Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарихы және рәміздері

Читайте также:
  1. MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
  2. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  3. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  4. Ауыл және қала халқы
  5. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  6. Білге қаған және Күлтегін құрметтеріне жазылған жәдігерлердің мәтіні
  7. Векторлы және растрлы модельдер

 

 

«Франция» атауы Маас және Шельда өзендері алабын мекендеген франктер аймағының атауы есебінде алғаш рет 6 ғ-да пайда болды. Ал 10 ғ-дан қазіргі Франция жеріне ұқсас аймақтар «Франция» деп атала бастады. Адамзат қоғамының алғашқы ошағының бірі Франция жерінде, сірә, шамамен, бұдан бір миллиондай жыл бұрын қалыптаса бастаса керек. Қазіргі Францияның аумағы тарих алды кезеңде қоныстанған және елдің солтүстік-батысында бүгінгі күнге дейін сақталған көптеген тас дәуіріндегі монументті құрылыстарды көруге болады. Б. з. б. 3-мың жылдықта жер көп жыртылды. Б. з. б. 2-мың жылдықта мыс, қола, алтын, күміс, ал б. з. б. 1-мың жылдықта темір қолданыла бастады. Бұл кезде Солтүстік-шығыс және Орталық Францияны кельттер және әртүрлі кельттенген автохтонды тайпалар, Оңтүстік-батыс Францияны көбінесе иберлер, сонымен қатар кельтиберлер, Қиыр оңтүстік-шығысты лигурлар мекендеді. Олар римдіктермен соғыста жеңіліске ұшырады. 5 ғ-да ел аумағына басып кірген бургундтер, вестготтар, франктер рим үстемдігін құлатып, өз мемлекетін құрды. Рим империясының құлдырауынан кейін бұл аумақты герман тайпалары иемденді. 5-9 ғ-да Франция жері Франк мемлекетінің құрамына кірді де, феодализм генезисі дәуірінде өмір сүрді. 7-8 ғ-да христиан діні дендеп еніп, үстемдік ала бастады. Ұлы Карл билік құрған кезде Франция кең-байтақ Каролингтер империясының құрамына енді. Феодалды таптардың қалыптасуы жеделдеді. Франк мемлекеті құлдырап, орнына феодалдық бытыраңқылық дәуірі басталды. 10-12 ғ-да Франция өзінің экономикалық дамуында жаңа сатыға көтерілді. Қалалар өсіп, сауда өркендеді. Тұтас алғанда 13 ғ-да француз мемлекетінің күшеюі тауар-ақша қатынастарының өсуіне байланысты болды. 12-14 ғ-да жүргізілген шаралар шаруаларға еркіндік беру деп аталды. Ортағасырларда Франция Англияға қарсы жүз жылдық ұзақ соғысқа қарамастан гүлденді, бірақ көптеген шығындар болды. Кейін 16 ғасырдың аяғында Еуропада Реформация атты діни қозғалыс таралды. Франциядағы протестанттар мен римдік католиктердің шиелінісі отыз жылдық азаматтық соғысына әкелді. Елдің экономикасы құлдырап кетті. 16-17 ғ-да экономиа қайтадан өркендей бастады. Франция белсенді сырқы саясат жүргізді. Бұл ғ-да француз ұлты қалыптасты.

