Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері

Читайте также:
  1. VII. МАТЕМАТИКА
  2. VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым.
  3. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  4. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  5. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1 страница

а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:

- теріс емес бүтін сандарды оқи, жаза және салыстыра алуы;

- қарапайым есептеулерде арифметикалық амалдардың қасиеттерін қолдана алуы;

- қоршаған заттарды, үдерістерді және құбылыстарды сандық өрнектермен сипаттай алуы;

- шамалардың мәндерін салыстыруды және оларды практикалық есептерді шығаруда қолдана алуы;

- өрнек құру арқылы мәтінді есептерді шығара алуы;

- қарапайым теңдеулерді шешуі және оларды есептер шығаруда қолдана алуы;

- геометриялық фигураларды тани алуы, оларды салыстыру барысында ұқсастықтары мен өзгешеліктерін таба алуы;

- қарапайым жазық геометриялық фигураларды сала алуы;

- суреттерді, кестелерді, эскиздерді, сызбаларды, мәтіндерді қолдана отырып, қажет ақпараттарды (қағаз бетіндегі және электронды тасымалдаушыдағы) ала алуы;

- шамалар мен олардың өлшемдері (ұзындық, масса, уақыт, аудан, көлем, температура, құн) туралы түсініктерінің болуы;

- жиындар теориясының алғашқы ұғымдарын меңгеруі және есептер шығаруда пайдалана алуы;

- қоршаған ортаны зерделеуде ақпараттың негізгі қасиеттерін және алатын орнын білуі;

- ақпаратты ұйымдастыру тәсілдерін және іс-әрекетті жоспарлай алуы, оның ішінде берілген есептерді шешуде;

- компьютер, қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар туралы алғашқы түсінігінің болуы;

- компьютерді басқарудың негізгі тәсілдерін білуі;

- қазіргі заманғы ақпараттық қоғам жөніндегі түсінігінің болуы;

- компьютерді басқарудың негізгі тәсілдерін қолдана алуы;

- компьютерді жазуда, санауда және сурет салуда қолдана алуы;

- басқа мектеп пәндерін зерделеу кезінде компьютерді қолдана алуы тиіс.

 

ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- алгебралық өрнектерді түрлендіре алуы;

- нақты обьектілердің сандық сипаттамасын беруде сандарды (бүтін, рационал, иррационал) қолдана алуы;

- жуықтап есептеуді орындай алуы;

- рационал (2-дәрежеден аспайтын) және қарапайым иррационал теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін (оның ішінде модуль белгісі бар) шешуі, оларды математикалық есептер шығаруда қолдана алуы;

- қажет болған жағдайда анықтамалықтарды, калькуляторды, компьютерді қолдана отырып қарапайым практикалық есептерді шеше алуы;

- нұсқаларды жүйелеп қарауды талап ететін оқу және практикалық есептерді шеше алуы;

- теоремаларды дәлелдеуде аксиомаларды қолдана алуы;

- алгебралық және тригонометриялық аппараттарды қолдану арқылы геометрия есептерін шығаруда аксиомалар мен теоремаларды пайдалана алуы;

- геометриялық есептерді шығаруда координаттық және векторлық әдістерді қолдана алуы;

- комбинаторика, ықтималдықтар теориясы және статистиканың қарапайым есептерін шығара алуы;

- практикалық жағдайларды модельдеуді және математика аппаратын пайдаланып құрылған модельдерді зерттей алуы;

- диаграмма, графиктер, кестелер түрінде берілген нақты сандық мәліметтерді талдай және оларды ақпарат ретінде қолдана алуы;

- кестелерді құра алуы, диаграммалар мен графиктерді сала алуы;

- практикалық математикалық есептерді шығаруда өлшеу жүйелерін қолдана алуы, бір өлшеу жүйесінен басқа өлшеу жүйесіне көше алуы;

- дәлелдеуді монологтік және сұхбаттық нысандарда жүргізу барысында дәйектей алуы;

- алгебра және геометрия есептерін шығаруда алгоритмдер қасиеттерін және алгоритмдердің берілу тәсілдерін қолдана алуы;

- функциялардың (сызықтық, квадраттық, бөлшек-рационалды, дәрежелік, көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық) қасиеттерін білуі, олардың графиктерін салуды және шамалар арасындағы функционалдық байланыстарды көрсете білуі;

- жазықтық пен кеңістіктегі негізгі геометриялық фигуралардың қасиеттерін білуі және оларды дәлелдей білуі;

- жазықтықтағы геометриялық түрлендірулердің қасиеттерін білуі және оларды қолдана білуі;

- ақпараттармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін білуі;

- компьютердің жұмыс істеу қағидатын, ұйымдастыру негіздерін және жұмыс істеуін білуі;

- компьютерді басқарудың негізгі бағдарламалық құралдарын және ақпаратты қорғауды білуі;

- адам және қоғам өміріне ақпараттың тигізетін ықпалын, мәнін, ролін білуі;

- жалпы және дара коммуникациялардың ақпараттық жүйесінің ерекшеліктерін айыруы;

- Web – кеңістігінің тұжырымдамасын білуі;

- қоршаған болмысты танып білуде жаңа ақпараттық көзқарасты қалыптастыратын тірі табиғаттағы, қоғамдағы, техникадағы ақпараттық үдерістер саласын қарастыра білуі;

