Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылым және білім

Читайте также:
  1. MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
  2. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  3. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  4. Ауыл және қала халқы
  5. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  6. Білге қаған және Күлтегін құрметтеріне жазылған жәдігерлердің мәтіні
  7. Білім алушының өзіндік жұмысы

Ғылым.Орта ғасырларда көне заман мұрасын, араб деректерін зерттеумен Ұлы Карл сарайы жанынан құрылған «академия» айналысты (8-9 ғ.). 10-12 ғ-да кен қазу ісі, құрылыс-сәулет техникасы, көптеген басқа да кәсіптер өрге басты. 12 ғ-дың аяғы мен 13 ғ-дың басында ғылыми білімдердің дамуы алғашқы университеттерңмен байланысты болды. 13 ғ-да астрономиялық бақылаулар жүргізіле бастады. 14 ғ-да Ж. Буридан, Н. Орем трактаттарында механика мен математика мәселелері зерттелді. В. Рубруктың Монғалияға сапары мен басқа да саяхаттар география білімдер өрісін кеңейтті. 15 ғ-да бірқатар жаңа университеттер ашылды, металлургия, кен өндіру, тоқыма өнеркәсібі салаларында техникалық жаңалықтар ашылды. 15-16 ғ-да Бразилия мен Солтүстік Америкаға саяхат жасалды. Франсуа Виет алгебрада әріптік таңбаларды қолданды және теңдеулердің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы тәуелділікті ашты. Және басқа көптеген салаларда ғылыми жетістіктер болды. 17-18 ғ-да Р. Декарт пен Б. Паскальдің еңбектері Еуропа ғылымын дамытуға көп әсер етті. П. Ферми, М. Мерсенн, П. Гассенди, С. Шамплен, Ж. Роберваль, Г. Лопиталь, П. Вариньон, Э. Мариотт, Ж. Турнефор, Д. Дидро, ж. Д'Аламбер, Ланграж, Лаплас, Дюфе, Ж. Буве және т.б. ғалымдар ғылымның дамуына үлес қосты.

Париж, Лион және Тулуза, Ницца, Лилль, Нанте, Мец, Страсбург, Рен қалалары - әйгілі униерситеттері мен басқа да ғажайып интеллектуалдық инфрақұрылымымен ғылымдағы барлық ұлттық зертеулерді біріктіреді. Қазіргі кезде мұнда 9 ғылыми және технологиялық парктер бар.

Білім. Білім беру жүйесінің негізі жүз жылдық тарихы бар. Ол 1880-1890 жылдары қаланған. Білім беру тегін және 6-16 жасқа жалпыға бірдей. Францияда жекеменшік және мемлекеттік білім беру жүйесі бар. Жекеменшік оқу орындарында 20% оқиды. Мемлекет барлық мектеп бағдарламасы мен сайыстар және емтихандарды бекітеді. Тек қана бакалаврға дейінгі дипломдарды беруге құқығы жоқ. Жекеменшік оқу орындары мемлекеттен көмек алады: мемлекет мұғалімдердің еңбек ақысын және кейбір шығындарды төлейді.

– Франциядағы білім беру жүйесінің келесі құрылымы бар:

– Мектепке дейінгі (6 жасқа дейін);

– Бастауыш білім (6-11 жас);

– Орта білім (11-18 жас);

– Жоғарғы білім;

Мектепке дейінгі білім

Бала-бақшалар 2-6 жасқа дейін балаларды алады. Бала-бақшалар француздық білім беру жүйесінің ең үздігінің бірі. Балаларды бала-бақшаларда үш топқа бөлінеді:

– 1-4 жас аралығындағы – балалар тек ойнайды.

– 4-5 жас аралығындағы – балалар сурет салуға, ауызша қарым-қатынасқа үйренеді.

– 5-6 жас аралығында – оқып–жазуға, санауға үйренеді.

Бала-бақшалар аптасына 5 күн және күніне 6 сағаттан жұмыс істейді. Ірі қалаларда бала-бақшалар таң атқаннан 6-7 сағатқа дейін қызмет етеді.

Бастауыш білім

Білім жалпыға бірдей тегін. Дін сабақтары мектепте өткізілмейді. Балаларға діни сабақтарды үйрету үшін мектептер аптасына бір күн демалып, оқушылар «құдай сабақтарын» меңгереді. Бастауыш сыныптардан кейін оқушылар емтихан тапсырады. Сабақтар аптасына 27 сағат және төрт күн және сенбіде оқиды. Қыздар мен ұлдар аралас оқиды. Барлық пәнді бір ғана мұғалім оқытады.

Орта білім

Орта білімді колледждер мен лицейлер береді. Оқу жеті жылға созылады. Лицейлер мемлекетпен қаржыландырады және кейбір колледждер де жартылай техникалық қамтамассыз етіледі. Лицейлер классикалық және шынайы болады. Классикалықта ежелгі тілдер (грек,латын) және бір шетел тілі оқытылады, ал екіншісінде екі шетел тілі. Оқу тегін.

Жоғарғы білім

Негізінен мемлекеттік және қымбат емес болады. Бірінші курсқа түсу үшін француз тілін білу және керек құжат болуы жеткілікті. 26 жасқа дейінгі студенттерге жеңілдіктер бар. Француздық жоғары оқу орындардың екі түрі бар: университеттер мен жоғары мектептер. Францияда 80 университет бар және оқуы үш циклдан тұрады:

– бірінші цикл – екі жылға созылады және студенттер DUT немесе DEUG дипломын алады. Түсетін студенттердің мектеп бітірушілердің бакалавр дипломы болу керек. Дипломдардың техникалық, гуманитарлы және т.б. бағыттары бар және сол бағытта ғана оқуын жалғастыруға дайындалады. Медицина саласында оқитындарға қиындау. Аяғында емтихан тапсырмағандар студенттер оқудан шығарылады.

– екінші цикл – үш жыл. Бұнда мэтро деңгейі беріледі және инженер дипломын алуға болады.

– үшінші цикл – арнайы оқу мен зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Және DESS (кәсіптік) немесе DEA (зерттеу) диплом. DEA – докторантура алдындағы 2-4 жылға созылады.

Жоғарғы оқу орындарының негізгі түрі – университеттер, оларда студенттердің 90%-ы оқиды. Ең ірісі – Париж университеті (Сарбонна, 1215 жылы құрылған). Ал, Жоғары мектептер жекеменшік және мемлекеттік болады. Олардың университеттен гөрі деңгейі жоғарырақ.

Ірі кітапханалары Парижде орналасқан: Ұлттық кітапхана (кітап қоры 7 млн. дана, 155 мың қолжазба), Француз институтының кітапханасы, Сарбонна, Әулие Женевьева, Арсенал кітапханалары, Жарытылыстану тарихы ұлттық мұражайының кітапханасы, Париж қаласының тарих кітапханасы, басқа қалаларда – Страсбургтегі Ұлттық және университет кітапханасы.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 98 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарихы және рәміздері | Географиялық орналасуы | Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары | Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы | Лттық мінезі | Ауыл және қала халқы | Еңбек ресурстары | Экономикасы | Неркәсібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар| Сәулет пен бейнелеу өнері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)