуінің мектебінде жұмыс істейді. Лейпцигте ол өзінің ең тамаша вокалды-аспаптық композицияларын шығарады. Олар: 250 – ге жуық кантата, «Страсти по Матфею», «Страсти по Иоанну», Месса си минор. Клавирге де арнап музыка жазуды жалғастырады: «Итальян концерті», ХТК-ның 2-ші жинағы. Музыка жазумен қатар, ол солист, дирижер ретінде көптеген концерттерге қатысады.

Балалары Вильгельм Фридеман, Филипп Эмануэль, Иоганн Кристиан да өте дарынды музыканттар болған. Әкесінің тірі кезінде аттары шыға бастады. Композитордың әйелі Анна Магдалена және қызы тамаша дауыс иелері болған.

Соңғы жылдары Бахтың көзі ауырып, сәтсіз операциядан кейін мүлде көрмей қалады. Сонда да шығармашылығын үзбей, балаларына жазғызып отырды.

1750 жылы Бах дүние салады. Ал әйелі қарттар үйінде 10 жылдан кейін көз жұмады. Қызы Регина кедейдің күнін кешіп, соңғы жылдары оған Бетховен көмектеседі.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. И.С.Бах қай ұлттың композиторы, туған жылы?

  1. И.С.Бахтың жастық шағы туралы баяндап беріңдер.
  2. Қандай қалаларда жұмыс істеді?
  3. Соңғы шығармаларын атап шығыңдар.

 

10- тақырып

И.С. Бахтың клавирлік шығармалары.

Бахтың клавирлік шығармаларының көбіне полифониялық құрылым тән. «Полифония» - (грек сөзі) «көпдауысты» деген мағынаны білдіреді. Полифониялық музыкада әрбір мелодиялық дауыс өз бетімен дамиды. Сондықтан әр дауысы мәнерлі және әуенді болады.

Полифонияда мелодиялық дамудың негізгі әдістерінің бірі имитация болып табылады. «Имитация» - (латын сөзі) «ұқсату», «еліктеу». Музыкада дауыстар бір-біріне еліктеп, кейбір кешігіспен алдыңғы мелодияны қайталайды:

Имитация мелодиялық қозғалыстың үздіксіздігіне ықпал етеді. Бұл полифониялық музыканың айырықша белгісі болып табылады.

Полифониялық құрылымдағы музыка Бахқа дейін де болған. Итальян композиторы және органист Фрескобальди, неміс композиторы, органист және клавесинист Фробергер полифониялық өнердің белгілі шеберлері болған. Бахтың шығармашылығында полифония ең жоғары көркемдігіне жетті. Сонымен қатар оның шығармашылығында басқа, сол заман үшін жаңа музыкалық құрылым – гомофонияның белгілері айқындалды. Полифонияға қарағанда гомофондық музыкада бір дауыс басты болып келеді, ал қалған дауыстар оған тәуелді болып, сүйемел ретінде жүреді.

 

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 1070 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Франц Иозеф Гайдн | Жылдам, жанды | Жылдам, жанды | Вольфганг Амадей Моцарт | Байыппен | Людвиг ван Бетховен | Франц Шуберт | Фридерик Шопен | Мазуркалар | Вальс до-диез минор |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жанрлар| Инвенциялар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)