- компьютерді басқарудың бағдарламалық жабдықтарын қолдана алуы;

- үдерістерді алгоритмдей, бағдарламалай, модельдей алуы;

- ақпараттық және коммуникациялық технологияның стандартты жабдықтарымен жұмыс жасай алуы;

- әртүрлі пәндік білімді меңгергенде ақпараттық технологияның негізгі мүмкіндіктерін, оның ішінде, әртүрлі есептерді шешу барысында бағдарлама құру және дайын бағдарламаны қолдана алуы;

- Интернет арқылы хабар алуы және жібере алуы тиіс.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- алгебралық, логарифмдік, көрсеткіштік және қарапайым тригонометриялық өрнектерді түрлендіре алуы;

- алгебралық және трансценденттік теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді, оларды есептер шығаруда қолдана алуы;

- формулалар (дәрежелі, радикалды, логарифмдік, көрсеткіштік, тригонометриялық өрнектерімен) бойынша, қажет жағдайларда анықтамалықтарды және қарапайым есептеу құралдарын қолдана отырып, практикалық есептеулер жүргізе алуы;

- функцияның көмегімен нақты шамалар тәуелділігін сипаттауы мен зерттеуі, оларды графиктік түрде көрсете алуы;

- нақты процестердің графиктерін түсіндіре алуы;

- геометриялық, физикалық, экономикалық және басқа да қолданбалы есептерді, соның ішінде математикалық анализ аппаратын қолдану арқылы ең кіші және ең үлкен мәндерді табуға арналған есептерді шығара алуы;

- практикалық есептер шығаруда нақты нысандардың ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін, қажет жағдайда анықтамалық материалдарды және есептеу құралдарын қолдана отырып есептей алуы;

- оқиғаның ықтималдығын нәтижелер санын санау негізінде есептей алуы;

- геометрия есептерін планиметрия мен стереометрия фигураларының қасиеттеріне сүйеніп, алгебралық аппаратты, сонымен бірге координаталық әдістерді қолдана отырып шығара алуы;

- қарастырылған формулалар мен фигуралар қасиеттері негізінде практикалық жағдайларды зерттей алуы;

- математикалық модельдеудің көмегімен практикалық есептерді шығара алуы;

- өзіндік математикалық модельдерді талдай алуы, түсіндіре алуы және құра алуы;

- диаграмма, графиктер, кестелер түрінде берілген нақты сандық мәліметтерді талдауы, реттеу мен түсіндіруі, оларды жобалау – зерттеу қызметінде қолдана алуы;

- статистикалық сипаттағы ақпаратты талдай алуы;

- ең жаңа бағдарламалық жабдықтарды білуі;

- компьютерге бағдарламалық жабдықтарды орнатудың ретін және ережесін білуі;

- қорғау және архивациялау құралдарын білуі;

- Microsoft Office құрылымын және оның жұмыс істеу ұстанымдарын білуі;

- мәтіндік құжаттарды ресімдеудің элементтерін білуі;

- мәтіндік процессордың автоматты түрдегі бабының міндетін мен мүмкіндігін білуі;

- баспа жүйелерін, мүмкіндіктерін және олардың бағдарламалық қамтамасыз етілуін білуі;

- графиктік ақпаратты түрлендірудің құралдарын білуі;

- векторлық кескіндемелерді құрастырудың негізін білуі;

- мультимедиа технологиясы туралы түсінігінің болуы;

- компьютерлік тұсау кесер құрудың технологиясын білуі;

- World Wide Web туралы түсінігінің болуы;

- Internet – те іздеу жүйесі ұғымының болуы;

- Web-бет құру тұжырымдамасын білуі;

- Web-бет құрудың құралдарын білуі;

- ақпараттық қауіпсіздік туралы түсінігінің болуы және оны қамтамасыз ету сұрақтарын білуі;

- ақпараттық қоғамның негізгі сипаттауыштары мен ерекшеліктерін білуі;

- операциялық жүйені орната алуы және конфигурациялай алуы;

- компьютерде қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды орнатуды меңгеруі;

- қорғау және архивтеу құралдарын қолдана алуы;

- Microsoft Office-те жұмыс жасай алуы;

- мәтіндік редактордың параметрлерін қолдана алуы;

- мәтіндік редактордың графиктік және шрифтік мүмкіндіктерін қолдана алуы;

- Corel DRAW көмегімен графиктік кескіндемелерді сала алуы;

- мәтіндік редактор арқылы кітаптың үлгісін жасай алуы және беттей алуы;

- баспа жүйесі арқылы кітаптың үлгісін жасай алуы және беттей алуы;

- құжаттарды ажырату, мәтінді тексеруі және түзету жүйелерімен жұмыс жасай алуы;

- арнайы қондырғылардың көмегімен тұсау кесерді құрастыра алуы;

- Internet-те ақпараттарды іздей алуы және қарай алуы;

- FrontPage қосымшасы көмегімен Web – бет құрастыра алуы тиіс.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 314 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нормативтік сілтемелер | Терминдер, анықтамалар және қысқартулар | Негізгі ережелер | Тұлғаны әлеуметтендіру | Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер | Нер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері | Орта білім берудің базалық мазмұны | Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны | Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Білімберу нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер| Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)