Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны

Читайте также:
  1. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  2. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1 страница
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2 страница
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 3 страница
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 4 страница

«Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны: қоршаған әлем, жаратылыстану, география, биология, физика, химия, экология пәндерінде іске асырылады.

7.3.1«Жаратылыстану» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны

Мені қоршаған әлем. Қоршаған әлем туралы жалпы түсінік. Оқушының жақын айналасы. Сынып бөлмесінің сұлбасы. Жергілікті жерде бағдарлау. Жергілікті жер сұлбасы (жалпы түсінік). Табиғат туралы жалпы түсінік. Табиғатты зерттеу әдістері. Жыл мезгілдері. Жергілікті жердің ауа-райын бақылау. Тәуліктік уақыттар. Адам мен тірі және өлі табиғат арасындағы байланыс. Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесі.

Адам. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайлар. Адам денесінің құрылысы мен адам ағзасының негізгі қызметтері туралы жалпы түсінік. Жеке бас гигиенасы. Денсаулық және өмір сүру қауіпсіздігі.

Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Жануарлардың көптүрлілігі: жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер; Олардың сыртқы түрлерінің, қоректенуінің, көбеюінің ерекшеліктері. Жануарлардың өмір сүруіне қажетті шарттар. Үй хайуанаттары және жабайы жануарлар.Жануарлардың тіршілік ету ортасына бейімделуі.

Өсімдіктердің көптүрлілігі: балдырлар, саңырауқұлақтар, мүктер, қыналар, қылқан жапырақтылар мен гүлді өсімдіктер. Өсімдік мүшелері, олардың қызметі. Ағаштар, бұталар, шөптер. Өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайлар.

Жануарлар мен өсімдіктердің жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Қазақстанның өсімдіктер әлемінің ерекшеліктері. Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау.

Қоршаған әлем объектілері, олардың атаулары, белгілері, қарапайым қасиеттері. Табиғи және жасанды денелер мен заттар туралы түсінік. Тірі және өлі табиғат. Су, ауа, топырақ, олардың физикалық қасиеттері (ағымдылығы, мөлдірлігі, қаттылығы, жылу өткізгіштігі, түсі, иісі). Табиғаттағы су айналымы.

Жер бетінің формалары. Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары және оларды қорғау. Географиялық картадағы материктер мен мұхиттар. Жер – біздің планетамыз. Күн – жарық пен жылу көзі.

7.3.2 «Жаратылыстану» білім беру саласындағы негізгі орта білімберудің базалық мазмұны

Атомдар мен молекулалар. Химиялық элемент. Денелер мен заттар. Бүкіл әлем, Күн жүйесі, Жер, Жер сфералары.

Биосфера. Тіршілік иелері: өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бактериялар.

Адам. Адамның денсаулығы. Адамның табиғатты өзгертудегі рөлі.

Табиғат, экожүйелер, табиғи және жасанды қауымдастықтар. Қоршаған ортаның жай-күйі және оны қорғау, табиғи және антропогенді факторлар. Биосаналуандықты сақтау; табиғат жүйелерінің тұрақты дамуы.

Жай және күрделі заттар. Құбылыстар мен үдерістер.

Энергия түрлері, олардың түрлену процесі; қоршаған орта энергия көзі ретінде.

Табиғи жүйелердегі заттар мен энергиялар айналымы.

Маңызды заттар мен материалдарды алу технологиясы.

Табиғат ресурстары және оларды ұтымды пайдалану.

Нысандар туралы жалпы түсінік: категориялау, классифиациялау, ұсақ түрлерге бөлу, нысандардың құрылысы мен қасиеттері; адам өміріндегі рөлі.

Нысандарды сипаттайтын негізгі заңдар мен заңдылықтар. Тірі және өлі табиғат нысандарының өзара байланысы.

Нысандар мен үдерістерді танудың ғылыми жаратылыстану әдістері.

7.3.3 «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша жалпы орта білім берудің базалық мазмұны

Материя және оның ұйымдасу деңгейлері.

Органикалық және бейорганикалық заттар әлемі.

Табиғи және жасанды жүйелер. Әлемнің қазіргі заманғы табиғи-ғылыми бейнесі.

Физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық құбылыстар мен үдерістер.

Табиғи және жасанды нысандар, жүйелер, үдерістер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен өзара қарым-қатынастар.

Күн жүйесінің құрылымы мен пайда болуы жөніндегі қазіргі заманғы түсініктер. Жер сферасы. Жердегі тіршіліктің дамуының кезеңдері.

Биосфераның геохимиялық қызметі. Биосферадағы заттар мен энергиялар айналымы.

Өркениеттің технологизациялануы және оның ортаға әсері. Адам қоғамы мен Жердің ғаламдық экожүйесі арасындағы қарым-қатынас. Адамзаттың ғаламдық проблемалары.

Ғылымның адамзат қоғамындағы рөлі.

Өмірлік маңызы бар өнімдерді өндірудің қазіргі заманғы технологиялары.

Табиғат нысандары туралы жалпы түсінік: категориялау, классификациялау, нысандарды талдау, құрылымы, қасиеттері, дамыту, пайдалану, нысандарды түрлендіру.

Нысандардың қызметін сипаттайтын негізгі заңдылықтар, заңдар және теориялар.

Тірі және өлі табиғат нысандарының арасындағы өзара байланыс және өзара әсер етуі.

Обьектілерді танып білудің осы заманғы ғылыми-жаратылыстану әдістері. Тұрақты даму ұғымы.

 

 

7.4 «Адам және қоғам» білім беру саласының базалық мазмұны

«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны: қоғамтану негіздері, қазақстан тарихы, жалпы тарих, өзін-өзі тану, қоғамтану, экономика, құқық пәндерінде іске асырылады.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 459 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нормативтік сілтемелер | Терминдер, анықтамалар және қысқартулар | Негізгі ережелер | Тұлғаны әлеуметтендіру | Білімберу нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер | Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері | Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер | Нер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Орта білім берудің базалық мазмұны| Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)