Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері

Читайте также:
  1. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  2. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1 страница
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2 страница
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 3 страница
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 4 страница

а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:

- адам ағзасының қызмет етуінің негізгі қағидаларын; салауатты өмір салты қағидаларын (жеке бас және қоғамдық гигиенасын; дұрыс тамақтануды; шынығу мен қозғалыстың оңтайлы тәртібінің қажеттігін, ішімдіктің, темекі шегудің, есірткінің зиянын) білуі;

- қозғалмалы ойындардың мазмұны мен ережелерін біліп,ойын барысындажағдаятқа сәйкес шешім қабылдай алуы;

- дене шынықтыру, шынығу тәсілдері, дене бітімінің бұзылуының алдын алу, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу білімдерінің негізі туралы түсінігінің болуы;

- жалпы дене тәрбиесін дененің шынығуының мөлшерлік талаптарына сәйкес (жасына сәйкес дене дайындығының тестін орындау) іске асыра алуы;

- күн тәртібін сақтай отырып, өмірдің денсаулық сақтау шарттарын ұйымдастыруды меңгеруі;

- дене тәрбиесі жаттығуларын өз бетінше жасаудың білік пен дағдыларын меңгеруі;

- дене шынықтыру сабағын жүргізуде ұйымдастырушылық қабілеттерінің (өз бетінше ертеңгілік жаттығу жасай білуі, дене шынықтыру сабақтарында жаттығулар жүргізе алуы) болуы керек.

ә) Негізгі ортабілім беру деңгейінде білім алушы:

- денсаулықты сақтау мен оны нығайтудың құралдарын, нысандарын және әдістерін білуі;

- түрлі мақсатқа бағытталған дене жаттығуларының дара сабақтар жүйесін жоспарлаудың ережелері мен тәсілдерін білуі;

- еңбек пен демалыс тәртібінің, дұрыс тамақтанудың, қозғалыс белсенділігінің, жұмысқа қабілеттелігі мен денсаулығын сақтау мен дамытудағы, аурудың және зиянды әдеттердің алдын алудағы рөлін білуі және түсінуі;

- денсаулық сақтауға бағытталған жаттығулардың бір қатарын таңдай алуы;

- әр алуан тәсілдерді пайдаланып, табиғи және жасанды кедергілерден өте алуы;

- дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсете білуі;

- қорғаныс, өзін-өзі қорғау, сақтану және өзін-өзі сақтау тәсілдерін жүзеге асыра білуі;

- базалық спорт түрлерінде жалпы және арнайы дене дайындығын үнемі жетілдіруге деген оң ынтасын қалыптастыра білуі;

- дене дайындығының оңтайлы деңгейіне ие болуы;

- дене шынығуының сапасын дамытуы, жалпы дене және спорттық дайындық жаттығу сабақтарын өз бетінше ұйымдастыруы және жүргізудің білімдері мен әдістерін, релаксация мен өз-өзіне массаж жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгеруі;

- дене шынықтыру сабақтары барысында өзіндік бақылау және өзін-өзі басқарудың негізгі тәсілдерін меңгеруі керек.

б) Жалпы ортабілім беру деңгейінде білім алушы:

- күн тәртібін жобалай алуы, соның ішінде еңбек ету ұзақтығын, демалысын, қозғалыс белсенділігінің ұзақтығын және тамақтану тәртібін;

- денсаулықты нығайтудағы, кәсіптік аурулардың алдын алудағы және өмірді ұзартудағы дене тәрбиесінің сауықтыру жүйелерінің ықпалдарын, белгілі бір бұлшық ет топтарын және ағза қызметтерін дамытуға бағытталған дене шынықтыру жаттығуларының негізгі түрлерін білуі;

- еңбек нарығында дені сау адамдардың сұранысқа ие екендігін түсінуі;

- рухани жетілуіне және дене бітімін жетілдіруге ұмтылуы;

- кешенді дене шынықтыру жаттығуларын, спорттық-сауықтыру жүйелерін, жалпы қолданбалы дене жаттығуларын; сайыс жаттығуларын және таңдаулы спорт түрінің техникалық – тактикалық әрекеттерін; дене шынықтырумен айналысудың қауіпсіздік талаптарын; жеке басының дене дамуы мен дене дайындығын бақылау мен бағалау әдістерін, алғашқы әскери дайындық жаттығуларын білуі және қолдануы;

- дене шынықтырумен айналысуды өзіндік жоспарлауы және орындауы;

- таңдалған спорт түрінде әділ төрелік ете білуі;

- өзіндік реттеу, релаксация және өзіне өзі массаж жасау тәсілдерін меңгеруі;

- дене шынықтыру дайындығының оңтайлы деңгейін меңгеруі;

- саптық дайындықтың негізін меңгеруі;

- жергілікті жерде бағдар жасау, картаны оқу және азимут бойынша жүре алуы;

- топография туралы түсінігінің болуы;

- сақтаудың, өз-өзін қорғаудың, сақтанудың және өзін-өзі сақтандырудың, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәсілдерін білуі екрек.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 258 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нормативтік сілтемелер | Терминдер, анықтамалар және қысқартулар | Негізгі ережелер | Тұлғаны әлеуметтендіру | Білімберу нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер | Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері | Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер | Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны | Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Нер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері| Орта білім берудің базалық мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)