Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Фридерик Шопен

Читайте также:
  1. II.10.1. Шопенгауэр
  2. ГЕНИАЛЬНЫЕ ЛЮДИ, СТРАДАВШИЕ УМОПОМЕШАТЕЛЬСТВОМ: Гаррингтон, Болиан, Кодацци, Ампер, Кент, Шуман, Тассо, Кардано, Свифт, Ньютон, Руссо, Ленау, Шехени, Шопенгауэр
  3. Философия А. Шопенгауэра.
  4. Шопенгауэр

(1810-1848)

Фридерик Шопен – ұлы поляк композиторы, пианист, поляк классикалық музыканың негізін қалаушы.

Басқа композиторларға қарағанда Шопен тек фортепианолық музыка жазған. Тек кейбір камералық шығармаларын санамағанда (фортепиано, скрипка және виолончельге арналған 1 трио, виолончельге арналған 2 пьеса, 20 шақты ән), ол бірде-бір опера, бірде-бір симфония немесе увертюра жазбаған.

Композитордың өмірі күрделі де ерекше болды. Өз Отанын ыстық сүйетін патриот, өмірінің жартысын жат жерде өткізеді. Бірақ бұл оған терең ұлттық композитор болуға кедергі болмады. Орыс музыкасындағы ұлы Глинка сияқты, Шопен халық әндері мен билерінің негізінде жоғары көркемді, өзіндік қайталанбас шығармалар жазып, поляк классикалық музыканың негізін қалады.

Шопен Варшаваның жанында орналасқан Желязова Воля меншігінде 1810 жылы дүниеге келді. Шешесі поляк, әкесі француз Николай Шопен жас кезінде Польшаға көшіп келген. 1802 жылы Николай граф Скарбектің меншігіне балаларға тәрбиеші ретінде шақырылады. 1806 жылы Юстина Кшижановскаяға үйленіп, 1810 жылы Фридерик дүниеге келеді. Сол жылы Николай жанұясымен Варшаваға көшеді. Ол француз тілі мұғалімі және лицей пансионын басқарады. Кішкентай Шопен музыкалық ортада өседі. Әкесі скрипка мен флейтада ойнаған, ал анасы әнді жақсы айтып, фортепианода ойнаған.

5 жасында үлкен әпкесі Людвика үйреткен шағын пьесаларды орындайды. Көп ұзамай Войцех Живный деген Варшавадағы белгілі чех музыканты Шопеннің ұстазы болады. Живный Шопенді Бах, Моцарттың шығармаларымен таныстырып, 7 жасында Варшавада бірінші концерті өтеді. Осы кезде композитордың бірінші шығармасы – Полонез соль минор басылып шығарылады. 12 жасында Шопен Польшаның мықты пианисттерімен бір қатарда тұрды. Живный Шопенге басқа ештеңе үйрете алмайтынын түсініп, онымен дайындалудан бас тартады.

Музыкамен бірге ол француз, неміс тілдерін үйренді. Польша әдебиетіне қызығушылық танытып, көркем әдебиетті де көп оқиды. 13 жасында лицейге түсіп, 3 жылдан кейін сәтті бітіріп шығады. Оқу жылдарында Шопен опералық спектакльдерге, концерттерге жиі баратын, әсіресе оған итальяндық скрипкашы Никколо Паганини қатты әсер етеді.

Бала кезінен Шопен халық музыкасын сүйіп өседі. Жылдар өте халық музыкасы оның шығармашылығының айырылмас бір бөлігіне айналады.

Лицейді бітіргеннен кейін Шопен Жоғары музыка мектебіне (консерватоия) түседі. Оның жетекшісі үлкен дәрежедегі педагог, композитор Йозеф Эльснер болды. Консерватория жылдарында Шопен Польшаның ең үздік пианисті болады және оның композиторлық дарындылығы да өседі: 1829-1830 жылдары фортепиано мен оркестрге арналған e-moll және f-moll екі концерті, «Желание» атты әні шығады.

1829жылы Венаға концерттік сапармен барып, концерттері сәтті өтеді. Шопен және оның достары ұзақ концерттік сапарға шығу керек екенін түсінеді. Бірақ Шопен Отанынан мәңгілікке кетіп бара жатқандай сезінеді. 1830 жылы жолдасы Титус Войцеховскиймен Венаға аттанады.

