Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Географиялық орналасуы

Франция Республикасы – Батыс Еуропадағы мемлекет. Солтүстік-шығысында Бельгиямен, Люксембургпен және Германиямен, шығысында – Германиямен, Швейцариямен, оңтүстік-шығысында - Монако және Италиямен, оңтүстік-батысында – Испаниямен және Андоррамен шекараласады. Францияны Солтүстік және Жерорта теңіздері, Па-де-Кале бұғазы, Ла-Манш және Бискай шығанағы шаяды. Жалпы ауданы 551,6 мың.кв.км.

Әкімшілік бөлінуі: 95 департамент, сонының ішінде ерекше аумақтық-әкімшілік бірлік – Корсика, 22 облыс, коммуна бар. Сонымен қатар 37 тарихи провинцияға бөлінген. Франция Еуропаның батыс бөлігінде орналасқан. Оны Атлантикалық, жерорта теңіздік және пиренейлік ел деп атауға болады. Теңіз шекараларының (жалпы ұзындығы 3100 км) ұзындығы құрлықтық шекараға қарағанда ұзынырақ. Франция теңіз шекараларының екі майданына ие: біреуімен (солтүстік-батыста және батыста) ол Атлант мұхитына және Бискай шығанағына қарайды; екіншісімен(оңтүстікте) — Жерорта теңізіне. Ел құрамына оның оңтүстік жағалауының оңтүстіктік-шығысына қарай орналасқан Корсика аралы кіреді. Ла-Манш жєне Па-де-Кале б±ѓаздары арќылы Франция солт‰стік тењізге шыға алады, сондықтан оны солтүстік теңіздік деп те атауға болады. 1994 жылы Ла-Манш астында Дувр-Кале жер асты автомобильдік жєне теміржолдық туннелі іске қосылды, бұл Ұлыбританияның континенттік Европамен байланыстарын нығайту үшін жасалған жағдай. Жиектің көптеген учаскелері, әсіресе Бретань және Прованседе, күшті тілімденген, кемелер аялдамасына арналған шығанақтар өте көп. Францияның мұхиттағы экономикалық аймағы 11 млн. км2 құрайды, бұл көрсеткіш Германия аймағынан әлдеқайда үлкен.

Рим империясының ең бай аймағы болған Ежелгі Галлияның ерте экономикалық дамуына қолайлы георгафиялық жағдай және жақын маңда маңызды сауда жолдарының өтуі жағдай жасаған деп есептеледі.

Францияның картадағы кескіні алтыбұрышқа ұқсайды. Сондықтан француздар оны — «Экзагон» деп атайды. Каролинг империясының ыдырау уақытынан құрлықтық шекара айқын көрсетілген табиғи шекаралармен өтеді — а Пиренеи, Альпі, Юра таулары және өзендер арқылы. Құрлық шекарасының тек бір учаскесі ғана — ойпаң жер. Бұл Бельгия шекарасы — францияның өзіндік «Ахиллес өкшесі» болып саналады. Нақ осы жер арқылы елге көптеген жаулап алушыларды басып кірген, ал соңғы рет бұл 1940 жылда неміс-фашистік әскерлері болатын, олар қорғаныс «Мажино сызығын» солтүстіктен айналып өтті. Оңтүстік-, солтүстік- және орталықевропалық аудандарға өтуі францияның жағдайын Батыс Еуропада тораптық, ал Париж барлық батыс европалық коммуникациялық желілерінің маңызды транзиттік орталығы болып табылады. Теңіз жєне құрлық байланыстарының ыңғайлы болуы, халықаралық жолдардың торабында орналасуы Францияның экономикалық позицияларын күшейтеді, басқа елдермен оның шаруашылық дамуы саласында, сауда жєне мәдениет саласында байланыстарының нығаюына жағдай жасаған. Мемлекеттің басты маңызды ерекшелігі болып, аудандарының көбі, атап айтқанда Солтүстік, Арденнылар, Лотарингия, Эльзас жєне Лиондық аймақ, Европалық мегало полиске кіреді. Франция, Бельгия, Голландия, Люксембург және Германия торабында қалыптастырылған трансшекаралық «евроаймақтар» европалық интеграциясының дамуына жағдай жасайды, әсіресе, Швейцария басқа, францияның барлық көршілері — ЕС мүшелері.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 343 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы | Лттық мінезі | Ауыл және қала халқы | Еңбек ресурстары | Экономикасы | Неркәсібі | Көлік пен сыртқы экономикалық байланыстар | Ылым және білім | Сәулет пен бейнелеу өнері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарихы және рәміздері| Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)