Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білімберу нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер

Читайте также:
  1. Азақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтары.
  2. Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері
  3. Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері
  4. Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері
  5. Нер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері

 

Білім беру мазмұны әрбір білім алушының Стандартпен айқындалған мынадай түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған:

- проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі;

- ақпараттық құзыреттілік;

- коммуникативтік құзыреттілік.

6.2.1 Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:

- түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

- өз іс-әрекетіне мақсат қоя алуға, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыруға (яғни, атқарылатын міндетке барабар технологияларды әзірлеуге);

- өзін-өзі бағалауға және өзінің іс- әрекеті мен оның нәтижелеріне баға беруге;

- түрлі жағдайларда өзі үшін қызмет және мінез-құлық нормаларын таңдауына;

- қойылған міндетке сәйкес технологияларды таңдауына мүмкіндік береді.

6.2.2 Ақпараттық құзыреттілік:

- сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

- ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;

- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

6.2.3 Коммуникативтік құзыреттілік:

- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;

- әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;

- нәтижелі өзара іс-әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;

- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас (коммуникация) құруға мүмкіндік береді.

6.2.4 Білім беру деңгейінің регламенттелген осы МЖБС-на сәйкес келетін түйінді құзыреттіліктерді меңгерудің үш деңгейі көрсетіледі.

Білім алушы білім берудің әрбір деңгейін аяқтау кезеңінде негізгі құзыреттіліктерді құрайтын берілген қызмет түрлерінің көрсетілген ең аз көлемін игергенін көрсете білуі тиіс.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің мынадай аспектілері бойынша білім алушының жетістіктері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):

- мұғалім ұйымдастырған проблеманы шешуге ден қоя алады;

- шынайы және қалауы бойынша жағдаяттарды жалпы түрде сипаттай алады;

2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:

- міндеттерді шешу қадамдарын логикалық және уақыт бірізділігі бойынша анықтайды және реттейді;

3)технологияларды қолдану:

- нұсқаулықпен жасайды;

4) қорларды (ресурстарды) жоспарлау:

- белгілі іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды;

5 ) қызметті бағалау:

- өз іс-әрекетіне берілген алгоритм бойынша бақылауды жүзеге асырады;

6) қ ызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:

- жоспарланған және алынған нәтижелердің сипаттамаларын салыстырады және нәтижелер сапасының ойдағыға сәйкестігі жөнінде қорытынды жасайды;

- өз әрекетінің нәтижелерін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды;

7 ) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:

- өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсете алады;

- өз әрекетінің себептерін атай алады.

ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:

1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):

- қалаған жағдаятты негіздейді және нақты жағдаяттарға талдау жасайды және олардың

арасында туындаған қарама-қайшылықты көрсетеді;

- проблеманың пайда болуының себептерін көрсетеді;

2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:

- қойылған проблемаға сәйкес мақсат қояды;

- қойылған мақсатқа сәйкес міндеттерді қояды;

- алдын-ала берілген баға критерийлері негізінде өз әрекетінің жоспарланған нәтижесінің сипатын өз бетінше анықтайды.

3)технологияларды қолдану:

- нақты міндеттерді шешу үшін іс-әрекеттер технологиясын (міндеттерді шешу тәсілдерін) немесе белгілі бір алгоритмнің бөлігін таңдайды және іс-әрекет жоспарын жасайды;

4) ресурстарды жоспарлау:

- қойылған міндетті шешуге қажетті ресурстарды жоспарлайды;

5) қызметті бағалау:

- өз іс-әрекетін жоспарлайды және ағымдық бақылау жасауды жүзеге асырады;

6) қ ызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:

- әрекет ету мақсатына сәйкес өз бетінше анықтаған өлшемдер бойынша өз әрекетінің нәтижесін бағалайды;

7 ) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:

- іс-әрекет жетістіктері мен кемшіліктерінің себептерін көрсетеді;

- міндеттерді шешу кезінде кездескен қиыншылықтарды атап көрсетеді және оларды жеңу жолдарын ұсынады.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:

1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):

- проблеманы анықтайды және тұжырымдайды;

- проблемаға талдау жасайды;

2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:

- мақсатқа жету кезінде туындайтын тәуекел ету жағдайларын көрсетеді;

- проблемаларды шешудің балама тәсілдерін талдау негізінде мақсат қояды;

- қойылған мақсаттарға жетуді негіздейді;

3)технологияларды қолдану:

- обьектілер параметрлерінің өзгергенін ескере отырып сол санаттағы обьектіге, күрделі обьектіге технологияны қолданады және әрекет ету жоспарын жасайды;