Дәл осы кезде Польшада көтеріліс басталды. Жолдастары мен әкесінің сұрауымен әрең дегенде Венада қалады. Парижге жол тартқанда Польшадан суық хабар келеді. Польшадағы көтеріліс басылып, жетекшілерін түрмеге отырғызып, Сібірге жер аударды. Шопен қатты қайғырды. Қайғысы мен ызасын өзінің ең атақты шығармасы - «Революциялық» до минор этюдында сипаттайды. Осы сәттен бастап оның шығармашылығының ең басты тақырыбы – Отан тақырыбы болады.

1830жылы Шопен Парижге жетіп, өмірінің соңына дейін осында қалады. Бірақ Франция екінші отанына айналмайды. Өз шығармашылығында ол поляк болып қалады. Тіпті өлімінен кейін де жүрегін отанына апаруын сұраған.

Алдымен Шопен Парижді пианист ретінде «жаулап» алады. Лист сияқты ол әлемнің ең үздік пианистерінің бірі атанады.

Концерттерде Шопен көбінесе өз шығармаларын орындаған: фортепиано мен оркестрге арналған концерттер, этюдтар, ноктюрндер, Моцарттың «Дон-Жуан» операсының тақырыбына вариациялар. Осы вариациялар жайлы ұлы неміс композиторы және сыншы Роберт Шуман: «Шляпы долой, господа, перед вами гений» - деп жазған.

Шопеннің атағы кеңейген сайын, оның таныстары да көбейе бастайды. Достарының арасына Лист, ұлы француз композиторы Берлиоз, суретші Делакруа, неміс ақыны Гейне. Бірақ ең жақын досы – отандасы Адам Мицкевич болды.

Польшалық достарымен кездесулер композитор үшін аса қымбат болды. Себебі Шопеннің өз отбасы болмады. Оның Мария Водзиньскаяға (дәулетті польшалық графтардың қызы) үйлену үміті үзіледі. Көп жылдар бойы оның досы – атақты француз жазушысы Аврора Дюдеван (басылымда Жорж Санд псевдонимімен шығады) болды.

Жылдар өте Шопен концерттерге сирек шығады. Бар назарын шығармашылыққа салады. Оның сонаталары, скерцолары, балладалары, экспромттары, этюдтардың жаңа сериясы, ноктюрндары, прелюдиялары және бұрынғыдай сүйікті мазуркалары мен полонездері жарық көреді. Лирикалық пьесалармен қатар, ол драмаға, тіпті трагизмге толы шығармалар жазады. Композитор фортепианоның жаңа мәнерлеу тәсілдерін ашады.

Композитордың өмірінің соңғы жылдары мұңлы болды. Досы Ян Матушиньский, ал кейін сүйікті әкесі қайтыс болады. Жорж Сандпен айырылысып, мүлде жалғыз қалады. Сондай-ақ бала кезінен мазалайтын өкпе ауруы да қозады. Соңғы 2 жылда композитор ештеңе жазбайды. Қаражаттық жағдайын түзету үшін ағылшын достарының шақыруымен Англияға барады. Ол жақта концерттер, сабақтар беріп, шотланд халық әуедерін көп тыңдайды. Бірақ Англияның ауа-райы жақпай, теріс әсер ете бастайды.

Лондондағы соңғы концерті – өмірінің соңғы концерті болды. Бұл концертті Шопен польшалық эмигранттарға арнайды. Дәрігерлердің кеңесі бойынша ол Парижге қайтып келеді. Композитордың соңғы шығармасы – мазурка фа минор (ор. 68 № 4) болды. Соңғы күндері Шопеннің өтінішімен Польшадан әпкесі Людвика келіп, композитордың жанында болады. 1849 жылы 17 қазанда Шопен қайтыс болып, Парижде жерленеді. Ал жүрегі композитордың қалауымен Варшаваға апарылады. Святой крест ғибадатханасында әлі күнге дейін сақтаулы.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Шопеннің жастық шағы мен оқу жылдары.

2. Алғашқы шығармалары.

3. Жоғары музыка мектебіндегі оқу жылдары, Шопеннің жетекшісі.

4. Жоғары музыка мектебі жылдарындағы екі ірі шығармасы.

5. Шопен өз Отанын қашан және не себептен тастап кетті?

6. Өмірінің көп жылдарын қай елде өткізді? Оның жолдастары.

7. Шопен шығармашылығындағы негізгі жанрларды атап шығыңдар.

 

 

26 - тақырып


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 301 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жанрлар | Иоганн Себастьян Бах | Инвенциялар. | Франц Иозеф Гайдн | Жылдам, жанды | Жылдам, жанды | Вольфганг Амадей Моцарт | Байыппен | Людвиг ван Бетховен | Вальс до-диез минор |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Франц Шуберт| Мазуркалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)