Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары

 

Францияның бүкіл солтүстік және батыс бөлігі, яғни елдің жартысы ойпандар мен жазықтарда жатыр; орталық және шығыс аудандарында қатты бұзылған орташа таулы массивтер мен көтерілімдер, ал оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында альпілік қатпарлықта пайда болған биік таулар көтеріледі.

Кең теңіздік фасад, көп жазықтар мен биік емес массивтері, сонымен қатар күшті тау жүйелерінің ел шетінде орналасуы Франция аумағында ішкі және сыртқы байланыс жолының дамуына қолайлы әсер етеді. Оның жерімен Орталық Еуропадан Пиреней түбегіне апаратын негізгі сауда жолдары өткен. Бретан, Прованс, Корсикадағы және ірі өзен эстуариіндегі айлақ теңіз шаруашылығы мен теңіз арқылы басқа теңіз сырты елдерімен сауда байланысының дамуына түрткі болды.

Жазықтар бельгиялық шекарадан Пиренейге дейін созылып жатыр. Ең ірісі - Солтүстік Француздық немесе Париж алабы, - елдің солтүстігіндегі тектоникалық ойпаңда жатыр. Ол табақша тәрізді формаға ие: шөгінді жыныстарының пластары алап ортасынан шеттеріне қарай ірі куэста болып көтерілген. Сена өзені доға болып табылады.

Гаронна немесе Аквитан жазығы – елдің оңтүстік-батысында Орталық массив пен Пиреней аралығында тектоникалық ойыста жатыр. Жазық беті Гаронна өзенімен кесілген және мұнда Францияның ең құнарлы жерлері орналасқан. Аквитанияның оңтүстігіне Арманьяк пен Ланмезан көтерілімдері сәйкес келеді. Жазықты сипатқа Ланд ие. Бұл аудан су өткізбейтін жыныс үстіндегі құмдармен құралған, сондықтан да ол қатты батпақтанған. Қазір онда қарағай отырғызылған. Ланд теңізден ені 4-6 км мен биіктігі 90 м жететін құмды дюналармен бөлінген. Теңіз жағасы түзу. Сондықтан кеме тұрағына қолайсыз, бірақ осында ең жақсы құмды жағажай бар. Мұнда мұнай мен газ кенорындары орналасқан.

Лангедок жазығы – Аквитанның оңтүстік шығысында және Жерорта теңізі жағасына таяу жатыр. Жаға маңы бөлігіне лагуналар, құмдақтар мен өзен-көлдер сәйкес келеді. Ұзақ уақыт бойы бұл жағалау шөлді болған. Осында тұщы су жеткіліксіз болып, малярия болды. Бірақ 1960 жылдары батпақтарды құрғата бастады, жол, канал, су құбырларын және ірі туристік кешендерді сала бастады.

Шығыста үлкен жазықтар жоқ. Орталық массив пен Альпі және Юраны жіңішке Рона-Сона жазығы, ал Вогезы мен Шварцвальды Жоғарғы Рейн жазығы бөледі. Екеуі борпылдақ жыныстардан құралған. Көлемі аз болса да ауыл шаруашылық маңызы зор. Және Эльзаста калий тұздарының ірі қорлары шоғырланған.

Орталықта, солтүстік-батыста және солтүстік-шығыста ежелгі герциндік массивтер орналасқан. Ең ірісі – Орталық Француз массиві, елдің 1/6 бөлігін алып жатыр. Геологиялық жағынан бұл Франциядағы ең ежелгі облысы болып табылады. Ол негізінен кристалл жыныстарынан тұрады. Оның 1700 м көтерілген оңтүстік-шығыс шеті – Севенна тауы – Рона өзені мен Лангедока жазығына қарай тік түседі. Орталық массивтің белесті беті жанартау әрекетін анықтайды. Мұндағы көптеген ірі сөнген жанартау конустары көлдерге және лавалы далаға айналған. Болған жанартау әрекетін минералдық көздер растайды – Виша, Мон-Дор, Ла-Бурбуль. Сөнген жанартаулар Санси (1886 м) және Канталь (1858 м) – Орталық массивтің ең биік шыңдары. Жанартаулық облыстар өнімді топырақпен ерекшелінеді.

