|
Франция батыс державаларының алғы қатарлы елі болып табылады және дүниежүзінде жетінші орынға ие. Аумақ көлемі (551 мың. кв. км) мен халық саны (58 млн. адам) бойынша Еуропа елдерінің ең ірілер қатарына жатады. Экономикалық даму деңгейі жөнінен Германия мен кішігірім елдерге (Норвегия, Дания, Швейцария, Люксембург) орын береді. «Үлкен Жетілік» қатарына жатады.
Елге балық шаруашылығы көп пайда әкеледі. Устрицаларды жинаудан Франция дүниежүзінде бірінші орынға ие. Одан басқа орман шаруашылығы да дамыған. Елде боксит, темір рудаларын және тас көмірді алады. Күшті таулы ағындар, сарқырамалар мен толықсыған өзендер электр энергия көзі ретінде пайдаланылады. Франция электр энергияны көрші елдерге беріп, атом электростанция саны жөнінен Еуропада бірінші орын алады. Өндіріс кәсіпорындары химикат, текстиль, ұшақ, ғарыш кемелерін және электр жабдықтарды өндіреді.
Халықтың жартысы қызмет көрсету саласында жұмыс істейді: сауда, медицина, білім беру, қаржы және туризм жүйесінде.
Электр станциялардың электр жабдықтарын шығару жөнінен Жапониядан кейінгі орында. Текстиль және тігін өнеркәсібі дамыған. Париж – «сән үлгілерінің заң шырашысы». Былғары аяқ киім шырудан төртінші орынға ие. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібі де дамыған. Франция капиталдың ірі импортеры болып табылады.
Франция Бесінші мемлекет жылдарында экономикалық құрылымының модернизациясы үрдісінің нәтижесінде 70-ші жылдың басында капиталистік әлемде өнеркәсіптің өсу қарқыны, еңбек өнімділігі мен қаржы жинау көлемі жөнінен алдыңғы орынға шықты. Елдің экономикасы мен саясатында бір-бірімен тығыз байланысқан бірнеше өнеркәсіптік және банк монополиялары үлкен орын алады. Мысалы, екі компания қолында «Пешине-Ижин-Кюльман» мен «Ле никель Пендройя» барлық түсті металлургия шоғырланған.
Франция – индустриалды ел: өнеркәсіп пайдасы ауыл шаруашылығынан 5-6 есе жоғары және өнеркәсіптік өнімдер француздық экспорттың 4/5 бөлігін құрайды. Бірақ ауыл шаруашылық өзінің мәнін әлі де сақтап отыр және ол елді азық-түлікпен қамтамассыз етеді. Франция – ауыл шаруашылық өнімдерінің ірі экспортері. Экономикада сауда, қаржы және туризм үлкен мәнге ие.
Банк жүйесі
«SG Paribas» – Франциядағы ең ірі және Еуропадағы үшінші банк тобы. Нарықтық бағасы 30 млрд. евро құрайды. Жалпы актив көлемі жөнінен тек қана неміс «Deutsche Bank» және швейцариялық «UBS» банктарына орын береді. Франциядағы банк жүйесі - әлемде ең дамығандардың бірі болып саналады. Барлық банктер мемлекет бақылауында болады. Банктер мәнді операциялар туралы өздері мемлекетке хабарлау керек. Банк есебін барлық адамдарға бірдей ашуға болады. Несие алу үшін толық мағлұмат пен медициналық тест өту керек және банк қызметкерімен келіссөз жүргізуге кездесу жөн. Несиені 5–15 жылға 5-6 % -ға алуға болады. Несие картасымен пайдаланатындар жалпы ұлттық орталықпен бақыланып, иесінің қайда екенін анықтауға болады.
Салық жүйесі
1954 жылы осында алғашқы қосымша бағаға салық пайда болды. Қазіргі таңда бұл жүйе тұрақтылықпен сипатталады. Салық құны экономикалық жағдай мен экономикалық-әлеуметтік саясатқа байланысты мемлекетпен қарастырылады. Әлеуметтік бағыттағыны айрықшы бөлуге болады. Францияның салық жүйесінің ерекшелігі - әлеуметтік қорларға көп көлемі шоғырланады.
Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 117 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Еңбек ресурстары | | | Неркәсібі |