Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мәдениет

Читайте также:
  1. Тапсырма. Тіл, ұлт, мәдениет деген сөздерді қалай түсінесіз?

Елдің мәдени өмірі көптеген театр мен мұражайлармен, сонымен қатар кинофистивальдармен анықталады. Әлемде көркем сурет пен музыкалық өнер, әдебиет танымал. Лотарингияның тарих пен архитектура ескерткішінің ең қызықтысы – Мозель қаласындағы Мальбрук қорғаны. Ол туралы ән де жазылған. Қазір мұнда көптеген көрмелер мен фестивальдар, ортағасырлық өнер экспозициясы өтеді. Көркем жерлердің бірі – Луара қорғаны. Бұлар Луара өзені бойындағы бірнеше таңғажайып ортағасырлық қорғандар.

Дәстүрлік мәдениеттің тұрақты элементтерінің бірі – тұрмыс, тұрғын үй мен ұлттық асхана сипаты.

Францияның ауылдық жерлерінің тұрмысы тарихи өткенмен, әсіресе, аграрлық қатынаспен байланысты. Жазықты және жартасты Солтүстік-батыс Францияға көшелі үлкен ауылдар тән. Ал жайылымы аз жерлерде, мысалы, Бретанда, Нормандияда, Аквитанияда және Орталық массивте шағын елдімекендер тән. Мұндағы үйлер жасыл немесе тас қоршаумен қошалған. Жерорта теңіздік жағалаудың таулы аудандарында ауылдар тау беткейлерінде орналасқан. Француздық ауылдың орталығында шіркеу болады. Негізінен бірқабатты үйлер бір-біріне параллель орналасады. Бір шатыр астында үй, оған қарайтын ат қора, амбар және шарапқа арналған жер жатады. Үй маңында бақ болады. Үйлері тастан немесе саздан қаланады. Ірі фермалар қорғанға ұқсайды. Ал таулы ауданда альпілік үй түрі таралған. Ол екі немесе үшқабатты үйлер. Еңбекшінің үйі ортақ бөлмеден, асханадан және екі, үш жататын бөлмеден тұрады. Қазір ауыл үйлердің интерьері қалаға ұқсас.

Ұлттық киімі. 19ғ ортасынан бастап француздар әдемі ұлттық киімін кимей қойды. Әйелдердің киімі ені кең юбкадан, жеңі бар жедеден, корсаж бен алжапқыштан, үлкен бас киімнен тұрды. Ерлердің киімі – бұл шалбар, гетры, жеде, кеудеше, мойын орамалы мен бас киім. Ал күнделікті күндері олар берет киген. Ежелгі аяқ киім – сабо деп аталады. Қазір бұл ұлттық киімдерді ұлттық фестивальдар мен түрлі ұлттық мерекелерде киеді. Қазір француздар жалпы еуропалық сипатта киінеді.

Париж – сән заңнамасы. Француздар қымбат әрі сәнді киінеді. Ерекше көңілді аяқ киімге аударады. Негізінен джинс, қарапайым етік, жемпір киеді. Дала мен жұмысқа әдемі киінбейді. Қымбат ресторандарда сәйкес киімді талап етеді, қарапайым киінген адамды кіргізбейді. Бретон тұрғындары өзінше ерекше киім киеді. Ерлер шалбар мен үлкен бас киім, ал әйелдер бархыт көйлек киеді.

Хобби.Француздардың ұнамды демалыс түрі – балық аулау. Балық аулаушыларды ауа райына қарамастан Сена жағалауында көп кездестіруне болады. Өзен бойындағы қалаларда балық аулау – спорт түріне айналып келеді. Ал олардың сайыстары үлкен мерекеге ұласады. Шағын қала халықтарының күнделікті ісі – бақты баптау мен гүл өсіру. Сонымен қатар Франциядағы дәм ханалардың қоғамдық рөлі үлкен. Мұнда адамдар газет, журнал оқып демалады.

35 сағаттық жұмыс аптасына жуырда ғана көшті. Француздар бос уақыты мен мәдени демалысын өткізуде отбасылық бюджетте мол орын береді. Жазда теңіз жағажайында көп адамдар тынығады. Ол «көк демалыс» деп аталады. Сонымен қатар олар қыста да әдемі жерлерде демалады.

