Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек ресурстары

Францияда массалық эммиграция салыстырмалы жиі болды. Керісінше 50-ші жылдың ортасына дейін елге шетелден көп жұмысшылар келген. Сонымен қатар саяси жағдайларға байланысты уақытша шетелдіктер де келді. Қазіргі кезде шамамен 5 млн. адам шетелдіктер және 1,5 млн. француздық азаматтығын алған шетелдіктер бар. Шетел жұмыскерлері негізінен алжирліктер, португалдықтар, испандықтар мен итальяндықтар экономикалық белсенділердің 1/10 бөлігін құрайды. Олар ең ауыр жұмыстарда қызмет етеді – шахталарда, құрылыста, металлургия мен химия зауыттарында аз квалификациялы еңбекпен және қызмет ету салаларында қызмет етеді. Мәселен, жүзім жинау мен басқа ауыл шаруашылық жұмыстарына 100 мың маусымдық жұмыскерлер келеді.

Соңғы жылдары халықтың еңбекпен қамтамассыз етілуі қатты өзгерген. Ауыл шарушылық халқы ұсақ шаруашылықтардың ыдырауы мен өндірістің механизациясы салдарынан соңғы 20 жылда 2,5 есеге азайды. Өнеркәсіптер мен көліктегі қызмет ететіндер тұрақты, ал құрылыс пен өндірістік емес салалардағы қызметерлер саны тез өседі. Сауда, қаржы, мемлекеттік аппараттарда қызмет ету саласында халықтың жартысы жұмыс істейді. Қазір, ауыл шаруашылықта – 10 %, өнеркәсіпте – 29 %, құрылыста – 10 %, көлік және байланыста – 4 %. 2000 жылы экономикалық белсенді әйелдер – 48 %, ер адамдар – 62 % құрады. Жұмыссыз адамдар 9,9% құрайды.

Әлеуметтік жағдайы

Францияда әлеуметтік тап пен халық тобы көп, сонымен қатар әлеуметтік құрылымы күрделенуде. Елде орташа тұрмысты халық басым. 6 млн. адамды қызметкерлер мен 4 млн. адамды жеке меншіктер құрайды. Экономикалық және саяси билік монополиялық буржуазия мен өндірістік-қаржы олигархында және тығыз байланысқан саяси шыңдағы құдіретті топта. Бұл ең кішкентай әлеуметтік тап болса да, өзінің әмірлігін мемлекетке де тигізеді.

Елде халықтың еңбек ақысының айырмашылығы үлкен. Жұмыскерлер тарапынан өз қызығушылықтырын қорғауға бағытталған бой көтерулер болып тұрады. Францияның жұмыскерлер тобы – Еуропадағы ең ірі және ең белсенділерінің бірі. Олар елдің саяси өміріне белсенді араласады.

Квалификациясы жоқ еңбек

Шетелден келген қызметкерлер француздардың қатаң қарауында болады. Уақытша жұмыс 18 айға созылады. Тұрақты жұмысқа тек тұрақты тұратын жері болса ғана рұқсат етіледі.

Мамандығы бойынша қызмет ету

Францияда жұмысқа орналасу үшін белгілі бір жұмыс берушінің жергілікті департаментке сұраныс беруі керек. Жұмыскер еңбек нарығында қажетті мамандығы бойынша таңдалады. Франция заңы бойынша жұмыс тек өз азаматтарына ғана ұсынылуы керек, ал егер ондай вакансия болмаса, онда шетелдіктерді алуға болады. Бірақ шетелдіктерге еңбек ақысын төменірек төлейді. Шамамен 1200–2500 доллар АҚШ айына.

Жұмысқа орналастыру агенттіліктері

Төлем ақысына қызметкердің бірінші еңбек ақысын алады. Мемлекеттік агенттіліктер – job centres деп аталады. «Bistro Romain»: Негізінен официанттарды орналастырады. «Oh Poivrier»: Толық емес күнге официанттарды орналастырады. «Pizza Hut»: квалификациясы жоқ жұмыскерлерді орналастырады.

Кәсіподақ қоғамдастықтары:

Жалпы еңбек конфедерациясы – 1895 жылы құрылған. Құрамында 650 мың адам бар.

Форс увриер – орталық 1947 жылы пайда болып, қазір 1 млн. адам құрамына кіреді.

Француздық демократиялық еңбек конфедерациясы – 1919 жылы құрылды. 808,5 мың адам.

Француздық христиан еңбекшілер конфедерациясы – 1919 жылы құрылған. Құрамында 250 мың адам бар.

 

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тарихы және рәміздері | Географиялық орналасуы | Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары | Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы | Лттық мінезі | Неркәсібі | Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар | Ылым және білім | Сәулет пен бейнелеу өнері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ауыл және қала халқы| Экономикасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)