Францияның солтүстік-шығысында герцин массивтері Вогезы мен Арденны Жоғарғы Рейн мен Лотарин үстіртін бөледі. Шыңдары 1400 м жетеді. Арденның Франция жеріне тек аласа тау алды бөлігі ғана енеді. Францияның солтүстік-батысын қатты бұзылған ежелгі Арморик массиві алып жатыр. Оның беті төбелі жазыққа сәйкес келеді, ал биіктігі 300 м шамасында ғана.

Альпі – Еуропаның биік тауларының бірі, орташа биіктігі – 3,5-4 мың м. Әсіресе, солтүстік жотасы таңқаларлық – Савой Альпілері, күн сәулесіне шағылған ақ қар мен мұздықтарымен ерекшелінеді. Италиямен шекарада Батыс Еуропаның ең биік нүктесі – Монблан (4807 м). Таудың батыс бөлігі шөгінді жыныстардан құралған, негізінен, әктастардан, ал батысы кристаллды жыныстардан. Көп ғасырлық мұздық, қар мен еріген су әрекеті қатты үгілуге әкелді. Биік жоталары мен массивтері терең әрі кең аңғарлармен бөлінген. Альпі алдарында карст кең таралған. Асулар арқылы темір жол мен шоссе жолдары Италия мен Швейцарияға апарады. Альпіде көркем көлдер көп. Соның бірі – Женева. Солтүстікке қарай Юра таулары көтеріледі.

Пиреней – 2500 м биіктікке көтеріледі. Бірақ оларға шығу қиынға соғады, себебі қатты кристаллдық жыныстардан құралған, жоталары аз тілімденген. Бұрын оларды мұз басқан. Сондықтан көптеген цирктер, карлар мен басқа мұздық пішіндері кездеседі.

Альпі мен Пиреней тау жүйелері су қорына бай және оның субальпілік және альпілік шалғындары жайылым ретінде пайдаланады, ал ормандары орман шаруашылығының негізгі шикізаты болып табылады. Мұнда халықаралық туризм мен альпинизм орталықтары орналасқан.

Ежелгі геологиялық құрылыммен көптеген пайдалы қазбалар байланысты. Магмалық және метоморфтық шығу тегі бар әтүрлі руда кен орындары эпигерциндік платформада таралған. Тас көмір Францияның солтүстігіндегі герцин тауларының тау алды және тау аралық науаларында, яғни Лотарингия мен Орталық массивте шоғырланған. Жалпы тас көмір қоры көп емес: 2-3 млрд. т, осында сапасы төмен, кокстелген және антрациттер аз. Орталық массивте ірі уран руда қоры барланған; мұнда сурьма, алтын және басқа түсті металлдар алынады.

Мезозойдағы Юра әктас пластында, Лотарингия үстіртінің батысында ірі темір рудасы барланған. Қоры – 4 млрд. т. Рудасы бай емес: 30-33 % темір мен көп фосфор, бірақ пласт қуаттылығы күшті, терең емес. Нанси маңында тас тұзы бар.

Франция қойнауы минералды шикізатқа бай, әсіресе, темір рудасына, бокситтерге, калий және тас тұздарына, бірақ отын ресурстары шектеулі. Минералды шикізат пен энергия көздерінің орналасуының оң және теріс жақтары бар. Негізгі көмір, темір рудасы, калий және тас тұздары елдің қиыр солтүстік-шығысында, ал боксит, газ бен мұнай қиыр оңтүстігінде орналасқан. Пайдалы қазбалардың осындай орналасуы аудан аралық байланыстарды қиындатады. Бірақ, басқа жағынан Францияда пайдалы қазбалардың жақсы үйлескен аумақтары бар. Мәселен, Лотарингияда темір руда маңында тас көмір мен тұздар орналасқан, ал оңтүстік-шығысындағы боксит маңында Альпі өзендерінің арзан энергия көздері, елдің солтүстік-шығысындағы көмір гидроэнергия мен газбен үйлеседі. Әлсіз шикізат пен энергия базасы орталық пен солтүстік батыста өнеркәсіптердің дамуына әсер етеді.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 312 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарихы және рәміздері | Лттық мінезі | Ауыл және қала халқы | Еңбек ресурстары | Экономикасы | Неркәсібі | Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар | Ылым және білім | Сәулет пен бейнелеу өнері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Географиялық орналасуы| Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)