Париждіктердің ұнататын жерлерінің бірі- Булон тоғайы. Мұнда көркем аралдары бар көлдерде қайықпен жүзуге болады, француздардық ұлттық ойындарының бірі – шар мен футбол ойнайды, сонымен қатар атпен серуендеуге және жай ғана шөп үстінде тынығуға болады.

«Фест ноз» - «түнгі мейрам» дегенді білдіреді. Бұл түнде көпшілік қауым үлкен залда жиналып, әншілер шақырылады. Музыка қосылғаннан кейін барлық адамдар қол ұстасып билейді. Билеген кезде бүкіл адамдар жастық және әлеуметтік жағдайына қарамастан бірігеді, және ішімдік ішіп, көңілдерін көтереді. Бұл ертеден ауылда пайда болып келе жатқан дәстүрлерінің бірі.

Мерекелер

01.01 – Жаңа жыл

30-31.03 – Пасхалық дүйсенбі

01.05 – Еңбек Күні

08.05 – Жеңіс Күні

19.05 – Вознесение

14.07 – Француз Төңкерісі Күні

15.08 – Успение

01.10 – Барлық Әулиелер Күні

11.11 – 1918 жылдың Жеңіс Мейрамы

25.12 – Рождество

Негізгі отбасылық мереке – Крещение және Первое причастие, Рождество. Бұл мерекеде бүкіл отбасы мүшелері мен туысқандар мерекелік үстел басында жиналады. Олар көптеп әртүрлі тағамдар дайындайды. Париждің орталық алаңында үлкен шырша орналастырылады және біздің Аяз-ата секілді Пер Ноэль ертегі кейіпкері балаларға сыйлық сыйлайды. Францияның оңтүстігінде осы күні сантон жасау міндетті (ағаштан жасалған ойыншықтар). Жаңа жыл да отбасылық мереке. Бірақ оны отбасы аясында ғана тойлайды. Бұрын Карнавал мерекесі болған. Ал пасха және басқа да діни мерекелер халықтық тойлаумен, сауда жәрменкесімен өтеді. 14 шілде – ұлттық мереке. Бұл Ұлы Француз Төңкерісінің басталуымен сипатталады. Парижде халық тойлаулары Бастилия алаңында өтеді. 1 Мамыр халықаралық мерекесінде француздықтар біріне бірі гүл сыйлайды.

Мерекелер дәстүрлі ұлттық көріністер мен ойындарсыз өтпейді: өгіздер күресі мен сиырлар сайысы, пелоте деп аталатын доп ойыны, кеме сайыстары және т.б..

 

Туризм

Франция сыртқы сауда мен капиталдың экспортында, еңбек күшінің ипорты жөнінен және шетел туристернің санынан алдыңғы қатарда. Негізгі елдің кіріс көзі – шетелдік туризм болып табылады. Туристерді Францияның тарихи және табиғи көрікті жерлері қызықтырады: ежелгі қорғандар, шіркеулер, курорттар, Орталық массивтің емдік сулары, Альпідегі қысқы туризм базалары және Париж мұражайлары. 2000 жылы елге 75 млн. шетелдік туристер келген. Елде туристерге арналған мыңдаған қонақ үйлер, туристік базалар мен кемпингтер бар. Қызмет көрсету саласы өте дамыған. Туризм үшін ең қолайлы мезгіл – көктем мен күздің басы. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін Франция әлемде туристер саны жөнінен бірінші орында еді. Бірақ кейін бұл жағдай өзгерді. Елдегі қымбат туризмнен гөрі адамдар жылы және арзан демалуды таңдаған болған.

Францияда барлық туризм түрлері дамыған. Жергілікті туризм де дамыған. Көптеген француздықтар автомобиль көлігімен саяхаттайды. «Түнгі Париж» таңқаларлық сұлу.

