Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ауыл және қала халқы

Читайте также:
  1. MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
  2. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  3. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  4. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  5. Білге қаған және Күлтегін құрметтеріне жазылған жәдігерлердің мәтіні
  6. Векторлы және растрлы модельдер

Франция – жоғары урбандалған мемлекет: қала халық саны 80%.

Қалалардың көбі ертеде пайда болған. 20 ғ–да қала мекендері қалыптаса бастады. Олар серік қалалар болып табылады. Сонымен қатар пайдалы қазбаны игеруге байланысты (газ кен орнындағы Муранск), жаңа атом орталықтарында (Маркуль, Пьерлат) және тау мен теңіз жағасындағы туризм орталықтарында бірнеше жаңа қала құрылған. Францияға орташа және кішігірім қалалар тән, ал ірі қалалары аз (100). Қала шекаралары аз өзгеріп, негізінен көбі ескірген. Ірі қалалары өзінің әкімшілік шегінен шығып, өз тәуелсіздігін сақтай отырып қала маңы мекендерді қалаптастырған. Нәтижесінде Францияда қала мекендерінің негізгі типі болып агломерация саналады. Негізінен олар ірі қала маңында қалыптасады. Сонымен қатар өндірістік аудандар маңында, шахта маңында пайда болған. Лион мен Марсельде милиондық шектен асты. Ал ірі агломерация сыртында жартылай қалалы және жартылай ауылды елдімекендер қалыптасты. Францияда астананың маңызы жоғары.

Ауыл елдімекендері де алуан түрлі. Ең көп тарағандары бірнеше ондық немесе жүздік тұрғындары бар ұсақ ауылдар мен бірнеше үйлері бар «амо» деп аталатын мекендер, ал қалғандары жеке бөлінген фермаларда тұрады.

Ірі қалалары: Париж (2200000 адам), Марсель (807700 адам), Лион (416500 адам), Тулуза (366000 адам), Ницца (345600 адам), Страсбург (256000 адам), Нант (252000 адам), Бордо (213000 адам), Монпелье (211000 адам).

Штаттар мен қалалар

Париж – Еуропаның ең кербез астанасы, Францияның әкімшілік, мәдени және саяси өмірінің жүрегі. Мұнда Франция халқының 1/5 бөлігі тұрады. Бұл қаланың ерекшелігі сондай, тіпті кейде оны «жеке заңдары бар қала-мемлекет» деп атайды. Әрбір көшенің өзінше тарихы бар, ал ескерткіштері мен мұражайлары болса бүкіл әлемге танымал. Париж өзінің архитектуралық келбетін сақтай отырып, жаңа новаторлық жабдықтармен қамтамассыз етілген. Бұл өзгерістен қорықпайтын, сұлулық пен өнер және сән қаласы.

Руан. Қала Париждің солтүстік-батысында, Сена өзенінің жағасында және Нормандия провинциясында жатыр. Қала тау беткейінде орналасқандықтан, Руанның барлық мекемелері суреттегідей анық көрінеді. Сағат Мұнарасы көшесі – Франциядағы алғашқы жаяу жүретін жол зонасы. Бұл үлкен циферблаты бар мұнара қала ескерткішіне айналған.

Лион – елдегі көлемі жөнінен үшінші қала Рона аңғарының Сенаға құяр жерінде жатыр. Лион ежелгі римдіктермен 2000 жыл бұрын қалыптасқан. Алғашында жібек мата шығарумен әйгілі болған-ды, қазір көптеген банктар мен сауда орталықтарымен танымал. Лионда алғашқы қор биржасы мен чек пайда болды. Бүкіл әлемге өзінің аспаздық өнерімен әйгілі.

Марсель – Францияның көлемі жөнінен екінші және ежелгі қалаларының бірі, сонымен қатар ірі Жерорта теңізінің порты болып табылады.

Эльзас – Францияның батысындағы тарихи облыс Рейн өзені алабында жатыр. Ол Парижден 400 км жерде, Еуропаның дәл жүрегінде орналасқан. Қала Вогеза таулары мен Рейн расында жатыр. Ауданы – 8,3 мың. кв. км. Халқын эльзастар құрайды.

Страсбург – негізгі қала мен порт.

Метц – Мозель өзенінде Нансиден солтүстікке қарай орналасқан университеттік қала. Өзінің мұражайлары мен шіркеуімен, әдемі бақтарымен әйгілі.

 

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 1075 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарихы және рәміздері | Географиялық орналасуы | Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары | Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы | Экономикасы | Неркәсібі | Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар | Ылым және білім | Сәулет пен бейнелеу өнері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лттық мінезі| Еңбек ресурстары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)