Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар

Читайте также:
  1. Сыртқы қабырғааралық бұлшық етін латын тіліне аударыңыз

Францияда темір және автомобиль жолдарының жүйесі тығыз орналасқан. Сонымен қатар кеме жүзуге қолайлы өзендер, каналдар, құбырлар мен теңіз порттары көп.

Теміржол торабы, әсіресе өндірістік аудандарда жиі. Француздық теміржолдар жоғары электрлену дәрежесімен, үлкен жылдамдық пен жолаушыларды жақсы тасымалдау жағдайларымен ерекшелінеді. Темір жолының ұзындығы 37,3 мың км, бұның электрленгені 9,4 мың км. Ұлттық үлкен жылдамдықты теміржол жүйелері алғаш осында пайда болған. Ол жол Парижді Лион, Марсель, Бордо, Страсбургпен қосады.

Теміржолмен қатар автомобиль торабы да жақсы дамыған. Автожолдар сапасы өте жоғары және жаңа автострадалар салынып жатыр. Автомобиль жолы 850 мың км, бұның ішінде 2160 км асфальтталған. Негізгілерінің бірі – Париж – Лион – Марсель – Ницца.

Ішкі су жолдарының ұзындығы үлкен. 10,4 мың км – кеме жүзуге қолайлы. Негізгі су жолдары Францияның солтүстігі мен шығысында шоғырланған. Олардың негізгісі – Сена. Бұнда көптеген порттар мен каналдар бар. Су жолдары елді Солтүстік және Жерорта теңізімен байланыстырады.

Мұнай және газ құбырларының жалпы ұзындығы 8 мың км асады. Өнімдер теңіз порттарынан сұйық отынмен тұтынушы орталықтарға жеткізіледі. Маңызды мұнай құбырлары: Гавр – Париж, Марсель – Страсбург, газ құбырлары Лак кенін Париж, Лион, Нант қалаларымен жалғастырады.

Көлік жүйесі радиалды пішінге ие және оның орталығы Париж қаласы саналады. Астанада негізгі теміржол мен автомобиль магистральдары, көптеген құбырлар мен ішкі су жолдары түйіседі.

Негізгі халақаралық жүк тасымалдауда теңіздік флоттың рөлі зор. Жүк тасымалының ең көп үлесі импортталған мұнайға тиеді. Екі порт – Марсель мен Гаврдың мәні үлкен. Олар арқылы Жерорта теңіз, Үнді және Тынық мұхит елдерімен байланыстар жүзеге асады. Америка және Батыс Африка елдерімен байланысады. Руан – Париждің аванпорты. Ол Францияны Солтүстік және Орталық Еуропамен қатынастырады. Сонымен қатар Дюнкерн, Нант, Бардо теңіз порттары бар.

Елдегі аса ірі аэропорттар – Бурже, Орли, «Шарль де Голль» (Парижде).

Сонымен қатар әлемдік мәнге ие болып табылатын Еуротуннель жөнінде атап өткен жөн. Оның құрылысы ағылшын-француздық келісіммен 1987-1991 жылдары салынды. 1994 жылы Лондон – Париж арасындағы Ла-Манш бұғазы астындағы туннельде поездер өз жұмысына кірісті. 2000 жылғы мәләмет бойынша ол арқылы 22 млн. адам жүрген. Лонданнан Парижге дейін 3 сағатта жетуге болады. Одан басқа Альпі тауларында да теміржол мен автожол туннельдері бар. Олар елді Италиямен қосады.

Парижде қоғамдық көліктің үш түрі бар: метро, автобус пен фуникулер. Барлығында бірдей билет бар. Фуникулер арқылы Монмартр жартасына көтерілуге болады. Метро қала мен қала маңы аудандарын қамтиды. Париж метросы сағат 5:30 – 00:30 дейін жүреді. Оның тек 14 желісі бар. Станциялары 300–500 м арақашықтықта жатыр. Метро арқылы қаланың түкпіріне бірнеше минутта жетуге болады. Автомобильді жалға алу үшін халықаралық куәлік пен төлқұжат, кредит картасы болу керек. Машинаға 48 сағат бұрын тапсырыс беру керек. Ол үшін 20 жасқа толып, бір жыл жүргізу тәжіриебесі болған жөн. Автобустар желісінің Париждегі жалпы ұзындығы – 524 км, ал аялдама саны – 1754, интервал уақыты – 4-20 минут. Таксиде счетчик орнатылған. Машина үстіндегі белгі жанып тұрғанда такси бос дегенді білдіреді.

Ел экономикасындағы негізгі рөлді сыртқы сауда алып отыр. Франция басқа елдерге машина және жабдықтар, химия, электр техника өнімдерін, темір рудасын, қара металл, алюминий, мата мен киімді, дәнді дақылдар мен шарапты, ет пен сутті экспорттаушы ретінде танымал. Ал мұнай, газ, тас көмірді, коксті, түсті металлдарды, целлюлоза, жүнді, сонымен қатар мақта-мата, табиғи каучук, кофе, какао және басқа ауыл шаруашылық өнімдерін импорттайды.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарихы және рәміздері | Географиялық орналасуы | Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары | Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы | Лттық мінезі | Ауыл және қала халқы | Еңбек ресурстары | Экономикасы | Сәулет пен бейнелеу өнері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Неркәсібі| Ылым және білім

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)