Негізгі көрікті жерлер – Мәдени орталық болып, әрине, Париж қаласы саналады. Мұнда елдің негізгі мұражайлары орналасқан – Лувр, Помпиду өнер орталығы, Гран-Пале (Үлкен сарай), Пикассо мұражайы, Роден мұражайы, д'Орсэ, Бирж көркем өнер мұражайы, Тампль, Ортағасырлық Ұлттық мұражайы (Терма Клюни атындағы), Импрессионизм мұражайлары мен Тюильри бағындағы Оранжери, Наполеонның обасы мен шіркеуі бар мүгедектер үйі, Марсово алаңы, Пантеон, Люксембург бағы, керемет розариі бар Булон тоғайы, Сорбонна, Мадлен шіркеуі, Келісім алаңы, Опера театры, Париждің тарих мұражайы (Карнавале), шарап мұражайы. Одан басқа Парижде осындай архитектуралық ғажайыптары бар: Эйфелев мұнарасы, Нотр-Дам-де-Пари соборы, Сен-Шапель шіркеуі, Триумфальды арка, Пале-Рояль, Елисей сарайлары, қала-ескерткіш Версаль, Университет, Латын кварталы. Сонымен қатар туристер арасында Монмартр, Елисей даласы, Булон тоғайы, ботаникалық бақ, аңдар саябағы және барлығына танымал кабаре: Мулен Руж, Крези Хорс және Паради Латен әйгілі. Париж астында Евродиснейленд орналасқан, Еуропадағы ең ірі ойын сауық саябағы. анада, Ниццаға жақын жерде Луара қорғаны орын алып жатыр, ол үлкен тариғи мәнге ие. Биарриц қаласында, Бискай шығанағы жағасында – «Евгений вилласы», теңіз, миниатюралық автомобиль, шоколад мұражайлары, маяк және адам аяқ баспаған жартас. Ним-Гарон департаментінде Рим кезенінің ескерткіштері көп – цирктер, теміржол, жартас, тас жолы үстінде салынған көпірлер (виадуки) мен қала сыртындағы әдемі үйлер (вилла). Бүкіл әлемге танымал бірқатар жақсы Лазур жағасындағы(Ривьера)курорттары – Грас, Сен-Тропез, Вильфранш-Сюр-Мер, Жуан-ле-Пэн, Гольф-Жуан, Сан-Рафаэль және т.б. Каннада (Канн): Фестивальдар сарайы мен Жұлдыздар аллеясы,Қызыл Баспалдақ, Еркіндік аллеясымен Сюкэ жартасындағы XII ғасырдың бекініс-мұражайы, «Жұлдызды» жағажайы мен Канн шығанағы.Ниццада: Променад дез Англе, Ниццаның әйгілі Опера мекемесі, Сен-Репарат соборы, Қайырымдылық капелласы, таңғажайып бағы, сарқырамасы мен қорғаны бар Шато жартасы, жаңа өнер мұражайлары, Дюфи, Матисс, Марк пен Шагалдың мұражайлары, өнер және тарих мұражайы, Орыс шіркеуі, Акрополис Конгрессінің сарайы, құқық сарайы. Антибта: XII ғ. Салынған Гримальди қорғаны, Пикассо мұражайы. Француздық Альпылары – Батыс Еуропаның ең биік таулары, қысқы спорттың дүниежүзіндегі ірі орталығы болып табылады. Әйгілі курорты – Валь Торанстағы Шамони мен Куршевель, Валь д'Изер мен Тинь, Ле Дез Альп, Ля Плянь, Межев, Мерибель және т.б..

Кіріс ережелері – Франция Шенген зонасына жатады. Шақыру ретінде алынған виза, шетелдік төлқұжаты, АҚШ 30 000 $ кем емес сақтандыруы міндетті түрде болу керек. Бір ғана ата–анасымен саяхаттаушы балалардың туу туралы куәлігі мен нотариуспен бекітілген орыс және француз тілдерінде жазылған екінші ата-анасының сенім хаты болуы тиіс. Францияға кіре берісте қайтар билетті сұрауы мүмкін, себебі француздық заң бойынша виза – елге келудің негізгі себебі емес. Консулдықжиын - $28.

Кеден ережелері: Әкелінген және шығарылған салым мөлшері шектеусіз. FRF50 000 және одан жоғары мөлшердегі бағалы қағаздар мен ақшалар декларацияланады. Франкқа айырбастаған шетелдік ақша қайтадан 5000 франк эквивалентіне дейін сол ақшаға айырбасталуы мүмкін.
Анықтама телефоны бүкіл Францияда – 12, өрт жөнінде – 18, полиция – 17, жедел көмек – 15.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 110 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Географиялық орналасуы | Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары | Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы | Лттық мінезі | Ауыл және қала халқы | Еңбек ресурстары | Экономикасы | Неркәсібі | Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар | Ылым және білім |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сәулет пен бейнелеу өнері| ПРОДУКТЫ, БОГАТЫЕ ВИТАМИНОМ B1

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)