Француздық монархия Людовик XIV (1638-1715) басқарған кезде күшейді. Бірақ халық арасында билік пен патша байлығы мен аристократияға наразылық өсе берді. 1789 жылы Француздық революция басталды. Төңкеріс нәтижесінде Францияның билік басына Наполеон Бонапарт келді. Оның бұйрығымен француздық әскер Еуропа бағытында жорығын жүргізді. Тек 1812 жылы Ресеймен соғыста және 1815 жылы британ мен пруссия әскерімен шайқаста жеңіліске ұшырады. Империя құлағаннан кейін Францияда бурбондар монархиясы қайта қалпына келтірілді. Ақ террор жүргізіліп, революция пиғылындағы адамдар жазаланды. Сырқы саясатта реакциялық бағыт ұстады. Жұмысшылардың наразылығы күшейді. Капитплизмнің қайшылықтары утопиялық социализм идеяларын туғызды. Шілде төңкерісі бурбондарды құлатты. Бірақ бұл төңкеріс нәтижесін буржуазия пайдаланып кетті. Экономика өркендеді. Төңкеріс Шілде монархиясын құлатып, республика жарияланды (25.02.1848ж). 1852 жылы 2.12. империя жарияланып, Луи Наполеон Бонапарт (Наполеон 3) император болды. 1870-71 ж. Франция – Пруссия соғыс, Седан түбіндегі шайқас нәтижесінде революция бұрқ етті. Париж жұмысшыларының талабы бойынша республика жарияланды. Үшінші республика тұсында прогресшіл маңызы бар бірсыпыра төңкерістер жүзеге асырылды. Сонымен қоса, қаржы буржуазиясының мүддесі үшін Африкада, Вьетнамда басқыншылық соғыстар жүргізілді. Сырқы саясатта импералистік бағыт ұстады. 19 ғасыр бойы Франция Африка мен Азияда үлкен отарларға ие болды, бірақ 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Германиямен соғыста әлсіреп қалды. Төртінші республиканың 1946 ж. 10 қарашасында сайланған Ұлттық жиналысында ФКП ең көп орын алды. 1950 жылдары генерал Шарль де Голль басқаруымен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұзылған елдің шаруашылығы қалпына келтірілді. Бұл кезеңде өнеркәсіп дамуының қарқыны жөнінен АҚШ-ты, Англияны, Канаданы, Бельгияны басып озды. Бесінші республиканың 1958 ж. қабылданған конституциясы парламент өкілділігі шеңберін тарылтып, президент құқығы едәуір кеңейді. 1958 ж. 21 желтоқсанда генерал де Голль президент болып сайланды. 1968 жылдың басында елде әлеуметтік-саяси дағдарыс басталды. Президент орнын Ж. Помпиду басты. Ол қайтыс болғаннан кейін Ф. Миттеран сайланды. Франция мен Германия Еурападағы бейбітшіліктің орнауына өз үлесін қосты, яғни олар Еуропалық Экономикалық Бірлестік құрды, қазір ол – Еуропалық Одақ деп аталады.

Жалауы

Пропорциялары: 2:3, 1794 жылы қабылданған. Жалау үш бірдей тік келген жолақпен сипатталады: көк, ақ және қызыл түсті. Осы тудағы түстер патшалық, империя мен республиканы білдіреді.

Елтаңбасы

Эллипс тәрізді пішінге ие және орталығында дикторлық шоқ орналасқан – ол билік пен республиканың символы болып табылады. Жолақта келесі сөздер жазылған: «Бостандық, теңдік және ағайындық». Бұның барлығы емен және зығыр сабағымен қоршалған.

 

 

Сурет 1 – Францияның туы мен елтаңбасы

Бұл билік пен атақ белгісі. Елтаңбадағы фигураны қоршаған шынжыр – құрмет пен қайырымдылық символы. Астында Легионның Құрмет ордені безендірілген.

Тілі – Мемлекеттік және ресми тілі – француз тілі. Елдің алыс шетінде баскша, каталонша, итальян, неміс, фламанд және бретон диалектілерінде сөйлейді.

Валютасы - 1 қаңтардан 2002 ж. Евро (Euro) енгізілген. Бір евро 100 цент құрайды. 2012 жылдың аяғына дейін ұлттық банк ұлттық банкноттарды евроға тегін айырбастайды. Айырбастау құны - 1 евро = 6,55957 француз франкі, енгізілген және өзгермейді. Айналымда келесі банкноттардың номиналы: 5, 10, 20, 50, 100, 200 и 500 евро, сонымен қатар монета номиналы 1, 2, 5, 10, 20 и 50 цент.

Сағаты – Мәскеуден 2 сағатқа артта қалады.

Ерекшеліктері:Францияда жоғары білімді тегін алуға болады. Қандай да бір француздық университеттегі оқу біздің оқу орнымыздан арзан. Тіпті Сорбоннаның өзінде оқу $ 100 - $ 800 жылына. Шетел студенттеріне шектеу жоқ. Франция әрқашан жоғары сапалы тұтыну заттарымен, француздық киіммен, аяқ киіммен, әшекей бұйымдарымен, парфюмериямен, бояумен, шарап және коньякпен танымал болды.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 245 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары | Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы | Лттық мінезі | Ауыл және қала халқы | Еңбек ресурстары | Экономикасы | Неркәсібі | Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар | Ылым және білім | Сәулет пен бейнелеу өнері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе| Географиялық орналасуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)