 

4) ресурстарды жоспарлау:

- балама ресурстарға талдау жүргізеді және міндеттерді шешу үшін оларды пайдаланудың тиімділігін негіздейді;

5) іс-әрекеттібағалау:

- ағымдағы бақылау нәтижесі бойынша өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізу немесе енгізбеу себептерін негіздейді;

6) іс-әрекет нәтижесін/өнімін бағалау:

- қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен көрсеткіштерін ұсынады;

7 ) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:

- міндеттерді шешу кезінде қол жеткізген ресурстарды (білім, іскерлік, тәжірибе т.б.) басқа да қызмет түрлерінде қолдану мүмкіндігін дәйектейді.

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің мынадай аспектілері бойынша білім алушының жетістіктері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

1) ақпараттық ізденісті жоспарлау

- ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;

- ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;

- анықтамалықтарды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады;

2) алғашқы ақпаратты алу:

- бақылау, қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент жүргізеді;

- адамға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;

- ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады;

3) ақпаратты екінші қайтара алу:

- берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;

4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

- алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді;

5) ақпараттарды өңдеу:

- алынған ақпаратты дәл баяндай алады;

- ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;

- ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.

ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:

1) ақпараттық ізденісті жоспарлау:

- қойылған міндеттерді шешу үшін қандай ақпарат (не туралы) талап етілетінін атап көрсетеді;

- интернеттің іздестіру жүйелерін қолданады;

- библиографиялық және тұрақты басылымдарды пайдаланады;

2) алғашқы ақпаратты алу;

- өз бетінше бақылау, ақпараттық ізденістердің міндеттеріне сәйкес эксперименттің мақсаты мен барысын жоспарлай отырып эксперимент жүргізеді;

- сұрақтар көмегімен ақпараттар жинауды жоспарлайды және оны жүзеге асырады;

- берілген сұрақтар бойынша статистикалық, тарихи және көркемдік ақпарат көздерінен мәлімет ала алады;

3) екінші қайтара ақпарат алу:

- алынған тапсырмалардың сипатына қарай өз бетінше негіздеме тұжырымдайды, оларды реттейді және ізделінді ақпаратты ала алады;

- анықталған қарама-қайшылықты көрсете біледі;

 

4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

- алынған ақпаратты берілген күрделі құрылым шеңберінде (екі немесе одан да көп белгілеріне қарай) жүйелейді;

5) ақпараттарды өңдеу:

- алынған ақпаратты шешілетін міндеттің мәнмәтінінде баяндай алады;

- ақпараттың нақтылығын ұсынылған тәсіл бойынша тексереді;

- алынған ақпарат негізінде өз бетінше қорытынды жасайды немесе қорытындымен келіседі және оны дәлелдеу үшін бірнеше дәйектер немесе оны растайтын мәліметтерді келтіреді.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:

1) ақпараттық ізденісті жоспарлау:

- қызметке қойылған міндетке сәйкес ақпараттық ізденісті жоспарлайды - ақпараттық ізденісті аяқтау туралы өз бетінше және дәйекті шешім қабылдайды;

2) алғашқы ақпаратты алу:

- ақпаратты іздеу міндетіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына өз бетінше мониторинг жүргізудің мақсатын және жүргізу жолын айқындауды жоспарлай отырып, оны жүзеге асырады;

- статистикалық, тарихи көздерден, көркемдік мәтіні бар көздерден ақпараттарды алуды өз бетінше жоспарлайды және жүзеге асырады;

3) екінші қайтара ақпаратты алу:

- орындалатын жұмыстың мақсатын өзіндік түсіну деңгейінде өз бетінше анықтаған негіздер бойынша ақпаратты ала алады;

4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

- бөліп алған ақпараттарды өзі таңдаған күрделі құрылымға сәйкес жүйелейді;

5) ақпараттарды өңдеу:

- тексеруге қажетті ақпаратты өз бетінше көрсетеді және ақпараттың нақтылығын тексеру тәсілдерін қолданады;

- түрлі көзқарастарды сыни талдау немесе алғашқы ақпарат пен соңғы ақпаратты салыстыру негізінде қорытынды жасайды, өзінің алған дәйектерін немесе өз бетінше алған ақпараттарды негіздейді аспектісіндегі жалпы орта білім беру деңгейінің құзыреттілігі.

