Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы

Читайте также:
  1. MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
  2. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  3. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  4. Ауыл және қала халқы
  5. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  6. Білге қаған және Күлтегін құрметтеріне жазылған жәдігерлердің мәтіні
  7. Векторлы және растрлы модельдер

 

Елдің алуан түрлі геологиялық құрылымы, жер бедері мен климаты топырақ жамылғысы мен өсімдіктің түрлі құрамын қалыптастырды. Франция топырағы құнарлы болып келеді. Тек кристаллдық жыныстар мен құмдарды санамағанда. Жазықтарға құба орман топырағы, әктастарды дамыған шымтезек-карбонатты топырақ, ал солтүстік-батысында – күлгін құба топырақ тән. Тауларды таулы орманды құба топырақ дамыған. Шаруашылық әрекет нәтижесінде топырақтың табиғи қасиеті қатты өзгерген және қазіргі қасиеті ауыл шаруашылықты жүргізу әдісіне байланысты болады. Францияның оңтүстік аудандарында орман мен мал шаруашылығын дұрыс жүргізбеу нәтижесінде топырақтың эрозиясы дамыған.

Францияның табиғи ортасы адам әрекетімен қатты өзгертіліп, қазір барлық жерде мәдени ландшафт таралған.

Бүкіл елді бұрын түгел орман басқан-ды. Қазір елдің ¼ бөлігін құрайтын ормандарында жаңғақ, қайың, емен, шырша өседі. Және көптеген бұташалар бар. Ең ірі табиғи орман массивтері тауларда сақталған – Вогезы, Юра, Солтүстік Альпіларда. Сонымен қатар отырғызылған ормандар кең таралған. Әсіресе, Ландыда теңіз маңы шырша өсірілген. Солтүстік Франция ормандарының орнында қазір саябақты массивтер таралған. Мысалы, Париж алабының орталығына ашық жазықтар мен дала тән – олар кампани деп аталады және тек тұрғын үй маңы мен өзен аңғары бойы кездеседі. Ал Францияның солтүстік-батысы тіпті ормансыз, осы жерге алма ағышының қоршауы тән – олар бокаж дер аталады.

Солтүстік-батыс пен Орталық массивте су өткізбейтін кристаллдық жыныстар жер бетіне шығып, осында батпақтар мен торфты жерлер кең таралған. Ал арам шөпті жерлер қой жайылымы ретінде пайдаланады.

Оңтүстікке қарай климат құрақтау мен жылырық болып, каштанды ормандар мен емен түрлілігі көбееді. Орталық массивтің биік шыңдарында қарағай, шамшат пен самырсын, ал Канталь мен Үй жанартаулы массивтерінде самырсын ормандары өседі.

Биіктік белдеулік Альпі мен Пиреней тауларында айқын байқалады. Төменгі беткейлерінде 800 м дейін емен мен каштан ормандары, жоғары қарай, ылғалырақ ауданда шамшат пен аралас орман, 1800-2300 м биіктікте субальпілік өсімдіктер – рододендрон және т.б., ал одан жоғары альпілік зонада төмен шөпті шалғындар өседі.

Жерорта теңіздік Франция ерекше сипатқа ие. Климаттың құрақ болуына байланысты осында адам әрекеті айқын байқалады. Теңіз маңы және альпілік шыршалы, тас еменді мәңгі жасыл ормандарының көп бөлігі шабылған. Оның нәтижесінде қысқы жауыннан топырақ жамылғысының шайылуы мен тас беткейлерінің жалаңаштануы болды. Енді жағалауға маквис, мәңгі жасыл бұталар, көпжылдық ксерофитті шөптер мен аласа ағаштар тән. Сонымен қатар мәдени және отырғызылған өсімдіктер де дамыған. Мысалы, жүзім бақтары, зығыр алқабы мен оңтүстік жеміс-жидектері. Осында экзотикалық оңтүстік ағаштар, батпақтарда австралиялық эвкалиптер, жол және қала көшелері бойы пальмалар мен агавалар өседі.

Соңғы жүзжылдықта Францияның жануарлар дүниесі қатты азайған. Бұл адамдардың тура әсерімен, сонымен қатар өмір сүру жағдайының нашарлануымен және ормандардың шабылуымен түсіндіріледі. Бірақ та басқа Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда Францияда жабайы жануарлар жақсы сақталған. Осында ортаеуропалық, жерорта теңіздік жанурлар кездеседі. Ірілері аз ғана және олар тек Альпі мен Пиренейдің қорықтары мен ұлттық саябақтарында сақталған. Мәселен, Батыс-Пиреней паркінде 40 қоңыр аю бар.

Фауна өкілдерінен бұғы мен түлкі ерекшелінеді. Еліктер альпілік аудандар, жабайы қабан алшақ орманда, ал муфлондар Корсикада таралған. Кеміргіштерден – тиін, тышқандар мен жапалақ. Құстардың көп түрі кездеседі. Негізінен қарлығаш, қарабауыр шіл, құр мен қоқиқаз тән. Тауларда жыртқыштардан – бүркіт пен орлан. Рептилиялар аз, жыланның бір ғана түрі - сұр жылан. Бір кездері Франция өзендері балыққа бай болған еді. Бірақ ластану нәтижесінде балық қоры шұғыл төмендеді. Жаға маңы теңіз суларында балықтардың көптеген түрлері бар: май шабақ, треска, тунец, сардина, скумбрия, камбала, сұр хек. Балық аулаудың негізгісі – форель, ол жасанды жолмен көбейтілген. Жерорта теңіз бен Ла-Манш балыққа кедей. Бискай шығанағында негізінен сардина, камбала, омар мен теңіз шаяны, моллюскалар ауланады. Франция дүниежүзінде устрицаларды аулау жөнінен бірінші орынға ие. Негізгі балық аулау порттары – Булонь мен Лориан.

Францияда ұлттық байлықты сақтауға көп көңіл бөлінген. Тіпті арнайы табиғатты қорғау министрлігі құрылған. Елде 6 ұлттық парк (353 мың га жер алып жатыр), соның ішінде ең ірісі – «Вануаз». Ол Савойяда орналасқан және 60 мың га жер алып жатыр. Онда альпілік флора мен фауна қорғалады. Және 30 шақты қорық бар. Қорықтардың табиғаты едәуір сақталған. Одан басқа ел табиғатты сақтау мен оны қалпына келтіруге көп қаражат бөледі. Теңіз жағасы мен өзендер өте қатты ластанған. Орман өрті де алдыңғы қатарлы мәселе болып отыр.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 289 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарихы және рәміздері | Географиялық орналасуы | Ауыл және қала халқы | Еңбек ресурстары | Экономикасы | Неркәсібі | Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар | Ылым және білім | Сәулет пен бейнелеу өнері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары| Лттық мінезі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)