Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лттық мінезі

Француздар – сабырлы, ақылды және үнемшіл. Олар өте сыпайы әрі қонақ жай, бетке тура айтпайтын, бірақ басқа ұлттарды ұната қоймайтын халық: ағылшындарды қызықсыз, американдықтарды сараң әрі екі жүзді, орыстарды тәрбиесіз деп санайды. Көп француздар ағылшын тілін ұнатпайды. Бір жерді анықтау үшін полициядан сұраған жөн. Сағат 21.00 кейін телефон соғуға болмайды, ал жұмыс жөніндегі сұрақтарымен офисте байланысқан жақсы. Бүкіл елде сағат 13.00 – 16.00 дейін түскі демалыс уақыты (сиеста). Бұл кезде барлық мекемелер, банктер мен дүкендер жабылады. Түскі уақытта шіркеулерді аралауға тиім салынады. Мұражайлар күннің бірінші жартысына дейін ғана ашық болады. Дүйсенбіде мұражайларда демалыс. Дәстүрлі ас түстігі сағат 20.00 басталады. Астан кейін бірнеше түрлі сыр беріледі. Оны тек қызыл шараппен ғана ішу керек. Парижде шай-пұл барлық жерде берген дұрыс: таксиде, ресторанда, және т.б. жерлерде. Католиктік шіркеу мен соборларда ақырын сөйлеу керек.

Ұлттық асхана - әрбір француздың мақтанышы. Әр провинцияда өзіндік ерекшеліктер бар. Жалпы француздар жемістерді көптеп жейді, ал сүт тағамдарын аз пайдаланады, ірімшіктен басқа. Қала және ауыл халқының тамақтану дәрежесі етке байланысты әртүрлі болады. Ауылдарда тамақтану режимі маусым мен шаруашылық жұмыстарға байланысты болса, қалалықтар жеңіл таң асын таңдайды. Ұлттық тағымы – «бланкет».

Француз асханасын шартты түрде үшке бөлуге болады: аймақтық, жалпы таралған және өте ерекше.

Аймақтық асханасы оңтүстік аудандарда астың тым қышқылдылығымен және көп шарап пен түрлі қоспалардың қосылуымен ерекшелінеді. Эльзас асханасы көп шошқа еті мен қырыққабаттың пайдалануымен, ал жаға маңы аудандарда теңіз азығының – балық, теңіз шаяны, омар және лангусталар мен устрицалардың көп пайдалануымен ерекшелінеді.

Көптеген тамақтардың атауы француз тілінен келген: котлет, соус, майонез, омлет, антрекот. Француздар бақа етін тағамда тым көп пайдаланады. Сонымен қатар шарап пен сыр және бутербродтарды ұмытпау керек.

Негізінен француздар азықты жұмасына бір рет алып қойып, күнде тек нан мен әйгілі круассан сатып алады. Ал жемістер мен жидектерді нарықта алады. Қалалардың барлық аудандарында азық-түлік супермаркеттері бар, және олар бір-бірінен бағасы мен ассортиментімен ерекшелінеді. Француздар таңдау кезінде бағасы мен сапасына және өз қалтасына негізделеді. Барлық дүкендерде жеңілдік бағамен сатылатын тауарлар бар.

Шарап, коньяк, ликер, шампан мен вискиді фирмалы дүкенде ғана алуға болады. Сонымен қатар сыр дүкендері де бар. Мұндағы ірімшік түрлері алуан түрлі. Францияда дүкендердің бірыңғай жабылу уақыты жоқ. Көптеген дүкендер сағат 9-19.30 дейін жұмыс істейді.

 

Діні

Діні - шамамен 82% католиктер, 12,2% протестанттар, 1,3% - иудеилер мен 4,5% мұсылмандар. Католицизм – басты дін болып табылады. Сонымен қатар атеисттер саны көбейіп келеді. Халық діні әлеуметтік жағдайы мен ел ауданына байланысты әртүрлі болады. Католиктік шіркеудің әсері Бретан, Вандей мен Орталық массивтің жеке департаменттерінде, Эльзаста, Лотарингияда, Савояда, сонымен қатар басктердің аудандарында көрінеді. Ауылдық жерлерде халықтың діншілігі жоғары.

Шіркеу 1905 жылы мемлекетпен бөлінсе де, осы уақытқа шейін тұрақты көмек алып тұрады: мемлекет «еркін» бастауыш және орта мектепті қаржыландырады. Мектептен басқа католиктік насихаттаудың құралы баспа болып табылады. Францияда дін әдебиеті үлкен басылымдармен басылып шығарылады.

Шіркеу капитализмді шектей отырып, еңбекшілердің өмірлік қызығушылықтарын қорғайды.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 116 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарихы және рәміздері | Географиялық орналасуы | Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары | Еңбек ресурстары | Экономикасы | Неркәсібі | Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар | Ылым және білім | Сәулет пен бейнелеу өнері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы| Ауыл және қала халқы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)