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің мынадай аспектілері бойынша білім алушының жетістіктері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

1) жазбаша қатынас:

- қарапайым құрылымдағы жазбаша қатынастың стандарт үлгілері бойынша ойын рәсімдейді;

- мәтінді ресімдеу және берілген үлгідегі көмекші сызбалар нормаларын сақтай отырып сұрақтарды баяндай алады;

2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:

- сөз сөйлеу жоспарын жасайды;

- көпшілік алдында сөз сөйлеу нормасын және регламентті сақтайды;

- өзінің баяндамасының мазмұнды топтамаларын бөліп алу үшін кідіріс жасай алады;

3)сұхбат:

- монологта, сұхбатта, пікірталаста (топ) шын мәнісіндегі, бағаланатын ақпараттың негізгі мазмұнын қабылдай алады;

4) нәтижелі топтық қатынас:

- білім алушылар топтық талқылаудың берілген тәртібіне өз беттерінше ілесе алады;

- білім алушылар топтық жұмысқа арналған тапсырмаға сәйкес жауап бере (амалдар орындай) алады;

- білім алушылар өздерінің ойларын, пікірлерін ұсынады, түсіндіре алады немесе топтың басқа мүшелерінің ойларына, пікірлеріне деген көзқарасын дәйектей алады.

ә)Негізгі орта білім беру деңгейінде:

1) жазбаша қатынас:

- күрделі құрылымдағы жазбаша қатынастың стандарт үлгілері бойынша ойын ресімдейді;

- күрделі құрылымдағы тақырыпты баяндай алады және көмекші құралдарды сауатты қолдана біледі;

- құжаттардың (белгілі үлгілер ішінен алынған) жанрын және құрылымын қатынас жасау мақсатына сәйкес анықтайды;

2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:

- өзінің баяндамасының мазмұнды топтамаларын бөліп алу үшін ауызша айту тәсілдерін (логикалық байланыс құралдарын) қолданады;

- ауызша айтудан басқа тәсілдерді және көрнекі құралдарды қолданады;

3)сұхбат:

- монологта, сұхбатта, пікірталаста шын мәнісінде бағаланатын ақпараттың талап етілетін мазмұнын қабылдай алады;

4) нәтижелі топтық қатынас:

- топ алдына қойылған міндетке сәйкес талқыланатын ережелер мен сұрақтар жөнінде білім алушы өз беттерінше келісімге келеді;

- білім алушылар топтық жұмыс тапсырмаларын орындау шеңберінде өздерінің міндеттерін бөліседі және қабылдайды;

- білім алушылар бір-бірінің пікірлерін нақтылау және түсіну үшін сұрақтар қояды, өз пікірлерін топтың басқа мүшелерінің пікірлерімен салыстырады, бір-бірінің ой-пікірлерін дамытады, нақтылайды.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:

1) жазбаша қатынас:

- ақпаратты өңдеу нәтижелерін жазбаша түрде (регламентпен шектелмеген) ұсынады;

- талқылауға ұсынылған айқындама көзқарастарды қолдайтын және/немесе оларға қарсы дәйектемесі бар мазмұндағы жазбаша құжатты дайындай алады;

- өз іс-әрекетінің мақсатына сәйкес жазбаша қатынас жасаудың мақсаты мен адресатын анықтайды;

2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:

- қатынас жасау міндетіне барабар көрнекі материалдарды өз бетімен дайындайды және оларды сауатты пайдаланады;

- өз сөзінде қисындық және шешендік тәсілдерді, аудиториямен кері байланыс тәсілдерін қолданады;

3)сұхбат:

- мәлімет беру тақырыбын, айтылған ұсыныстарды, дәлелдерді, дәйектерді, қорытындыларды анықтай отырып, монологта, сұхбатта, пікірталаста шын мәнісінде бағаланатын ақпараттың мазмұнын толық қабылдай алады;

4) нәтижелі топтық қатынас:

- білім алушылар пікірталас шиеленіскен жағдайда одан шығу тәсілдерін пайдаланады немесе топтың нәтижеге қол жеткізе алмау себептерін түйіндейді;

- білім алушылар көзқарастардың бір-бірімен сәйкес келетін және сәйкес келмейтін жақтарын, неге сәйкес келмеуінің мәнін анықтай отырып, ұсыныстарға топтық жұмыс мақсатына сәйкес салыстырмалы баға береді.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 1174 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нормативтік сілтемелер | Терминдер, анықтамалар және қысқартулар | Негізгі ережелер | Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер | Нер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері | Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері | Орта білім берудің базалық мазмұны | Жаратылыстану» білім беру саласының базалық мазмұны | Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тұлғаны әлеуметтендіру| Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)