Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Неркәсібі

 

Франция экономикасының негізгі саласы.Монополия саясаты мен шетел капиталының араласуы өнеркәсіптің жеке салаларының біркелкі дамымауына әсер етеді. Ауыр өнеркәсіптің кейбір салаларында, әсіресе электр энергия өндіруде, химия, мұнай өңдеу, электр техника салаларындағы өндірістер әскери сұраныс нәтижесінде жоғарылайды.

Отын-энергетика. Энергетиканың даму деңгейі жоғары, бірақ өз отыны аз болғандықтан, энергиялық ресурстарының ½ бөлігін импорттайды. Елде 1 млн. т мұнай қоры бар. Негізгі бөлігін Таяу Шығыс елдерінен әкеледі. Ең ірі мұнай өңдейтін зауыттар Сена өзені бойындағы Гавр мен Руан, Марсель қалаларында шоғырланған. Жаңа зауыттар ірі отын орталықтарында, яғни Лион, Страсбург пен Валансьенде салынған. Оларға мұнай құбырмен жеткізіледі. Мұнай шаруашылығында американ және ағылшын-голландықтар компанияларының рөлі зор.

Өнеркәсіпте және тұрмыста газды пайдалану тез жоғарлады. Ал елдің өзінің газы жетпегендіктен, Франция оны Нидерланды, Алжир мен Ресейден алады.

Мұнай, газ бен импортталған сапалы және кокстелген көмір арасындағы бәсекелестік елдегі көмірді алуды төмендетті. Негізгі көмір алу аудандары – Солтүстік аудан мен Лотарингия, сонымен қатар Орталық массивте де көмір өндіріледі.

Барлық елдімекендер электрмен қамтамассыз етілген. Бір адам басына 4 мың кВт*сағ жылына электр энергия келеді. Бірақ электр энергияны өндіруден Франция АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания мен Канадаға орын береді. Электр энергияның 1,5 мыңын СЭС өндіреді. Ең ірілері Рона мен Изердің жоғарғы ағысында салынған.

Алуға қолайлы болған су энергиясының ресурстық қоры түгелдей пайдаланғандықтан, ЖЭС үлкен мәнге ие. Олар негізінен төменгі сапалы тас көмірмен немесе газбен жұмыс істейді.

Францияда жақсы электр станциялар аз емес. Мысалы, Ранс өзенінде дүниежүзіндегі ең ірі электр станциясы бар (600 млн.кВт*сағ). Ол теңіз толықсуларын пайдаланады.

Энергиялық ресурстар шектеулі және импортталған энергия қымбат болғандықтан, атом энергиясына көп көңіл бөлінеді. Фредерик Жолило-Кюри атақты француз ғалымының басшылығымен Париж астында 1948 жылы бірінші атом реакторы қосылды. Атом энергиясын пайдаланудан Франция Шетел Еуропа ішінде үшінші орын алады. Елде 10 шақты атом электр станциялары бар. Атом өнеркәсібінің негізгі орталықтары – Пьерлат пен Маркуль. Ядролық отынды Орталық массивтегі уран рудасы береді. Мұнда байыту фабрикалары да істейді. Уранның аз бөлігі Африкадан әкелінеді.

Ауыр өнеркәсіп. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауыр өнеркәсіп қарқынды дами бастады: көлік, авиациялық және басқа машина жасау салалары, химия өнеркәсібі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және ҒТР нәтижесінде ауыр өнеркәсіп үлкен мәнге ие болды. Электр энергетика, мұнай және газ, атом және химия, әуе-ракеталық және көліктік өнеркәсіп пен электроника тез дами бастады. Енді ауыр өнеркәсіпке 3/5 жұмыскерлер мен өнім келеді. Франция СЭС салудан, атом, электр металлургиядан, электр техникадан, химиядан, көлік, ұшақ және локомотив шығарудан көптеген дамыған елдерден озады. Франция – ғарыш алаптарының үшіншісі.

Елде қара металлургия жақсы дамыған және өз шикізатымен қамтамассыз етіледі. Темір рудасын алудан Франция Еуропада бірінші орында. Сонымен қатар Бразилия, Мавритания мен Швецияның бай рудалары пайдаланылады. Әкелінген рудада Дюнкер портындағы және Жерорта теңізінің Фос портындағы ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Негізінен металлургиялық зауыттар темір рудасы мен тас көмір маңына жақын шоғырланған. Шойын мен қорғасынның 2/5 бөлігін Лотарингияның зауыт-комбинаттары береді. Қорғасынның 1/3 бөлігі Солтүстік ауданда балқытылады. Мұндағы қорғасын балқытатын зауыттар әкелінген шойынды пайдаланады, сонымен қатар толық циклді зауыттар да бар. Орталық массив, Савойя мен Пиренейдегі таулы аудандарында, яғни арзан гидроэнергия маңында электр пештерінде арнайы жоғары сапалы қорғасын балқытатын көптеген зауыттар бар. Ле-Крезо, Сент-Этьен мен Ижин зауыттарының маңызы зор.

Түсті металлургия. Елдің оңтүстігіндегі мол боксит қоры мен СЭС-ның арзан энергия қоры алюминий өнеркәсібінің дамуына әсер етті. Боксит қоры жөнінен Франция Еуропа елдері ішінде екінші орында. Негізгі кен орындары Марсель маңында Бринольдта шоғырланған. Мұнда байыту зауыттары бар. Алюминий Альпі мен Пиренейдегі СЭС мен Лак газ кен орнындағы ЖЭС маңында байытылады.

Машина жасау мен металл өңдеу – жалпы өнеркәсіптің 2/5 өнімін береді. Әсіресе көлік пен электр техника үлкен мәнге ие. Франция әлемдік машина жасау өнеркәсібінің дамуында үлкен рөль атқарды. 19 ғ соңында массалық көлік шығару өндірісі мен бірінші автомобиль сайыстары өткен. Жылына 3,5-4 млн. автомобиль жасайды. Француздық компаниялардың өзінің машина жинау зауыттары 30 шақты елде бар. Автомобиль өнеркәсібі ұлттық өнеркәсіп құрлымының негізі болып табылады. Елдегі екі ірі компания – жекеменшік «Пежо-Ситроен» (2,2 млн) және мемлекеттік «Рено» (2,3 млн) - дүниежүзіндегі жеңіл автомобиль өндірісінің 4 және 5%-ын қамтамассыз етеді. Бірінші автомобиль Луи Рено 1898 ж жасалды. Бұл фирма зауыттарында 200 мың адам қызмет етеді. Жеңіл автомобиль түрлерінен басқа, автомобиль зауыттарының жабдықтары мен трактор, станок пен мотор дайындайды. Француздық автомобильдерінің жартысы Парижде жасалады. Мұнда жоғары аталған екі үлкен компания шоғырланған. Сонымен қатар елде ежелгі «Сошо-Монбельяр» мен «Лион» орталықтары бар.

20 ғ басында Франция әуе өнеркәсібімен әйгілі болды. Луи Блерио 1909 ж әлемде бірінші болып Ла-Манш бойымен ұшқан. Қазіргі кезде француздық конструкторлр мен инженерлер жаңа ұшақ түрлерін ойлап шығарған. Әлемге мәлім «Каравелла» реактивті ұшағы мен тікұшақтары, «Мистер» және «Мираж» секілді кеме құртқыш - истребительдерді экспорттайды. 1976 ж капиталистік әлемде тұңғыш рет Париж – Рио-де-Жанейро бағытымен «Конкорд» жолаушылар ұшағы ұшты. Негізгі әуе зауыттары Париж бен Тулузда шоғырланған.

Кеме жасау бай дәстүр мен тәжіриебеге мол. Жылына ондаған кеме жасалады. Соңғы жылдары жүк тасымалдайтын кемелердің рөлі өсті. Көптеген кемелері шетел сұраныстарымен жасалады.

Электр техника мен электроника қарқынды дамиды. Зауыттарының көбі американдық және голландық фирмалаға тәуелді. Жыл сайын миллиондаған радиоқабылдағыштар, теледидарлар, кір жуғыш машиналар жасалады. Негізгі зауыттары Парижде салынған.

Францияда машина жасаудың басқа салалары да дамыған – ауыл шаруашылық машиналары мен станок, оптикалық құралдар мен сағат жасау. Елде көп көлемде қару жасалады.

Химия саласының Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дамуы өнім сұранысының жоғарлауына және тас көмірден мұнай және газ отынына өтуіне байланысты. Бұл салада 400 мыңдай адам қызмет етеді. Әсіресе, «Рон-Пуленк», «Сен-Гобен» және «Мишлен» монополиялары маңызды болып табылады. Зауыттарда жасанды және синтетикалық талшықтар, пластмасса мен фармацевтика аппараттары жасалады. Француздар алғашқы болып целлофан, антибиотиктер, спирамицин, пристинацимин, ровиль талшықтарын ойлап тапқан. Еуропада нейлон мен тергель маталарын тұңғыш жасаған. Химия өндірістері елдің барлық аудандарында бар. Ал ең әмбебап химия орталығы – Париж саналады. Бұнда фармацевтика мен парфюмерия шығарылады.

Жеңіл өнеркәсіп. Негізгі саласы – тоқыма. Ескірсе де, алдыңғы қатарлы сала болып табылады. 700 мың адам жұмыс істейді. Тігін және мата өнімдері жалпы экспорттың 1/10 бөлігін алады. Бұл салада ірі өнеркәсіптер аз. Сыртқы нарықтағы бәсекелестік пен тұтыну шектеулі болғандықтан көптеген фабрикалары жабылып қалған. Мақта-мата өндіру негізгі үш ауданда шоғырланған: Лиллде, Рубе-Туркуэнде және Армантьерде. Лион – химиялық талшықтардан жасалған маталар орталығы. Көп киімдер экспортталады. Елде тігін өнеркәсібі маңызды. Француздық тігін өнімдері сұлулықпен, кербездікпен ерекшелінеді және басқа елдердің үлкен сұранысына ие. Париж – сән заңнамасы.

Тамақ өнеркәсібі алуан түрлі. Әсіресе шарабымен танымал. Жыл сайын 600 млн. л спирт сусындары дайындалады.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарихы және рәміздері | Географиялық орналасуы | Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары | Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы | Лттық мінезі | Ауыл және қала халқы | Еңбек ресурстары | Ылым және білім | Сәулет пен бейнелеу өнері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Экономикасы| Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)